Назар аударыңыз!
Сайттың бұл бөлімінде жарнама жасау заңнамасында қарастырылмаған дәрі-дәрмектер туралы ақпарат сақталған. Бұл бөлімдегі ақпараттар танысу үшін берілген, тек ғылыми-ақпараттық сипатта ғана жазылған және көптеген адамдар үшін жарнамалық сипаттағы ақпарат ретінде қабылданбауы тиіс. Қүшіне енген Заңына сәйкес, бұл ақпараттарды алуға медицина және фармацевтика саласының қызметкерлеріне ғана рұқсат етіледі. Сіз медицина немесе фармацевтика саласының қызметкері екендігіңізді растауыңызды өтінеміз.

Дормикинд (Dormikind)

Ұйқы – денсаулыққа маңызды бөлігі, әсіресе балалар үшін. Нәрестелер ұйықтағанда өседі, демалады және әлеммен танысу үшін күү­қуат жинайды. Ұйқының ұзақтығы мен сапасы жасқа, хал­жайға және баланың эмоционалды жағдайына байланысты. Статистика бойынша, кішкентай балаларда ұйқының бұзылуы – көптеген ата­ аналардың проблемасы болып табылады. Егер нәресте ұзақ уақыт бойы ұйықтамаса, күндіз тынымсыз ұйықтаса, түнде жиі оянса, онда осындай жағдаймен Дормикинд препараты көмектесе алады.

Дормикинд* – өзінің мұқият жинақталған құрамының арқасында кішкентай балаларға дұрыс ұйымдастырылған ұйқы тәртібіне оралуға көмектесетін, артық қозғыштық пен мазасыздықты жоюға жәрдемдесетін, ұйқы құрылымын қалпына келтіретін табиғи кешенді неміс препараты. Дормикинд табиғи компоненттерден тұратыны өте маңызды, ұйықтататын немесе тыныштандыратын дәрі болып табылмайды, яғни әлсіздік пен ұйқышылдыққа алып келмейді. Дормикинд туылғаннан бастап қолдануға рұқсат етілген. 0 жастан 4 жасқа дейінгі нәрестелерге Дормикинд таблеткаларын қолданар алдында бір қасық суға еріту керек.

Толығырақ білгіңіз келеді ме? Онда Сізге «Менің балам – денсаулық туралы қамқорлықпен» www.rebenok.co.ua сайты көмектеседі.

Дормикинд – омыраудағы және кіші жастағы балаларда ұйқы бұзылысын дұрыстау үшін арнайы жасалған.

Дормикинд таблеткалар No150: өндіруші DHU Arzneimittel GmbH & Co. KG (Германия), 17.09.2009 жылғы РК­ЛС­5No014481

*Кәсіби қызметте қолдану үшін медицина және фармация мамандарына арналған ақпарат. Қолданар алдында нұсқаулықпен танысыңыз. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Саудалық атауы
Дормикинд
Dormikind

Халықаралық патенттелмеген атауы   
Жоқ

Дәрілік түрі
Гомеопатиялық таблеткалар

Құрамы
Бір таблетканың құрамында (100 мг)
белсенді заттар:         
Cypripedium pubescens D4  15,00 мг
Magnesium carbonicum D10 20,00 мг
Zincum valerianicum D12  15,00 мг,

қосымша заттар: микрокристалдық целлюлоза, тальк, лактоза моногидраты, магний стеараты.

Сипаттамасы
Ақ түсті, жүзі бар жалпақ цилиндр пішінді таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы
Басқа препараттармен үйлестірілген ұйықтататын және седативтік препараттар (барбитураттарды қоспағанда).   
АТЖ коды  N05CX

Фармакологиялық қасиеттері   
Дормикинд емшек еметін және жасы кіші балалардың мазасыздық жағдайын және ұйқысыздығын емдеуде өзін жақсы көрсеткен үйлестірілген гомеопатиялық препарат болып табылады. Препараттың белсенді ингредиенттері аса қозғыштық, түршіккіштік, беймаза сезім секілді әдеттегі симптомдарға қатысты тиімді.       

Қолданылуы

  • емшек еметін және жасы кіші балалардың мазасыздық жағдайы және ұйқысыздығы    

Жағымсыз әсерлері

  • препарат компоненттерінің біреуіне аллергиялық реакция

Егер Дормикинд препаратын қабылдағаннан кейін сәбиіңізде жағымсыз әсер нышандарының пайда болғанын байқасаңыз, бұл туралы дәрігеріңізге немесе фармацевтіңізге хабарлаңыз.   

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттерінің біріне жоғары сезімталдық
  • галактоза көтерілімділігінің сирек кездесетін мирастық бұзылулары 
  • лапландықтардың (саамдардың) лактаза жеткіліксіздігі немесе  глюкозо-галактоздық мальабсорбция

Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Егер сәбиңіз басқа дәрілік заттарды қабылдап жатқан болса немесе жуықта қабылдаған болса, бұл туралы дәрігеріңізге немесе фармацевтіңізге хабарлаңыз. Бұл сондай-ақ рецептсіз сатып алуға болатын медикаменттерге де қатысты болып табылады.      

Артық дозалануы
Анықталмаған
Артық дозалану жағдайында симптоматикалық ем қолданылады.  

Шығарылу түрі және қаптамасы
Шыны сауыттағы 150 дана таблетка медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.  

Сақтау шарттары
25 °С-дан аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі 5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолданбау керек.  

Дәріханадан босатылу шарттары Рецептсіз

Өндіруші
Дойче Хомеопати-Унион, ДХУ-Арцнаймиттель ГмбХ & Ко. КГ
Оттоштрассе 24, 76227 Карлсруэ, Германия
Тел. +49 / 721 / 4093 236

Өзге нұсқаулар болмаған жағдайда Дормикинд мынадай тәсілмен қолданылады:  

0-ден 6 жасқа дейінгі балалар: 1 таблеткадан күніне 4 рет.   

Таблеткаларды ауызда еріте отырып, тамақтан жарты сағат бұрын немесе тамақтанғаннан соң жарты сағаттан кейін қабылдаған жөн. Емшек еметін балаларды емдеген кезде таблеткаларды шамамен 20 мл (2 ас қасық) қайнатылып салқындатылған суда ерітуге болады.

Препараттың құрамында лактоза бар, сондықтан оны жағымсыз әсерлер бөлімінде аталған науқастарға тағайындамау керек.  

Жағдай жақсармаған, жай-күй анықсыз немесе жаңа симптомдар пайда болған кезде дәрігерге жүгініңіз, өйткені дәрігердің көмегін талап ететін ауру орын алуы мүмкін.   

0

Сұрақ қою

To prevent automated spam submissions leave this field empty.