Назар аударыңыз!
Сайттың бұл бөлімінде жарнама жасау заңнамасында қарастырылмаған дәрі-дәрмектер туралы ақпарат сақталған. Бұл бөлімдегі ақпараттар танысу үшін берілген, тек ғылыми-ақпараттық сипатта ғана жазылған және көптеген адамдар үшін жарнамалық сипаттағы ақпарат ретінде қабылданбауы тиіс. Қүшіне енген Заңына сәйкес, бұл ақпараттарды алуға медицина және фармацевтика саласының қызметкерлеріне ғана рұқсат етіледі. Сіз медицина немесе фармацевтика саласының қызметкері екендігіңізді растауыңызды өтінеміз.

Энтерокинд (Enterokind)

Нәрестелердің өмірлерінің алғашқы үш айында көп жылау себебі «ішек түйілуі» болып табылады. Түйілу – бұл баланың мазасыздығына алып келетін іштегі ұстамалы ауру сезімдері. Бұл кезде бала жылайды, аяқтарын бұлғаңдатып жатады, ал бұл ата­ананың уайымын тудырады. Нәрестелерде «ішек түйілудің» негізгі себебі – ішектің қимыл белсенділігінің дискоординациясымен, ферменттік жетіспеушілігімен, және соның салдарынан ішектің ісуіне алып келетін желдің пайда болуымен ашу үдерісінің белсенділігімен көрсетілетін ішек­қарын жолының жетілмегендігі. Қазіргі таңда «ішек түйілуімен» күресу үшін аскөк суын, көбікбасушылар (симетикон), газ өткізетін түтіктер (!), массаж және т.б. қолданылады. Алайда аталған әдістердің біреуі де «ішек түйілудің» себептері мен пайда болудың алғашқы механизмдеріне әсер етпейді. Мысалы, аскөк суы ішек бұлшықеттерінің түйілуін алу есебінен желқуар әсер (ішектен желді алады) береді. Симетикон негізіндегі препараттар ішек желінің көпіршіктерінің беткей кернеуін өзгертеді, олардың пайда болуын қиындатады және ішектің созылуын азайта отырып, пайда болғандарын жояды. Осылардың бәріне тамаша балама Энтерокинд препараты бола алады.

Энтерокинд* – «ішек түйілуін» жою, іштің кебуі мен метеоризмді, омыраудағы және кіші жастағы балаларда іш ауруымен ілесетін функционалды ішек бұзылыстарын емдеу үшін қолдануға ұсынылған неміс табиғи кешенді препараты.

Энтерокиндтің артықшылығы ­ әсер етудің көп жақтылығы. Энтерокинд түйілудің барлық түрлеріне дерлік (қатты жиырылу, жоғары газ түзілуі) кезінде ауырған жағдайда жеңілдете алады, өйткені ол асқорыту ферменттерінің шығуын (жасқа байланысты) ретке келтіре отырып, белгілерге де, сондай­ақ олардың пайда болу себептеріне де (жақсартады және ең бастысы толқи жиырылуды үйлестіреді) әсер етеді. Препараттың бірегейлігі осында. Сондықтан клиникалық зерттеулердің мәліметі бойынша Энтерокинд симетиконнан 2 есе тиімдірек екені таңғаларлық жайт емес1. Энтерокинд жақсы жағып, туылған кезден бастап балаларға қолдануға рұқсат етіледі. Препаратпен емдеу курсы – 3­6 күн. 

Толығырақ білгіңіз келеді ме? Онда Сізге «Менің балам – денсаулық туралы қамқорлықпен» www.rebenok.co.ua сайты көмектеседі.

Энтерокинд – «ішек түйілуі» белгілерін тез жеңілдетеді және омыраудағы және кіші жастағы балаларда іш ауруын, іш кебуін және метеоризмді жояды!

Энтерокинд тамшылар 20 мл: өндіруші DHU Arzneimittel GmbH & Co. KG (Германия), 24.07.2009 жылғы РК­ЛС­5 No 014280

*Кәсіби қызметте қолдану үшін медицина және фармация мамандарына арналған ақпарат. Қолданар алдында нұсқаулықпен танысыңыз. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

1Ильенко Л. И. и соавт. //К ВОПРОСУ О ЛЕЧЕНИИ ФУНЦИОНАЛЬНЫХ НАРУШЕНИЙ ЖЕЛУДОЧНО­КИШЕЧНОГО ТРАКТА У ДЕТЕЙ ГРУДНОГО ВОЗРАСТА И ПЕРВЫХ ЛЕТ ЖИЗНИ//Педиатрия, Том 89 (5), 2010

Саудалық атауы
Энтерокинд
Enterokind

Халықаралық патенттелмеген атауы   
Жоқ

Дәрілік түрі
Ішке қабылдауға арналған гомеопатиялық тамшылар, ерітінді  

Құрамы
100 г ерітіндінің құрамында
белсенді заттар:         
Сhamomilla D6  10,000 г
Cina D6  10,000 г                                               
Colocynthis D6  10,000 г
                                               
Lac defloratum D6   10,000 г
                                               
Magnesium chloratum D6  10,000 г,

қосымша заттар: глицерин 85%, тазартылған су, ксилит.
Спирт (этанол) концентрациясы 2,69% (компоненттің көлемдік үлесі).

Сипаттамасы
Мөлдір, түссіз, тұтқыр сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы
АІЖ ауруларын және зат алмасу бұзылуларын емдеуге арналған әр түрлі өзге препараттар.
АТЖ коды  A16AX

Фармакологиялық қасиеттері   
Энтерокинд ағзаның қорғайтын күштерін ынталандыратын құрал ретінде өзін жақсы көрсеткен кешенді гомеопатиялық препарат болып табылады. Препараттың белсенді ингредиенттері салқын тигеннен болатын аурулар секілді қайталанып отыратын жұқпалы аурулар, тонзиллит, отит және бронхит кезінде, сондай-ақ аурудан баяу жазылған кезде тиімді.       

Қолданылуы

  • емшек еметін және жасы кіші балалардың метеоризмі және «балалардың» іш түйілуі       

Жағымсыз әсерлері

  • препарат компоненттерінің біреуіне аллергиялық реакция

Егер Энтерокинд препаратын қабылдағаннан кейін сәбиіңізде жағымсыз әсер нышандарының пайда болғанын байқасаңыз, бұл туралы дәрігеріңізге немесе фармацевтіңізге хабарлаңыз.   

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттерінің біріне жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Егер сәбиңіз басқа дәрілік заттарды қабылдап жатқан болса немесе жуықта қабылдаған болса, бұл туралы дәрігеріңізге немесе фармацевтіңізге хабарлаңыз. Бұл сондай-ақ рецептсіз сатып алуға болатын медикаменттерге де қатысты болып табылады.      

Артық дозалануы
Анықталмаған
Артық дозалану жағдайында симптоматикалық ем қолданылады.  

Шығарылу түрі және қаптамасы
Ішке қабылдауға арналған тамшылар, шыны сауыттағы 20 мл ерітінді  медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары
25 °С-дан аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі 5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолданбау керек.  

Дәріханадан босатылу шарттары Рецептсіз

Өндіруші
Дойче Хомеопати-Унион, ДХУ-Арцнаймиттель ГмбХ & Ко. КГ
Оттоштрассе 24, 76227 Карлсруэ, Германия
Тел. +49 / 721 / 4093 236

Өзге нұсқаулар болмаған жағдайда Энтерокиндд мынадай тәсілмен қолданылады:

0-ден 1 жасқа дейінгі балалар:

жіті симптомдар кезінде әр сағат сайын 3 тамшыдан, бірақ күніне 6 реттен астам емес; симптоматика бәсеңдегеннен кейін 3 тамшыдан күніне 3 рет.

жіті симптомдар кезінде әр сағат сайын 1 таблеткадан, бірақ күніне 6 таблеткадан астам емес; симптоматика бәсеңдеген кезде 1 таблеткадан күніне 4 рет.

Тамшыларды  тамақтан жарты сағат бұрын немесе тамақтанғаннан соң жарты сағаттан кейін қабылдаған жөн. Балаға тамшыларды жұтпастан бұрын біраз ауызында ұстатуға тырысыңыз. Емшек еметін балаларды емдеген кезде тамшыларды шамамен 20 мл (2 ас қасық) қайнатылып салқындатылған суда араластыруға болады.      

Осы дәрілік заттың құрамында спирттің (этанолдың) аздаған мөлшері бар. Осыған байланысты ата-аналар оның қолданылуын бақылауы тиіс.  

Жағдай жақсармаған, жай-күй анықсыз немесе жаңа симптомдар пайда болған кезде дәрігерге жүгініңіз, өйткені дәрігердің көмегін талап ететін ауру орын алуы мүмкін.   

0

Сұрақ қою

To prevent automated spam submissions leave this field empty.