Назар аударыңыз!
Сайттың бұл бөлімінде жарнама жасау заңнамасында қарастырылмаған дәрі-дәрмектер туралы ақпарат сақталған. Бұл бөлімдегі ақпараттар танысу үшін берілген, тек ғылыми-ақпараттық сипатта ғана жазылған және көптеген адамдар үшін жарнамалық сипаттағы ақпарат ретінде қабылданбауы тиіс. Қүшіне енген Заңына сәйкес, бұл ақпараттарды алуға медицина және фармацевтика саласының қызметкерлеріне ғана рұқсат етіледі. Сіз медицина немесе фармацевтика саласының қызметкері екендігіңізді растауыңызды өтінеміз.

Биолектра Магнезиум Форте 243 mg

Денсаулыққа магнийдың маңыздылығы туралы ертеден белгілі. Магний – ағзаның бұлшық ет, сүйек, нерв, жүрек – тамыр және эндокринді жүйелерінің үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ауырбас үдерісінің өте маңызды және таптырмайтын элементі. Әйелдерде магний дұрыс етеккір циклін, сондай-ақ жүкті болу және бала көтеру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Магний стенокардиямен (ЖИА), жоғары артериалық қысыммен, қант диабетімен, спастикалық аурулармен ауыратын жандарға өте қажет.

Магнийдің күнделікті қажеттілігі – 300-400 мг. Теориялық тұрғыдан магний тапшылығының орнын толтыруға болады, мәселен, магнийге толы өнімдерді тағамда пайдалану, алайда тәжірибе жүзінде азық-түлікті өңдеудің заманауи технологиясының, сонымен қатар көпшіліктеріміздің ас ішу мөлшері мен тәртібінің кесірінен бұл мүмкін емес болып отыр.Сонда не істеу керек? Оның шешімі бар!

Биолектра* – әр адамның денсаулығы мен сұлулығы үшін, қалыпты жүктілік, баланың дұрыс туылуы және дені сау баланың жетілуі үшін заманауи жоғары мөлшерлі магний болып табылады.

Биолектраның бірегейлігі неде? Биолектра Mg2++ тәуліктік мөлшерін қамтиды; ең кішкентай молекуласы арқасында жеңіл де тез сіңеді; қолдануда ыңғайлы – күніне тек қана 1 рет және суды ішпей қолдануға болады; жүкті әйелдер, емізетін аналар, қант диабетімен ауратын адамдар үшін қаупі жоқ; әр адамның қалауына қарай олар әртүрлі күйде шығарылады, соның ішінде инновациялық формада – сашедегі микрогранулалар (1 сашеде 300 мг магний бар – бұл тәуліктік қажеттілік); қысқа қабылдау курсы – 2 апта; лимон және апельсин таңдау мүмкіндігімен жағымды дәм; дәрі түрлерін шығару бойынша европалық лидері болып табылатын – «Hermes Arzneimittel» неміс өндірушісінің сапасы.

Биолектра ашушаңдық, ұйқының бұзылуы, бас ауруы, стресс, климакс, етеккір алдыңдағы синдром, етеккірдің ауырып келетін күндері, іштің түйілуі, іштің қатуы, аяқтың сіңірлерінің түйілуі, сондай-ақ магний тапшылығының себебінен болатын басқа да жағдайларда қолданылады. Биолектраны қарқынды физикалық ауырлық, спортпен айналысу, ішімдікке салыну, диеталарды ұстау, дұрыс тамақтанбау, кейбір дәрілік препараттарды ішу, мысалы несеп айдағыш дәрілері, контрацептивтерді пайдалану кезінде қолдану ұсынылады.

Оған қоса, Биолектраны қолданудың ыңғайлылығы оның дәрілік формалары мен мөлшерлерін таңдау мүмкіндігінде: Биолектра магнезиум форте 243 мг (10 жастан жоғары балаларға және ересектерге алдын алу және емдеу үшін), Биолектра магнезиум Директ 300 мг (13 жастан жоғары балаларға және ересектерге белсенді өмір сүру кезінде ағзада магнийдің жеткілікті деңгейін ұстап тұру үшін), Биолектра магнезиум фортиссимум 365 мг (15 жастан жоғары балаларға және ересектерге емдеу үшін).

Биолектра туралы толығырақ мағлұматты http://www.biolectra-magnesium.de сайтынан ала аласыз.

БИОЛЕКТРА  әр адамның денсаулығы мен сұлулығы үшін, қалыпты жүктілік, баланың дұрыс туылуы және дені сау баланың жетілуі үшін заманауи жоғары мөлшерлі магний болып табылады. БИОЛЕКТРА  өмір сүрі қуаты!

Биолектра магнезиум директ 300 мг, № 20, № 40, № 60 пакеттегі ерігіш микрогранулалар: өндіруші Hermes Arzneimittel GmbH (Германия). 01.03.2013 жылғы № KZ.16.01.78.003.E.000360.03.13 Мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі.
Биолектра магнезиум Форте 243 мг, № 10 тубадағы көпіршікті ерігіш дәрілер: өндіруші Hermes Arzneimittel GmbH (Германия). 12.10.2013 жылғы № РК-ЛС-5№020180 Тіркеу куәлігі.
Биолектра магнезиум Фортиссимум 365 мг, № 10 тубадағы көпіршікті ерігіш дәрілер: өндіруші Hermes Arzneimittel GmbH (Германия). 12.10.2013 жылғы № РК-ЛС-5№020181 Тіркеу куәлігі.

Қолданар алдында нұсқаулықпен танысып, дәрігермен кеңескен жөн. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Өзін-өзі емдеу Сіздің денсаулығыңыз үшін зиян болуы мүмкін.

Hermes      А12СС30

Тәулігіне бір рет қабылдағанда-ақ магний тапшылығын жояды! 

Шығарылу түрі 
4 таблеткадан, алюминий қаптамадан жасалған жиекті ұяшықты қорапта (Сирлин вакуумды қаптамасы). Мемлекеттік және орыс тіліндегі қабылдау нұсқаулығымен бірге 5 орамасы қағаз қорапқа салынады.

Немесе полиэтиленді тығынмен жабылған полипропиленді құтыда 10 таблеткадан. Әрбір құты мемлекеттік және орыс тіліндегі медициналық қабылдау туралы нұсқаулықпен бірге қағаз қорапқа салынады

Құрамы
Бір таблетка құрамында

белсенді заттар: магний оксиді, жеңіл 403,0-435,2 мг, 243 мг Mg2+ пара-пар / таблетка ± 5 %, (230,85 – 255,15 мг Mg2+ / таблетка)

қосымша заттар: құрғақ лимон қышқылы, натрий гидрокарбонаты, құрғақ натрий карбонаты, калий гидрокарбонаты, алма қышқылы, маннитол, күріш крахмалы, лимон хош иістендіргіші «МН» (Е 143), натрий  цикламаты, натрий хлориді, натрий сахарині, симетикон.

Фармакотерапиялық тобы
Минералды қоспалар. Магний препараттары. Магний оксиді. Код АТХ  А12СС10

Қолданылуы

  • бұлшық ет қызметінің бұзылуына (нейробұлшық ет қызметінің бұзылуы, аяқ балтырындағы бұлшық еттің тартылуы) себепші болып табылатын магний жетіспеушілігі

Қарсы көрсетылымдері

  • препараттың белсенді заттары мен қосымша құрамдас бөліктеріне жоғары сезімталдықта
  • бүйрек қызметі бұзылғанда
  • брадикардияға соқтыруы мүмкін жүрек ақауларында (AV–жоғары дәрежелі оқшаулау)
  • гипермагниемия, гиперкалиемия
  • миастения грависі
  • эксикоз (құрғату)
  • метаболикалық алкалоз
  • зәр шығару жолдарының созылмалы инфекцияларында (струвитті тастардың пайда болу қаупі)
  • кальций-магний-фосфат-аммонийлі диатез
  • 10 жасқа толмаған балалар

Артық дозалануы
Магний тұзын қабылдау кезінде оның тым артық мөлшері тек бүйрек қызметі бұзылған адамдарда ғана кездесуі мүмкін. Мұндай адамдарға магний тұзын қабылдауға болмайды.

Белгілері : магнийдің жоғары мөлшердегі шоғыры қаңқа бұлшық еттерінің әлсіреуіне әкеліп соқтырады (қан плазмасындағы магний шоғыры 5,5 ммоль/литрден жоғары). Магний иондарының бұдан да жоғары мөлшердегі шоғыры (10-20 ммоль/литр) жүректің өткізгіштік кезеңін ұзартады, бұдан жоғары мөлшердегі шоғыры жүрек бұлшық етінің босаңсуы салдарынан жүректің тоқтауына әкеліп соқтырады.

Емдеу жолдары: дәрігердің тағайындауы бойынша кальцийді көктамыр ішіне енгізу керек, бұл иондардың арасында антагонизм болғандықтан, жоғарыда айтылған ауру белгілерін басады.

Жанама әсерлері

  • өте жоғары мөлшерде қабылдаған жағдайда іштің өтуі мүмкін, бірақ бұл қауіпті емес және мөлшерлемені азайтқаннан кейін қалпына келеді.
  • Биолектра магнезиум форте препаратын ұзақ уақыт жоғары мөлшерде қабылдағанда шаршағандық белгісі күшеюі мүмкін. Мұндай жағдайда дәрігер клиникалық және химиялық талдаулардың көмегімен магнийді қабылдауды жалғастыру қажеттілігі немесе қажетсіздігі туралы шешім шығарады.
  • препараттың әсер етуші заттарына немесе көмекші құрамдас бөліктеріне аллергиялық реакция 

Басқа дәрілермен әрекеттесуі
Темір фториді, натрий фториді немесе тетрациклинді бір мезгілде қабылдағанда темірдің, натрий фторидінің, тетрациклин мен магнийдің сіңірілуі бұзылуы мүмкін. Осыған орай Биолектра магнезиум форте мен темір, натрий фториді немесе тетрациклин препараттарын қабылдау аралығында 3-4 сағаттық интервал сақталуы қажет. Құрамында алюминий бар (мысалы антацидті дәрі-дәрмектер) препараттармен бір мезгілде қабылдағанда алюминийдің сіңірілуі жоғары болуы мүмкін.

Сақтау шарттары 25°С-тан аспайтын температурада, құрғақ жерде сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау қажет.

Сақтау мерзімі 3 жыл. Сақталу мерзімі аяқталғаннан кейін қабылдауға болмайды.

Дәріханадан босатылуы дәрігердің тағайындауынсыз. 

Фармакокинетикасы
Ішу арқылы қабылданған магнийдің сіңірілуі организмдегі магнийдің негізгі мөлшеріне тәуелді. Организмде магний жетіспеген жағдайда көбірек, ал жетіспеушілік болмаған жағдайда азырақ сіңіріледі. Сіңірілу шарттары, физиологиялық белсенді заттарға тән гемостатикалық реттелетін сіңірілу кинетикасына сәйкес келеді. Магнийдің деңгейі үйлестірілген және бүйрек функциясы бұзылмаған жағдайда магнийдің көп мөлшерде қабылданғанына қарамастан, оның шектен тыс мөлшерде жинақталуы орын алмайды. Ішекте сіңірілгеннен кейін магний көбінесе бүйрек арқылы сыртқа шығарылады. Сіңірілмеген магний организмнен нәжіс арқылы сыртқа шығарылады.

Фармакодинамикасы
Магний зат алмасудың көптеген реакциясына қатысатын, организм үшін маңызды элемент болып табылады. Энергияның көптеген үнемделу және жұмсалу функциясы (мысалы, қышқылды фосфорлану немесе ионды сорғы, бұлшық еттердің жиырылуы) магнийге тәуелді және органимзнің магниймен қамтамасыз етілуі бұзылған жағдайда бұл функциялар да толық дәрежеде орындалмай қалуы немесе толығымен бұзылуы мүмкін. Магнийдің жетіспеушілігі артериалды гипертензияның, буындардың тартылуы және тас жиналу ауруларының дамуындағы патогенетикалық механизмдердің бірі болып табылады. Күйзелісті жағдайларда бос иондалған магний жоғары мөлшерде шығарылады, осыған орай магнийдің қосымша шоғыры күйзеліске қарсы тұру қабілетілігін көтеруге мүмкіндік береді. Магний кальций ионының антогонисті ретінде жүйке-бұлшық еттердің қозу үдерісі кезінде жетекші рөл атқарады. Дені сау адам үшін тағам арқылы қабылдануы керек магнийдің бір күндік мөлшері: ересек ер адам үшін 350 мг; әйел адам үшін 300 мг, 15–19 жастағы жасөспірімдер үшін 350-400 мг, жүкті әйелдер үшін 310 мг, бала емізетін әйелдер үшін 390 мг. Ересек адамның организміндегі магнийдің жалпы мөлшері шамамен 20-30 г-ды құрайды. Бұл магнийдің шамамен 50%-ы сүйекте, 45%-ы жасушаларда болады және оның жалпы мөлшерінің 5%-ын ғана қан плазмасынан табуға болады. Магнийдің жасушаішілік шоғырлануы 10-нан 60 ммоль/литр мөлшерінде ауытқып отырады, қан плазмасындағы магний шоғырының қалыпты мәні 0,7-ден 1,1 ммоль/литр арасында болады. Қан плазмасындағы магнийдің шамамен 2/3 ионы еріген күйде кездеседі және 1/3-і протеиндермен байланысады.  

Биолектра магнезиум фортені қабылдау мөлшері магний тапшылығы дәрежесіне байланысты тағайындалады. Биолектра магнезиум форте мөлшерлемесі бойынша мынадай кеңестер беріледі:

  • 10 жастан асқан балалар мен ересектерге 1 көпіршитін таблеткадан тәулігіне 1 рет

Ауыр жағдайдағы магний жетіспеушілігі туындаған кезде ең жоғары мөлшерлеме – электролитті алмасуды тексере отырып, дәрігердің бақылауымен 2 көпіршитін таблеткаға дейін тағайындалуы мүмкін. 1 көпіршитін таблетканы 1 стакан суда ерітіп, алынған ерітіндіні ішу керек. Қабылдау ұзақтығы магний тапшылығы негізінде пайда болған ауру себебіне байланысты болады. Магнийді жоғары мөлшерлемеде ұзақ уақыт қабылдау кезінде дәрігердің бақылауында болу қажет.  

1 көпіршитін таблетканың құрамында 7,35 ммоль (169 мг) натрий бар. Мұны төмен мөлшерлі натрий диетасын сақтап жүрген емделушілер есепке алуы тиіс.
1 көпіршитін таблетканың құрамында 3,48 ммоль (136 мг) калий бар. Мұны бүйрек қызметі бұзылған және төмен мөлшерлі калий диетасын сақтап жүрген емделушілер есепке алуы тиіс.

Жүктілік және лактация кезінде
Жүктілік және лактация кезінде құрамында магний бар препараттарды қабылдаудың қарсы көрсетілімдері жоқ.

Дәрілік препараттың көлік немесе басқа қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Биолектра магнезиум форте көлік немесе басқа да механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Басқа дәрілермен сәйкес келмеушілігі
Анықталмаған.

0

Сұрақ қою

To prevent automated spam submissions leave this field empty.