Назар аударыңыз!
Сайттың бұл бөлімінде жарнама жасау заңнамасында қарастырылмаған дәрі-дәрмектер туралы ақпарат сақталған. Бұл бөлімдегі ақпараттар танысу үшін берілген, тек ғылыми-ақпараттық сипатта ғана жазылған және көптеген адамдар үшін жарнамалық сипаттағы ақпарат ретінде қабылданбауы тиіс. Қүшіне енген Заңына сәйкес, бұл ақпараттарды алуға медицина және фармацевтика саласының қызметкерлеріне ғана рұқсат етіледі. Сіз медицина немесе фармацевтика саласының қызметкері екендігіңізді растауыңызды өтінеміз.

Циннабсин (Cinnabsin)

Статистика бойынша тұмау (ринит) – суық тиюдің ең жиі кездесетін белгісі, ал гайморит – тұмаудың ең жиі кездесетін асқыну. Оны жоюға көмектесе алатын және асқынуға жол бермейтін Циннабсин* неміс табиғи кешенді препараты.

Міне 50 жылдан астам уақыт Циннабсин тұмау мен гайморитті емдеу үшін қолданылып келеді. Оның құрамы мұрынға ауруды жеңіп шығуға көмектеседі. Циннабсин препаратының басты ерекшелігі ­ әсер етудің көпжақтылығы, ал бұл тек қана мұрынмен дем алуды қалпына келтіріп, қан тамырларының тарылуына және мұрынның шырышты қабықшасын табиғи тазалау механизмнің бұзылуына алып келетін тамырды тарылтатын тамшылардан ажыратады. Циннабсин мұрынның шырышты қабығының және мұрын жанындағы қойнаулардың ісігін түсіріп, мұрынмен дем алуды қауіпсіз қалпына келтіре қоймай, сондай­ақ қою өңезді сұйылтады, мұрынның шырышты қыбығының және мұрын жанындағы қойнаулардың табиғи тазалау механизмін дұрыстап, шығуын жеңілдетеді. Циннабсиннің тағы бір маңызды артықшылығы – жазылуды тездететін және ауыр үдерістің созылмалыға өтуіне жол бермейтін ағзаның өзіндік қорғаныс күштерін көтеру қасиеті. Циннабсинді 2 жастан асқан балаларға және ересектерге қолдануға болады.

Тұмау мен гайморитте – Циннабсин!

Циннабсин таблеткалар: өндіруші DHU Arzneimittel GmbH & Co. KG (Германия), 24.12.2003 жылғы No РК­ЛС­5 №008082 (препарат тіркеу барысында)

*Дәрі­дәрмек жарнамасы. Қолданар алдында нұсқаулықпен танысып, дәрігермен кеңескен жөн. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Өзін­өзі емдеу Сіздің денсаулығыңыз үшін зиян болуы мүмкін.

Саудалық атауы
Циннабсин
Cinnabsin

Халықаралық патенттелмеген атауы   
Жоқ

Дәрілік түрі Таблеткалар

Құрамы
Бір таблетканың құрамында (250 мг)
белсенді заттар:
Cinnabaris trit. D3  25 мг                                         
chinacea trit. D1  25 мг
                                         
Hydrastis trit. D3   25 мг
                                         
Kalium bichromicum trit. D3   25 мг, 

қосымша заттар: лактоза моногидраты, бидай крахмалы, магний стеараты.

Сипаттамасы
Ақшылдау, жүзі бар жалпақ цилиндрлі таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы
Тыныс алу органдарын емдеуге арналған басқа препараттар. 
АТЖ коды R07    

Фармакологиялық қасиеттері
Циннабсин жіті және созылмалы риносинуситтың әр түрлі симптомдарын емдеуде өзін жақсы көрсеткен кешенді гомеопатиялық препарат болып табылады. Cinnabaris мұрын маңы қуыстары қабынуына (бас ауыруы, прострация жағдайы және жас ағу) және бет невралгиясына тән симптомдарды азайтады. Hydrastis және Kalium bichromicum синуситтің созылып кеткен түрлері кезінде тез жазылуға себін тигізеді. Барлық үш ингредиенті сілемейлі қабаттар ісігін кетіруге және мұрынмен тыныс алуды қалпына ккелтіруге себін тигізеді. Echinacea жұқпаларға қарсы иммундық жауапты стимулдайды. 

Қолданылуы

  • жіті және созылмалы синусит   

Жағымсыз әсерлері
Жекелеген жағдайларда:

  • аллергиялық реакциялар    
  • асқазан-ішек бұзылулары. Мұндай жағымсыз құбылыстар орын алған жағдайда препаратты қабылдауды тоқтатып, дәрігерден кеңес алған жөн.   
  • сілекейдің аса бөлінуі. Мұндай жағдайларда Циннабсин дозасын төмендеткен немесе препаратты қабылдауды тоқтатқан жөн.   

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • хромға, Echinacea, басқа да күрделі гүлділерге  немесе өзге де ингредиенттердің біріне белгілі жоғары сезімталдық 
  • асқынып жатқан жүйелік аурулар (туберкулез, лейкемия, лейкоздар, коллагеноздар, аутоиммундық аурулар, бытыраңқы склероз, СПИД, ВИЧ-инфекция және басқалар). 

Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Егер Сіз басқа дәрілік заттар қабылдап жатқан болсаңыз немесе жуықта қабылдаған болсаңыз, бұл туралы дәрігеріңізге немесе фармацевтіңізге хабарлаңыз.  Бұл сондай-ақ  рецептсіз сатып алуға болатын медикаменттерге де қатысты.        

Артық дозалануы
Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы
ПВХ-алюминий блистерлердегі 100 таблеткадан тұратын қаптамалар медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге.

Сақтау шарттары
15–25 °С температурада сақтау керек.  Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі 5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолданбау керек.  

Дәріханадан босатылу шарттары Рецептсіз

Өндіруші
Дойче Хомеопати-Унион, ДХУ-Арцнаймиттель ГмбХ & Ко. КГ
Германия, 76227 Карлсруэ, Оттоштрассе 24.
Тел. +49 / 721 / 4093 236

Өзге нұсқаулар болмаған жағдайда Циннабсин мынадай тәсілмен қолданылады:

Ауру жіті өткен жағдайда: 12 жасқа дейінгі балаларға жағдай жақсарғанға дейін әрбір екі сағат сайын 1 таблеткадан тағайындалады (бірақ күніне 8 таблеткадан астам емес­­); бұдан кейін олар ауру симптомдары жойылғанға дейін 1 таблеткадан күніне 3 рет қабылдайды.  Жасы 3-ке дейінгі балаларды емдеу үшін Циннабсинді қолдану дәрігердің алдын ала кеңесінен кейін ғана мүмкін. Жасы 3-ке дейінгі балаларды емдеу кезінде таблеткаларды судың аздаған мөлшерінде еріткен жөн.     

Ересектер мен жасы 12-ден асқан балаларға жағдай жақсарғанға дейін әр сағат сайын 1 таблеткадан тағайындалады (бірақ күніне 12 таблеткадан астам емес); бұдан кейін олар ауру симптомдары жойылғанға дейін 1-2 таблеткадан күніне 3 рет қабылдайды.    

Жіті жағдайлар кезінде емді 10 күн бойы жалғастырған жөн.    

Жіті жағдай сақталған немесе препаратты қолданудың алғашқы 3 күнінің ішінде жағдай нашарлаған кезде препаратты қабылдауды тоқтатып, бұдан арғы емдеу туралы дәрігерден кеңес алған жөн. 

Созылмалы  синусит кезінде: ересектер мен балалар  1 таблеткадан күніне 3 рет қабылдайды, емді 8 апта бойы жалғастырған жөн.

Циннабсинді дәрігер кеңесінсіз 8 аптадан артық қабылдамаған жөн, 

Таблеткаларды ауызда баяу еріте отырып, тамақтан жарты сағат бұрын немесе тамақтанғаннан соң жарты сағаттан кейін қабылдау керек.   

Циннабсин глютендік энтеропатияға шалдыққан науқастарды емдеуге жарайды. Егер крахмалға аллергия  (глютендік энтеропатиядан ерекшеленетін ауру) бар екені белгілі болса, препаратты тағайындамау керек.  

Егер дәрігеріңіз Сізге қандай да бір қанттарды көтере алмайтыныңыз туралы айтқан болса, Циннабсинді қабылдай бастаудың алдында одан кеңес алыңыз.  

Гомеопатиялық дәрілік заттарды қабылдау кезінде ауру симптомдарының өткінші күшеюі ықтимал (жағдайдың бастапқыда нашарлауы); мұндай жағдайда препаратты қабылдауды тоқтатып, дәрігерден кеңес алу керек.     

Жүктілік және лактация кезеңі
Циннабсинді жүктілік кезінде және лактация кезеңінде қабылдау дәрігердің алдын ала кеңесінен кейін ғана және күтілетін пайдалы әсер мен ықтимал тәуекел арасындағы оң арақатыста ғана мүмкін.   

 Көлік құралын немесе қауіптілігі әлеуетті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету 
Әсер етпейді.      

0

Сұрақ қою

To prevent automated spam submissions leave this field empty.