Назар аударыңыз!
Сайттың бұл бөлімінде жарнама жасау заңнамасында қарастырылмаған дәрі-дәрмектер туралы ақпарат сақталған. Бұл бөлімдегі ақпараттар танысу үшін берілген, тек ғылыми-ақпараттық сипатта ғана жазылған және көптеген адамдар үшін жарнамалық сипаттағы ақпарат ретінде қабылданбауы тиіс. Қүшіне енген Заңына сәйкес, бұл ақпараттарды алуға медицина және фармацевтика саласының қызметкерлеріне ғана рұқсат етіледі. Сіз медицина немесе фармацевтика саласының қызметкері екендігіңізді растауыңызды өтінеміз.

Дентокинд (Dentokind)

Әр ата­ана үшін сәбидің алғашқы тісінің шығуы ­ әрқашан да қуанышты жәйт. Алғашқы тістің шығу уақыты әртүрлі болуы мүмкін. Біреулерде 3 айдан бастап тіс ерте жарып шықса, енді біреулерде керісінше 1 жасқа қарай кеш шығады. Орташа тіс 4­7 айларда жарып шығады. Алғашқы тістердің ең басты белгілері сілекейдің көп бөлініп шығуы, нәрестелерде қызыл иектің ісуі және қышуы. Осы кезде сәбилер мазасыз болып, оларға көп назар аударуын талап етеді. Тістің шығу процессі жаман ұйқыны, ас ішуден бас тартуды, дене қызуының көтерілуін, іш өтуін асқындыруы мүмкін. Сәбиге алғашқы тістерін жақсы көңіл­күймен қарсы алуға қалай көмектесуге болады?

Дентокинд* – тістің шығу процессін жеңілдету үшін арнайы жасалған неміс табиғи кешенді препараты. Осы препараттың артықшылығы ол жүйелі жұмыс істеп, қызыл иектің ауруы, сілекейдің көп бөлінуі, қышуы, ісіп кету, қабыну және ауруы, құлаққа әсер етуі, іш өтуі, дененің көтеріңкі температурасы, «ішек шаншуы» сияқты тіс шығудың барлығына дерлік белгілерін жоюға көмектесе алуында. Кешенді әсер етуі Дентокиндті тек ғана жергілікті (қызыл иекке) әсер ететін және жұту кезінде сілекеймен тез шайылып кететін гельдер мен майлардан ерекше етеді. Сәбилерге Дентокинд таблеткаларын қолданар алдында бір қасық суға еріту керек.

Толығырақ білгіңіз келеді ме? Онда Сізге «Менің балам – денсаулық туралы қамқорлықпен» www.rebenok.co.ua сайты көмектеседі.

Дентокинд – омыраудағы және кіші жастағы балаларда тістің ауырып шығуын жоюға көмектеседі! Алғашқы тістер? – Дентокинд!

Дентокинд таблеткалар No 150: өндіруші DHU Arzneimittel GmbH & Co. KG (Германия), 24.07.2009 жылғы РК­ЛС­5 No 014281

*Кәсіби қызметте қолдану үшін медицина және фармация мамандарына арналған ақпарат. Қолданар алдында нұсқаулықпен танысыңыз. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Саудалық атауы
Дентокинд
Dentokind

Халықаралық патенттелмеген атауы   
Жоқ

Дәрілік түрі
Гомеопатиялық таблеткалар

Құрамы
Бір таблетканың құрамында (100 мг)
белсенді заттар:         
Belladonna D6  15,00 мг
Chamomilla D6   15,00 мг
Ferrum phosphoricum D6  15,00 мг
Hepar sulfuris D12  15,00 мг
Pulsatilla D6  15,00 мг,

қосымша заттар: микрокристалдық целлюлоза, тальк, лактоза моногидраты, магний стеараты.

Сипаттамасы
Ақ түсті, жүзі бар жалпақ цилиндр пішінді таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы
Стоматологиялық препараттар. Ауыз қуысы ауруларын жергілікті емдеуге арналған өзге препараттар.  
АТЖ коды  A01AD

Фармакологиялық қасиеттері   
Дентокинд емшек еметін және жасы кіші балалардың тісі шыққан кезде ауыру құбылыстарын емдеуде өзін жақсы көрсеткен кешенді гомеопатиялық препарат болып табылады. Препараттың белсенді ингредиенттері ауыру сезгіштік, диарея, безгек және оталгия секілді әдеттегі симптомдарға қатысты тиімді       

Қолданылуы

  • емшек еметін және жасы кіші балалардың тісі шығу кезіндегі ауыру құбылыстары, оталгияны, ауыру сезгіштікті, безгек пен диареяны қоса     

Жағымсыз әсерлері

  • препарат компоненттерінің біреуіне аллергиялық реакция

Егер Дентокинд препаратын қабылдағаннан кейін сәбиіңізде жағымсыз әсер нышандарының пайда болғанын байқасаңыз, бұл туралы дәрігеріңізге немесе фармацевтіңізге хабарлаңыз.   

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттерінің біріне жоғары сезімталдық
  • галактоза көтерілімділігінің сирек кездесетін мирастық бұзылулары 
  • лапландықтардың (саамдардың) лактаза жеткіліксіздігі немесе  глюкозо-галактоздық мальабсорбция

Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Егер сәбиңіз басқа дәрілік заттарды қабылдап жатқан болса немесе жуықта қабылдаған болса, бұл туралы дәрігеріңізге немесе фармацевтіңізге хабарлаңыз. Бұл сондай-ақ рецептсіз сатып алуға болатын медикаменттерге де қатысты болып табылады.      

Артық дозалануы
Анықталмаған
Артық дозалану жағдайында симптоматикалық ем қолданылады.  

Шығарылу түрі және қаптамасы
Шыны сауыттағы 150 дана таблетка медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.  

Сақтау шарттары
25 °С-дан аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі 5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолданбау керек.  

Дәріханадан босатылу шарттары Рецептсіз

Өндіруші
Дойче Хомеопати-Унион, ДХУ-Арцнаймиттель ГмбХ & Ко. КГ
Оттоштрассе 24, 76227 Карлсруэ, Германия
Тел. +49 / 721 / 4093 236

 

Өзге нұсқаулар болмаған жағдайда Дентокинд мынадай тәсілмен қолданылады:

0-ден 1 жасқа дейінгі балалар:

жіті симптомдар кезінде әр сағат сайын 1 таблеткадан, бірақ күніне 6 таблеткадан астам емес; симптоматика бәсеңдегеннен кейін 1 таблеткадан күніне 3 рет.

жіті симптомдар кезінде әр сағат сайын 1 таблеткадан, бірақ күніне 6 таблеткадан астам емес; симптоматика бәсеңдеген кезде 1 таблеткадан күніне 4 рет.

1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар:  

жіті симптомдар кезінде әр сағат сайын 2 таблеткадан, бірақ күніне 12 таблеткадан астам емес; симптоматика бәсеңдегеннен кейін 2 таблеткадан күніне 3 рет.

Таблеткаларды ауызда еріте отырып, тамақтан жарты сағат бұрын немесе тамақтанғаннан соң жарты сағаттан кейін қабылдаған жөн. Емшек еметін балаларды емдеген кезде таблеткаларды шамамен 20 мл (2 ас қасық) қайнатылып салқындатылған суда ерітуге болады

Препараттың құрамында лактоза бар, сондықтан оны жағымсыз әсерлер бөлімінде аталған науқастарға тағайындамау керек.  

Жағдай жақсармаған, жай-күй анықсыз немесе жаңа симптомдар пайда болған кезде дәрігерге жүгініңіз, өйткені дәрігердің көмегін талап ететін ауру орын алуы мүмкін.   

0

Сұрақ қою

To prevent automated spam submissions leave this field empty.