Назар аударыңыз!
Сайттың бұл бөлімінде жарнама жасау заңнамасында қарастырылмаған дәрі-дәрмектер туралы ақпарат сақталған. Бұл бөлімдегі ақпараттар танысу үшін берілген, тек ғылыми-ақпараттық сипатта ғана жазылған және көптеген адамдар үшін жарнамалық сипаттағы ақпарат ретінде қабылданбауы тиіс. Қүшіне енген Заңына сәйкес, бұл ақпараттарды алуға медицина және фармацевтика саласының қызметкерлеріне ғана рұқсат етіледі. Сіз медицина немесе фармацевтика саласының қызметкері екендігіңізді растауыңызды өтінеміз.

Дисменорм (Dysmenorm)

Әйелдер арасында етеккір кезінде ауыру орынды құбылыс екені туралы қате ой ертеден қалыптасқан. Негізінде, бұл дұрыс емес. Ауырғаны дұрыс емес. Егер олай болған жағдайда аурудың себептерін анықтап, оларды жою үшін дәрігерге қаралу керек. Гормонды балансты дұрыстауда және етеккір циклнің бұзылуын, ауырсыңғыштықты және етеккір алды синдромдарын (ЕАС) жоюда көмектесетін табиғи препараттар бар. Мысалы, Дисменорм табиғи гормоналды емес неміс препараты.

Дисменорм* бұзылған етеккір циклін және емшек дертін емдеу үшін арнайы жасалған. Ол етеккірлік қан ағудың ырғағын, қарқындылығын және ұзақтығын реттейді, сүт бездерінің, емшек дертінің ауруын жояды, сонымен бірге етеккір алды синдромын азайтады.

Дисменорм 4 компоненттен тұрады: Agnus castus (авраам ағашы) – етеккір циклінің екінші сатысының гормоналды жеткіліксіздігімен болған сирек, мардымсыз етеккір кезінде, бедеулік кезінде етеккір алды синдромының белгілері кезінде пайдалы болатын Дисменормның басты компоненты; Pulsatilla (прострел луговой) ЕАС симптомдарын төмендетеді: бас ауруы, қозғыштық, жылауықтық, сүт бездерінің және іштен төмен ауруды, беттің, жіліншіктің, қол саусақтарының ісігі, бет терісінде бөртпелер; Rosmarinus of icinalis (дәрілік гүлшетен) бас айналуын, бас ауруын, іштің төменгі бөлігіндегі сырқатты жояды, етеккірдің басталуына септігін тигізеді, оның түйілуді басатын және өт айдайтын әсерлері болғандықтан, заттектер алмасуын және бауыр жұмысын жақсартады; Apis mellifica (бал арасы) тұрақсыз етеккірді қалпына келтіреді, ұзақ қан ағу кезінде көмектеседі және қабыну кезінде циклдің дұрысталуына септігін тигізеді.

Дисменорм ересектер мен 12 жастан асқан қыз балаларға ұсынылады. Ол ұзақ мерзімді қабылдау кезінде жақсы жағады, етеккір циклінің бұылуы (ЕЦБ) кезінде де, етеккір алды синдромы (ЕАС) кезінде де гормоналды фонды қалпына келтіреді. Еуропаның әйелдері Дисменорм препаратын 50 астам уақыт қолданып келеді.

Дисменорм ­ әйел гармониясының гормоналды емес сақтаушысы!

Дисменорм таблеткалар: өндіруші DHU Arzneimittel GmbH & Co. KG (Германия), 07.09.2012 жылғы №РК­ЛС­5 №019221 тіркеу куәлігі

*Дәрі­дәрмек жарнамасы. Қолданар алдында нұсқаулықпен танысып, дәрігермен кеңескен жөн. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Өзін­өзі емдеу Сіздің денсаулығыңыз үшін зиян болуы мүмкін.

DHU      G02CX

Әйелдердің әдемілігін гармонсыз қорғаушы

Дәрілік түрі табл., № 80

Құрамы
Бір таблетканың құрамында (250 мг)
белсенді заттар:
Agnus castus (құрғақ қалдық 1мг) 125 мг ,                                         
Pulsatilla D3  25 мг,                                         
Rosmarinus officinalis D2  25 мг,                                         
Apis mellifica D3  25мг, 

қосымша заттар: лактоза моногидраты, магний стеараты, бидай крахмалы.

Фармакотерапиялық тобы
Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған препарат. Коды АТС G02CX.    

Қолданылуы

  • етеккір циклының бұзылуында,  етеккір алдындағы синдромда   

Қарсы көрсетылымдері

  • Дисменорм құрамындағы ара уының уытына немесе әсер етуші құрамдас бөліктің біріне, болмаса қосымша заттардың біріне жоғары сезімталдық
  • эстрогентәуелді ісіктер немесе гипофиз ісіктерінде

Жанама әсерлері

Өте сирек (<1/10 000) немесе белгісіз (алынған мәліметтер бойынша кездесу жиілігін анықтауға болмайды)

  • бас ауру, бас айналу
  • асқазан-ішек жолдары жұмысының бұзылуы, жүрек айнуы
  • ұсақ бөртпелер
  • теріде ұсақ бөртпелер, есекжем (қышымалы күлдіреулердің пайда болуы) түрінде пайда болатын жоғары сезімталдық, әлсіздік

Бет-пішіннің ісінуі, дем жетпеушілік (диспноэ) және жұтынудың қиындауымен сипатталатын ауыр дәрежелі жанама әсерлерде Дисменорм препаратын қабылдау тоқтатылады да, емделушіге тиісті емдеу шарасы тағайындалады. 

Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Допаминді рецепторлар мен эстроген рецепторларының агонистерімен және антагонистерімен әрекеттесу салдарынан әсер етуші заттардың допаминергиялық және эстрогенді белсенділігі байқалуы мүмкін.
Препарат қабылдау кезінде немесе бұрынырақ қандай да бір дәрілік препарат, сонымен қатар дәрігердің тағайындауынсыз босатылатын препараттарды қабылдағанда, емделушілерге дәрігермен кеңесуге кеңес беріледі.
Гомеопатиялық препараттардың тиімді әсеріне жағымсыз мінез-құлықтың, оның ішінде ішімдік пен шылымның, кофе мен  тәттілер сияқты қоздырғыш заттардың кері әсері болуы мүмкін.

Артық дозалануы
Дисменормның артық дозалануы туралы мәлімдемелер болмаған. Егер қабылданған доза тағайындалған дозадан анағұрлым көбірек болса, онда дәрігерге көрініңіз

Сақтау шарттары
15–25 °С температурада сақтау керек.  Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі 5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолданбау керек.  

Дәріханадан босатылу шарттары Рецептсіз

Тіркелуі
Германияда 1960 жылдан Агнус Кастус Пентаркан®
Қазақстанда 2012 жылдан Дисменорм

 

Фармакокинетикасы

Препараттың құрамында белсенді заттардың өте аз мөлшерде болуына байланысты фармакокинетикалық зерттеу жүргізу мүмкін емес.

Фармакодинамикасы

Әр адамға гомеопатикалық дәрі-дәрмектердің әсері әр түрлі. Осыған байланысты мөлшерлемеге қатысты фармакологиялық әсерін, фармакодинамикалық және фармакокинетикалық сипаттамасын анықтау мүмкін емес.

Бұл препарат етеккір циклінің бұзылуын емдеуде бірін-бірі толықтырып тұратын 4 құраушыдан  тұрады.

Agnus castus және Apis mellifica етеккір келмей қалған немесе кешіккен жағдайда, сонымен қатар қалыпты және ұзаққа созылған циклдарда мардымсыз немесе өте көп мөлшердегі қан кету кезінде қолданылады. Apis mellifica жас қыздарда кездесетін етеккір циклінің бұзылуларын емдеуде маңызды препарат болып табылады.

Pulsatilla етеккір циклының ағымы үнемі ауытқып отырғанда, шектен тыс ауру туғызатын бөліністер туындағанда, бөліністер азайған немесе мүлде тоқтаған жағдайда тиімді әсер береді.

Rosmarinus officinalis бас айналуын азайтады, бас ауруын жеңілдетеді, бастағы ауырлық сезімін және сананың тұмандануын жояды, сонымен қатар Apis mellifica етеккір ерте басталған жағдайда көмектеседі. Толықтай алғанда Дисменорм препараты етеккір циклының ағымын, мөлшерін және созылу ұзақтығын реттейді және етеккір алдындағы ауру сезімін жеңілдетеді.
Дисменорм әсіресе, етеккір тоқтаған кезде өте тиімді1,2,3.

Сонымен, Дисменорм – етеккір циклының функционалды бұзылуын, мастопатияны, етеккір алдындағы синдромды емдеу және алдын алу үшін қолданылатын табиғи кешенді гармонсыз препарат. Дисменорм қабынуға қарсы, ауруды басатын, ісікке және депрессияға қарсы, седативті, сергітетін әсер береді, жергілікті қан айналымын арттырады4. Қабылдауды бастағаннан кейін бірінші етеккір келгенде әсері байқалады4. Дисменормды циклдың басталғанына қанша күн өткеніне қарамастан емделушінің келген күнінен бастап тағайындауға кеңес беріледі4.

1 Keller K, Greiner S, Stockebrand P., 1985., In: Homöopathische Arzneimittel. Materialien zur Bewertung, Frankfurt/Main: Govi-Verlag; 1995.
2Boericke W. Agnus castus. In: Pocket Manual of Homoeopathic Materia Medica comprising the Characteristic and Guiding Symptoms of all Remedies (Clinical and Pathogenic). 9th ed., New Delhi: B.Jain Publishers; 1991.
3Murphy R. Rosmarinus. In: Homeopathic Remedy Guide. 1,200 Homeopathic and Herbal Remedies. 2nd ed., Blacksburg: HANA Press; 2000. p. 1498-9
4О.В. Грищенко, Здоровье женщины, 6 (62),2011

Әйелдер мен 12 жастан асқан қыздарға:  1 – 2 таблеткадан күніне 3 рет.
Емделушінің денсаулығы жақсарғаннан кейін дәріні қабылдау жиілігін азайту қажет.

Дәріні тамақтанардан 30 минут бұрын немесе тамақтанғаннан кейін 30 минут өткенде қабылдау керек. Дәріні ауыз қуысында асықпай еріту қажет. Қажет болған жағдайда, аздаған мөлшердегі суда ерітіп алуға болады.
Дәріні қабылдау ұзақтығын 7 күннен асыру көзделген жағдайда гомепат-дәрігермен міндетті түрде кеңесу қажет.  

Гомеопатиялық дәрі-дәрмектерді қабылдау кезінде алғашында уақытша хал-жағдайдың нашарлауы байқалуы мүмкін. Мұндай жағдайда дәріні қабылдауды тоқтатып, дәрігерге көріну қажет. Уақытында қабылданбай қалған дәрінің орнына екі еселенген дозасын қабылдауға болмайды.

Дисменормды қабылдау кезіндегі арнайы ескертулер мен сақтандыру шаралары
Төмендегідей жағдайлар орын алғанда дәрігердің кеңесіне жүгіну қажет:

  • хал-жағдайыңыздың жақсаруы немесе төмендеуі байқалмаған жағдайда
  • қосымша шағымдар пайда болған жағдайда.

Дәрілік препараттың педиатриялық тәжірибеде қолданылуы толық зерттелмеген, сондықтан 12 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.

Дисменорм препаратының құрамында лактоза бар. Галактозаға төзімсіздік, лактазаның жетіспеушілігі немесе глюкоза-галактозаның сіңірілуінің бұзылуы тәрізді сирек кездесетін тұқым қуалайтын аурулармен ауыратын емделушілерге Дисменормды қабылдауға болмайды.

Дисменормның құрамында бидай крахмалы бар. Бидай крахмалында глютен өте аз мөлшерде кездесетіндіктен глютенге сезімталдық целиакиясы бар емделушілерге препарат қауіпсіз болып саналады. Бидай крахмалына басқадай аллергиясы бар емделушілерге (целиакиядан басқа) препаратты қабылдауға болмайды. Дисменормды гомеопат-дәрігердің кеңесінсіз ұзақ уақыт қабылдауға болмайды.

Жүктілік және лактация кезінде
Жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Дисменормның құрамындағы әсер етуші заттардың сипатын есепке алсақ, лактация кезінде қабылдауға болмайды.

Дәрілік препараттың көлік немесе басқа қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері 
Дисменорм көлік немесе басқа да механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

0

Сұрақ қою

To prevent automated spam submissions leave this field empty.