Назар аударыңыз!
Сайттың бұл бөлімінде жарнама жасау заңнамасында қарастырылмаған дәрі-дәрмектер туралы ақпарат сақталған. Бұл бөлімдегі ақпараттар танысу үшін берілген, тек ғылыми-ақпараттық сипатта ғана жазылған және көптеген адамдар үшін жарнамалық сипаттағы ақпарат ретінде қабылданбауы тиіс. Қүшіне енген Заңына сәйкес, бұл ақпараттарды алуға медицина және фармацевтика саласының қызметкерлеріне ғана рұқсат етіледі. Сіз медицина немесе фармацевтика саласының қызметкері екендігіңізді растауыңызды өтінеміз.

Биолектра апельсин және лимон дәмі бар

Денсаулыққа магнийдың маңыздылығы туралы ертеден белгілі. Магний – ағзаның бұлшық ет, сүйек, нерв, жүрек – тамыр және эндокринді жүйелерінің үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ауырбас үдерісінің өте маңызды және таптырмайтын элементі. Әйелдерде магний дұрыс етеккір циклін, сондай-ақ жүкті болу және бала көтеру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Магний стенокардиямен (ЖИА), жоғары артериалық қысыммен, қант диабетімен, спастикалық аурулармен ауыратын жандарға өте қажет.

Магнийдің күнделікті қажеттілігі – 300-400 мг. Теориялық тұрғыдан магний тапшылығының орнын толтыруға болады, мәселен, магнийге толы өнімдерді тағамда пайдалану, алайда тәжірибе жүзінде азық-түлікті өңдеудің заманауи технологиясының, сонымен қатар көпшіліктеріміздің ас ішу мөлшері мен тәртібінің кесірінен бұл мүмкін емес болып отыр.Сонда не істеу керек? Оның шешімі бар!

Биолектра* – әр адамның денсаулығы мен сұлулығы үшін, қалыпты жүктілік, баланың дұрыс туылуы және дені сау баланың жетілуі үшін заманауи жоғары мөлшерлі магний болып табылады.

Биолектраның бірегейлігі неде? Биолектра Mg2++ тәуліктік мөлшерін қамтиды; ең кішкентай молекуласы арқасында жеңіл де тез сіңеді; қолдануда ыңғайлы – күніне тек қана 1 рет және суды ішпей қолдануға болады; жүкті әйелдер, емізетін аналар, қант диабетімен ауратын адамдар үшін қаупі жоқ; әр адамның қалауына қарай олар әртүрлі күйде шығарылады, соның ішінде инновациялық формада – сашедегі микрогранулалар (1 сашеде 300 мг магний бар – бұл тәуліктік қажеттілік); қысқа қабылдау курсы – 2 апта; лимон және апельсин таңдау мүмкіндігімен жағымды дәм; дәрі түрлерін шығару бойынша европалық лидері болып табылатын – «Hermes Arzneimittel» неміс өндірушісінің сапасы.

Биолектра ашушаңдық, ұйқының бұзылуы, бас ауруы, стресс, климакс, етеккір алдыңдағы синдром, етеккірдің ауырып келетін күндері, іштің түйілуі, іштің қатуы, аяқтың сіңірлерінің түйілуі, сондай-ақ магний тапшылығының себебінен болатын басқа да жағдайларда қолданылады. Биолектраны қарқынды физикалық ауырлық, спортпен айналысу, ішімдікке салыну, диеталарды ұстау, дұрыс тамақтанбау, кейбір дәрілік препараттарды ішу, мысалы несеп айдағыш дәрілері, контрацептивтерді пайдалану кезінде қолдану ұсынылады.

Оған қоса, Биолектраны қолданудың ыңғайлылығы оның дәрілік формалары мен мөлшерлерін таңдау мүмкіндігінде: Биолектра магнезиум форте 243 мг (10 жастан жоғары балаларға және ересектерге алдын алу және емдеу үшін), Биолектра магнезиум Директ 300 мг (13 жастан жоғары балаларға және ересектерге белсенді өмір сүру кезінде ағзада магнийдің жеткілікті деңгейін ұстап тұру үшін), Биолектра магнезиум фортиссимум 365 мг (15 жастан жоғары балаларға және ересектерге емдеу үшін).

Биолектра туралы толығырақ мағлұматты http://www.biolectra-magnesium.de сайтынан ала аласыз.

БИОЛЕКТРА әр адамның денсаулығы мен сұлулығы үшін, қалыпты жүктілік, баланың дұрыс туылуы және дені сау баланың жетілуі үшін заманауи жоғары мөлшерлі магний болып табылады. БИОЛЕКТРА өмір сүрі қуаты!

Биолектра магнезиум директ 300 мг, № 20, № 40, № 60 пакеттегі ерігіш микрогранулалар: өндіруші Hermes Arzneimittel GmbH (Германия). 01.03.2013 жылғы № KZ.16.01.78.003.E.000360.03.13 Мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі.
Биолектра магнезиум Форте 243 мг, № 10 тубадағы көпіршікті ерігіш дәрілер: өндіруші Hermes Arzneimittel GmbH (Германия). 12.10.2013 жылғы № РК-ЛС-5№020180 Тіркеу куәлігі.
Биолектра магнезиум Фортиссимум 365 мг, № 10 тубадағы көпіршікті ерігіш дәрілер: өндіруші Hermes Arzneimittel GmbH (Германия). 12.10.2013 жылғы № РК-ЛС-5№020181 Тіркеу куәлігі.

Қолданар алдында нұсқаулықпен танысып, дәрігермен кеңескен жөн. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Өзін-өзі емдеу Сіздің денсаулығыңыз үшін зиян болуы мүмкін.

Hermes     

Тәулігіне бір рет қабылдағанда-ақ магний тапшылығын жояды! 

Шығарылу түрі 
Қалташадағы лимон /апельсин дәмі бар ұсақ түйіршіктер түрінде, №20,40,60

Құрамы
мг / 1 қалташа: магний оксиді 535 мг (300 мг Mg2+ сәйкес),

Қосымша заттар: натрий цитраты 256 мг, сорбит 142,5 мг, лимон қышқылы 20 мг, натрий карбоксиметилцеллюлозасы 20 мг, лимон хош иістендіргіші 17,0 мг, аспартам 4,5 мг, магний стеараты 4,0 мг, натрий цикламаты 1,0 мг.

Энергетикалық құндылығы 1,2 ккл

Сипаттамасы
Биологиялық белсенді қоспа ББҚ
Дәрілік зат болып табылмайды

Қолданылуы

  • Күнделікті магниймен организмді қамтамасыз ету, зат алмасуды қалпына келтіру, жүрек-қан тамырлары және жүйке жүйесі функцияларына қолдау көрсету, бұлшық ет тартылуларының алдын алу үшін қолданылады

Қарсы көрсетылымдері

  • препараттың кез-келген құрамдас бөлігіне сезімталдық
  • кіші жамбас қуысы органдары мен тік ішекке ота жасатқаннан кейінгі алғашқы кезең
  • геморрагиялық диатез
  • жүктілік

Сақтау шарттары 
Бөлме температурасында, құрғақ әрі балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау қажет.

Сақтау мерзімі 3 жыл

Дәріханадан босатылуы дәрігердің тағайындауынсыз. Дәрілік зат болып табылмайды.

Ересектер мен 14 жастан асқан балаларға тәулігіне 1 қалташадан 1 рет қабылдау қажет. Қалташадағы ұнтақты тілдің үстіне сеуіп, ауыз қуысында баяу ерітіп барып, жұту керек. Қалташаны көрсетілген нұсқардың бағыты бойынша жыртып ашыңыз

ББҚ алуан түрлі және үйлестірілген тағам мен салауатты өмір салтын алмастыра алмайды. Күнделікті тағайындалған мөлшерден артық қабылдауға болмайды. 

Тағайындалған мөлшерден артық қабылдаған жағдайда іш өткізуі мүмкін.

Фенилкетонуриямен ауыратын науқастарға қабылдауға тыйым салынған. 

0

Сұрақ қою

To prevent automated spam submissions leave this field empty.