Назар аударыңыз!
Сайттың бұл бөлімінде жарнама жасау заңнамасында қарастырылмаған дәрі-дәрмектер туралы ақпарат сақталған. Бұл бөлімдегі ақпараттар танысу үшін берілген, тек ғылыми-ақпараттық сипатта ғана жазылған және көптеген адамдар үшін жарнамалық сипаттағы ақпарат ретінде қабылданбауы тиіс. Қүшіне енген Заңына сәйкес, бұл ақпараттарды алуға медицина және фармацевтика саласының қызметкерлеріне ғана рұқсат етіледі. Сіз медицина немесе фармацевтика саласының қызметкері екендігіңізді растауыңызды өтінеміз.

Дистрептаза (Distreptaza)

Статистика бойынша кіші жамбас мүшелерінің қабыну аурулары (аналық бездің, жатырдың, еркектік бездің және т.б.) – балиғаттық жастағы (16 жастан бастап 49 жасқа дейін1) емделушілердің неғұрлым көп кездесетін мәселесі. Осындай аурулар өте зұлым және қауіпті болады, олар бедеулік, жатырдан тыс жүктілік, етеккір циклінің бұзылуы, жабыспа ауруы, созылмалы жамбас ауруы секілді аурулардың асқынуына алып келуі мүмкін. Егер ауру асқынған болса, оны емдеу тәсілін таңдау кәсіби, ойластырылған және кешенді болуы тиіс. Емдеу схемасына жатады: қан айналымын қалпына келтіру, қабыну ошағында бактерияға қарсы дәрілер концентратын үлкейту, қабыну процессін тоқтатуды күшейту және тездету және жабыспа процессінің3,4 пайда болуын алдын алу үшін терапияның бірінші күнінен бастап – стрептокиназды қамтитын дәрілер (мысалы, суппозитории Дистрептаза); қоздырушыны анықтау кезінде – бактерияға қарсы дәрілер. Сондай-ақ иммунтүрлендіруші дәрілер, десенсебилизациялаушы дәрілер, симптомдық терапия (түйілуді басатын дәрілер, анальгетиктер), әйел қынабының микрофлорасын қалпына келтіруге арналған дәрілер қолданылады.

Дистрептаза* – бұл құрамында фибринолитик-стрептокинза (15 000МЕ) және протеолитик-стрептодорназа (1 250 МЕ) бар ферменттік препарат. Дистрептазаның күшті қабынуға қарсы әсері бар, қабыну ошағында микро айналым арнасын жақсартады, ісікті басады, қабыну ошағында бактерияға қарсы дәрілердің концентрациясы мен иммундық жасушаларды айтарлықтай ұлғайтады, ұлпаны бұзбай, оны сау күйінде сақтай отырып, өлі жасушалардың (іріңнің) лизисін және олардың қабыну ошағынан қайта сіңіруін (шығаруын, тазартуын) тездетеді3,4,6. Ауырсыңу синдромы және дизурия құбылысы (жиі ауырып несептің шығуы, несеп шығарудың жалған сезімі) 2,5-3 есе тез тоқтатылады. Терапия схемасында Дистрептаза препаратын пайдалану кезінде УДЗ мәліметі бойынша қабыну белгілері  9 есе тез жойылады, 5  күнге дейін стационарда жату уақыты азаяды, 3 есеге дейін репарация процессі тездетіледі5,6.

Дистрептаза препаратын қолдануда маңыздылығы аурудың қайталану, бедеуліктің пайда болу немесе жабыспа ауруының даму қаупін 70%-ға азайтады4,5,6. Осылайша, қабыну терапия схемасына Дистрептаза препаратын қосу емдеу тиімділігін 96-98%-ға дейін ұлғайту мүмкіндігін береді4,5,6.

Дистрептаза гинекологиялық, урологиялық, патологиялық емде, проктологияда, дерматовенерологияда, операциядан кейінгі кезеңде хирургтың тәжірибесінде, соның ішінде балалар хирургінің тәжірибесінде сәтті қолданылады6,7,8,9. Дистрептаза қабынудың кешенді терапиясында ғана емес, сонымен қатар ер адам, әйел адам бедеулігін, аналық без жылауығын емдеуде, түсіктен немесе тоқтатылған жүктіліктен кейін, қабыну немесе жабыспа белгілерін жою үшін құрсақ қуысына және кіші жамбасқа жасалған операциядан кейін ерте сауықтыруда қолданылады6,7,8,9. Дистрептаза асептикалық қабынуды тоқтату үшін және созылмалы жамбас ауруы мен жабыспа процессін емдеу кезінде ауырсыңу синдромын азайту үшін монотерапия ретінде де қолданылады10,11. Тік ішекті қолдану түрі Дистрептаза препаратын қолданудың айрықша тездігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді3,5,6,7,9.

Дистрептаза препараты туралы толығырақ www.alpenpharma.ua сайтынан білуге болады.

Дистрептаза – қабынуға, жабыспа ауруына, бедеулікке қарсы ем

Дистрептаза суппозитории ректальные № 6: өндіруші Biomed Sirum and Vexin Production Plant Ltd (),16.08.2010 жылғы № РК-ЛС-5№016475 тіркеу куәлігі.

*Кәсіби қызметте қолдану үшін медицина және фармация мамандарына арналған ақпарат. Қолданар алдында нұсқаулықпен танысыңыз. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

1Women’s health. Fact sheet N°334. Updated September 2013, http://www.who.int/mediacentre/factsheets/fs334/en/
3Инструкция по медицинскому применению препарат Дистрептаза.
4Дистрептаза – новое решение проблемы патогенетической коррекции воспалительного ответа и нарушений кровообращения органов малого таза у женщин с обострением хронического сальпингоофорита, В.А.Потапов, Репродуктивное здоровье женщины №4 (38). 2008
5Стратегия ранней послеоперационной реабилитации репродуктивной функции у женщин с лейомиомой матки В.А. Потапов, Эллуми Мутана, Д.Ю. Степанова, П.И. Польщиков. Здоровье женщины, №10 (76), 2012
6Сучасна тактика комплексного лікування хронічних запальних захворювань органів малого тазу в стадії загострення
(методичні рекомендації). Б. М. Венцковский, А.Я. Сенчук и соавторы МЗ Украины, 2009
7Лікування чоловіків з екскреторно-токсичним безпліддям, зумовленим хламідійною інфекцією, Є.А. Литвинець. Здоровье мужчины, №1, 2012
8Местное лечение операционных ран у больных острым парапроктитом препаратом Дистрептаза, Т.И. Тамм, А.Б. Даценко, Е.Ю. Бабец, Е.Г. Даценко, Здоровье мужчины, №3, 2012
9Віддаленні результати оперативного лікування гострої спайкової кишкової непрохідності, С.М. Онищенко, Б.І. Слонецький, О.В. Іванько, Здоровье мужчины, №3, 2012
10Профилактика спайкообразования после хирургического лечения бесплодных женщин с миомой матки и эндометриозом, И.З. Гладчук, Н.Н. Рожковская, А.П. Рогачевский, К.В. Латий, А.Г. Волянская, Репродуктивное здоровье женщины, 35 (39), 2008
11ВикористанняДістрептази в комплексному лікуванні хворих з дизурією, після операцій з приводу доброякісної гіперплазії простати, О.Ю. Щербак и співавтори, Здоровье мужчины, №4, 2009

Biomed Lublin     В06АА55

Қабыну үдерісін тез жою, түйілулер мен бедеуліктің алдын алу

Шығарылу түрі 
Тік ішекке енгізуге арналған суппозиторий, № 6

Құрамы
1 суппозиторий құрамында
стрептокиназа 13 500 – 16 500 МЕ,
стрептодорназа 1250 – 20000 МЕ,

Басқа да заттар: витепсол Н15, парафин майы.

Фармакотерапиялық тобы
Гематологиялық препараттар. Ферментті препараттар. АТЖ коды  В06АА55.    

Фармакологиялық қасиеттері 
Препарат екі белсенді субстанциядан: стрептокиназа мен стрептодорназадан тұрады.  Стрептокиназа адам қанында болатын плазминоген проэнзимінің белсенділігін арттырушы болып табылады. Және де стрептокиназаның әсерімен адамның ұйыған қанын еріте алатын қасиеті бар плазминге айналады. Стрептодорназа басқа қалыпты жасушалар мен олардың физиологиялық функциясына еш әсерін тигізбей, нуклеопротеиндердің, өлі жасушалардың немесе іріңнің жабысқақ бөлігін ерітетін қасиетке ие. Препарат антибиотиктер мен химиятерапиялық дәрі-дәрмектердің қабынған жерге әсер ету мүмкіндігін жеңілдетеді.

Қолданылуы

  • созылмалы сальпингофорит
  • кіші жамбас қуысы органдарының ота жасағаннан кейінгі инфильтративті зақымдануы
  • эндометрит
  • жедел және созылмалы геморрой
  • периректальды абсцесс және қабынбалы инфильтратты ұлғайған терең жара
  • іріңді каудальды ісік

Қарсы көрсетылымдері

  • препараттың кез-келген құрамдас бөлігіне сезімталдық
  • кіші жамбас қуысы органдары мен тік ішекке ота жасатқаннан кейінгі алғашқы кезең
  • геморрагиялық диатез
  • жүктілік

Жанама әсерлері
Кейде

  • аллергиялық реакциялар
  • дене қызуының көтерілуі
  • қан кетулерге бейімділік

Әдеттен тыс қандай да бір реакциялар байқалған жағдайда, дәріні қабылдауды жалғастыру жайлы міндетті түрде дәрігермен кеңесіңіз.

Басқа дәрілермен әрекеттесуі
Антибиотиктер мен химиотерапиялық препараттардың қабынған ауру ошағына әсер етуін күшейтеді.
Антикоагулянттармен бір мезгілде қабылдауға болмайды, жергілікті қан кету қаупі туындауы мүмкін.
Егер сіз басқа дәрілік препарат қабылдап жүрген болсаңыз, міндетті түрде дәрігеріңізге ескертіңіз!

Артық дозалануы
Байқалмаған.

Сақтау шарттары 2oС-тан 8oС-қа (тоңазытқышта) дейінгі температурада сақтау қажет. Мұздатуға болмайды.
Балалардың қолы жтпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі 3 жыл
Сақтау мерзімі аяқталғаннан кейін пайдалануға болмайды 

Дәріханадан босатылу шарттары дәрігердің тағайындауынсыз.

Суппозиторийді қабынан шығарып, тік ішекке тереңірек енгізеді. Қабыну үдерісінің түрі мен қарқындылық дәрежесіне байланысты тағайындалады.

Ересек адамдарда аурудың ауыр жағдайында:
Алғашқы 3 күнде 1 суппозиторийден күніне 3 рет;
Келесі 3 күнде 1 суппозиторийден күніне 2 рет;
Одан кейінгі 3 күнде 1 суппозиторийден күніне 1 рет.

Ересек адамдарда аурудың жеңіл және орташа дәрежесінде:
Алғашқы 3 күн 1 суппозиторийден күніне 2 рет;
Келесі 4 күнде 1 суппозиторийден күніне 1 рет немесе одан кейінгі 2 күнде 1 суппозиторийден күніне 2 рет.

Орташа алғанда емделудің бір курсына 8-18 суппозиторий кетеді.
Орташа емделу ұзақтығы 7-10 күн.

Препарат жаңа түскен жарақатпен немесе тігілген жердің тігісімен жанаспауы тиіс, өйткені тігіс босап кетуі, соның салдарынан жарақаттан қан кетуі мүмкін.
Дистрептаза препаратымен емделген кезде дәрігермен алдын-ала кеңеспей басқа дәрі-дәрмек (дәрігердің тағайындауынсыз босатылатын дәрілерді де) қабылдауға болмайды. Қадағалаусыз емделу сіздің денсаулығыңызға зиянынын тигізуі мүмкін.

Педиатрияда қолданылуы
Балаларға тағайындалғаны туралы тәжірибе жоқ, себебі клиникалық зерттеу жүргізілмеген. Сондықтан 19 жасқа толмаған балалар мен жасөспірімдерге қабылдауға болмайды.

Жүктілік пен лактация кезеңі
Жүкті және бала емізетін әйелдерге қолданылғаны туралы тәжірибе жоқ, себебі клиникалық зерттеу жүргізілмеген. Сондықтан жүкті және бала емізетін әйелдерге қабылдауға болмайды.

Дәрілік препараттың көлік немесе басқа қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсері жоқ.

1

Сұрақ қою

To prevent automated spam submissions leave this field empty.