Альпен Фарма груптың 16-ншы халықаралық воркшопы

12.09.2016

«2016 жылдың 3-і мен 9-ншы қыркүйегі аралығында Түркияда Альпен Фарма груптың кезекті 16-ншы халықаралық воркшопы өтті. Тренингке 20 елден келген компанияның 300-ден астам қызметкері қатысты: Әзербайжаннан, Армениядан, Белорусьтен, Болгариядан, Вьетнамнан, Германиядан, Грузиядан, Қазақстаннан, Қырғызстаннан, Молдовадан, Моңғолиядан, Польшадан, Ресейден, Сербиядан, Өзбекстаннан, Украинадан, Хорватиядан, Черногориядан, Чехия мен Швейцариядан. Дәстүрлі түрде бұл тренингте қатысушылар көптеген жаңа жаңалықтар мен әсерлер алумен қатар, Alpen Pharma «RIXFACTOR» талант-шоуында өздерінің шығармашылық әлеуетін де көрсете алды. Бұл жылы талант-шоу екі бағыттан тұрды: Alpen Dance және Alpen Cinema. Байқау көрсеткендей, біздің компанияда өте көп талантты режиссерлар, сценаристер, бейнеоператорлар, актерлар, бишілер мен басқа да көптеген шығармашылық тұлғалар бар екен. Бұл шабыттандырады, қанаттандырады, күш береді және қуаныш сыйлайды! Бизнесте, жеке басыңыздың өсуінде және шығармашылықта жаңа жеңістер тілейміз! Келесі жылы кездескенше!».