Назар аударыңыз!
Сайттың бұл бөлімінде жарнама жасау заңнамасында қарастырылмаған дәрі-дәрмектер туралы ақпарат сақталған. Бұл бөлімдегі ақпараттар танысу үшін берілген, тек ғылыми-ақпараттық сипатта ғана жазылған және көптеген адамдар үшін жарнамалық сипаттағы ақпарат ретінде қабылданбауы тиіс. Қүшіне енген Заңына сәйкес, бұл ақпараттарды алуға медицина және фармацевтика саласының қызметкерлеріне ғана рұқсат етіледі. Сіз медицина немесе фармацевтика саласының қызметкері екендігіңізді растауыңызды өтінеміз.

Гастритол (Gastritol)

Асқазан ішек жолының жұмысының бұзылуымен әр адам тап келуі мүмкін. Сондықтан үйдегі дәрі қобдишада ас қорытудың көптеген мәселелерінен арылтатын әмбебап препараттың болуы өте маңызды. Ас қорытудың функционалды бұзылыстарын және гастритты емдеуге арналған осындай препарат кешенді неміс табиғи препараты – Гастритол* бола алады.

Гастритол – стандартталған өсімдік препараты, ол құрамына кіретін алты (!) дәрілік өсімдіктердің арқасында асқазанның шырышты қабығын қорғауға, қабынуды, ауруды және асқазанда ауырлық сезімін, жүрек айнуды, іс кебуді жояды, дәрет пен тәбетті жақсартады. Ал ең бастысы ­ Гастритол асқазан­ішек жолының бүкіліне дерлік жұмысының дұрыс істеуіне септігін тигізеді, өйткені ол фитопрокинетик (фито­өсімдік, кинетика­қозғалыс) болып табылады, ал бұл бөлінетін өт, асқазан сөлінің, ферменттердің шығарылуына, санына және сапасына реттеуші әсері бар екенін және ішектің толқи жиырылуын жақсартатынын білдіреді. Одан басқа Гастритол көңіл­күйді жақсартады және уайымды төмендетеді, ал бұл астың дұрыс қорытылуы үшін маңызды болып келеді! Сондықтан Гастритолмен Сіздің ас қорыту жүйеңіз шөптердің қорғанысының астында болады!

Гастритол – асқазан­ішек жолы жұмысының әртүрлі функционалды бұзылыстарын және гастриттерді емдеуге арналған кешенді препарат.

Гастритол тамшылар 20 мл, 50 мл: өндіруші Dr. G. Klein GmbH & Co. KG (Германия), 15.10.2009 жылғы №РК­ЛС­5 №014604 тіркеу куәлігі

*Дәрі­дәрмек жарнамасы. Қолданар алдында нұсқаулықпен танысып, дәрігермен кеңескен жөн. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Өзін­өзі емдеу Сіздің денсаулығыңыз үшін зиян болуы мүмкін.

Dr. Gustav Klein     A02X

Беттегенде дастарханға  – Гастритолдан бас тарта ма!
Германияда 1954 жылдан бастап қолданылып келеді. Қазақстанда 2009 жылы тіркелген.

Шығарылу түрі 
20 және 50 мл-лік күңгірт әйнек тамшылатқыш-құтыда, бұралып ашылатын пластмасс қақпағы бар.
Мемлекеттік және орыс тілінде жазылған медициналық қолданылуы туралы нұсқаулықпен бірге дәрінің 1 құтысы қағаз қорапқа салынады.

Құрамы
100 мл препараттың құрамында:
100 мл ерітіндінің құрамында
Белсенді заттар:                                                  
Кәдімгі қазтабан шөбінің сұйық 40 % спиртті (0,5:1) сығындысы 35,0 мл  
М
ия тамырының сұйық (0,5:1) 40% спиртті сығындысы 15,0 мл     
Аюбалдырған тамырының сұйық (0,5:1) 40% спиртті сығындысы 5,0 мл     
Сүйкімді арқал шөбінің сұйық (0,5:1) 40% спиртті сығындысы  5,0 мл
Жусан шөбінің сұйық (0,5:1) 40% спиртті сығындысы  5,0 мл
Түймедағы гүлінің сұйық (0,5:1) 45% спиртті сығындысы  20,0 мл    
Шілтер жапырақты шайқурай шөбінің  сұйық (0,5:1) 50% спиртті сығындысы  15,0 мл

Қосымша заттар: рН 7,9 ± 0,1 калий гидроксиді мен лимон қышқылының көмегімен реттеледі.

Фармакотерапиялық тобы
Қышқылдықтың бұзылуымен байланысты туындаған ауруларды емдеуге арналған басқа препараттар
АТЖ коды  A02X  

Қолданылуы

  • асқазан дисфориясы, асқазан-ішек жолдарының түйілуі, тамақ ішкеннен кейін асқазанның қысылу және толып кету сезімі, метеоризм түрінде көрінетін гастритте
  • асқазан мен он екі елі ішек жарасында
  • өт шығару жолдарының дискинезиясында

Қарсы көрсетылымдері

  • препараттың құрамдас бөліктеріне асқан сезімталдық

Жанама әсерлері
Өте сирек

  •  терінің жарыққа, күн сәулесіне өте жоғары сезімталдығы бар емделушілерде қарқынды күн сәулесінің әсерінен болатын күнге күю сияқты тері реакциялары пайда болуы мүмкін

Басқа дәрілермен әрекеттесуі
Препарат құрамындағы шайқурай сығындысы сирек жағдайда басқа дәрілік препараттардың (кумариндік құрамдағы антикоагулянттар, контрацептивтер, циклоспорин, дигоксин) тиімділігін төмендетеді. Бір мезетте қабылдау қажет болған жағдайда міндетті түрде дәрігермен кеңесіңіз

Артық дозалануы 
Анықталмаған. Артық дозаланған жағдайда – симптоматикалық ем жасау қажет

Сақтау шарттары 25°С-тан аспайтын температурада, балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау қажет.
Назар аударыңыз! Сақтау барысында, препарат құрамында өсімдіктердің сығындысы болғандықтан ерітіндінің күңгірттенуі немесе түбінде шөгінді түзілуі мүмкін. Алайда бұл препараттың терапиялық әсеріне зиянын тигізбейді.

Сақтау мерзімі 3 жыл. 
Дәріні ашқан күннен бастап 3 ай (90 күн) ғана сақтау қажет. Сақтау мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханадан босатылуы дәрігердің тағайындауынсыз.

Фармакокинетикасы
Жоғарыда айтылған белсенді құрамдас бөліктердің тіркелген комбинациясының фармакокинетикалық қасиеттері туралы мәлімет жоқ. Тек жеке заттарға қатысты кейбір мәліметтерді табуға болады.

Препаратты ішу арқылы қабылдағаннан кейін байқалған жүйелі фармакологиялық әсері бойынша оның асқазан-ішек жолдарынан сіңірілуі туралы айтуға болады.

Негізгі құрамдас бөліктерін жеке фармакокинетикалық зерттеу нәтижесі мия тамыры белсенді заттарының шамамен 80%-ы бауыр арқылы шығарылатынын көрсетті. Аюбалдырған тамырының кумариндері мен фуранокумариндері асқазан ішек жолдары арқылы жеңіл сіңіріледі.

Дәріханалық түймедағы гүлдерінің құрамындағы альфа-бисаболол ішу арқылы қабылдағаннан кейін де, теріге жаққаннан кейін де тіндер арқылы сіңіріледі. Бастысы ол зәр арқылы сыртқа шығарылады, тек аздаған бөлігі ғана тыныс алу және шығару кезіндегі ауа арқылы шығады.

Шілтер жапырақты шайқурайға келетін болсақ, гиперицин мен псевдогиперицин туралы фармакокинетикалық мәліметтер бар: жылдам сіңірілу сатысынан кейін бұл дәрілік заттардың қандағы тепе-тең шоғыры 4 күннен кейін пайда болады. Гиперициннің клиникалық маңызды шоғыры байқалған жоқ.

Фармакодинамикасы
Гастритол Др. Кляйн құрамында асқазан-ішек жолдарында жергілікті әсер беретін және асқазанның секреторлы, қозғалтушы функциясына ықпал ететін бірнеше белсенді заттар бар. Кәдімгі қазтабан асқазан-ішек жолдары бұлшық еттеріне спазмолитикалық әсер береді. Мия тамырының құрамында глицирризинді қышқыл бар, ол қабынуға қарсы күшті әсер береді және асқазан-ішек жолдарының тонусы мен моторикасын төмендетеді (спазмолитикалық әсер). Дәріханалық түймедағы қабынуға және аллергияға қарсы, сонымен қатар қалпына келтіруші әсер береді. Хамазулен шырышты қабыққа жылдам әрі терең енеді. Гипофизарлы-бүйрек үсті безі жүйесінің күшейтілуі кортикотропин мен кортизонның босатылуын жылдамдатады. Сонымен қатар бета-фарнезен мен альфа-бисаболол да қабынуға және аллергияға қарсы әсер етеді. Кардобенедикт құрамында ащы кницин гликозиді бар, ол да аюбалдырған құрамындағы ащы заттар сияқты қан айналымын жақсартады. Сонымен қатар асқазан жарасы мен оның шырышты қабығының басқа да зақымдануларының тезірек жазылуына үлесін қосады. Жусанның құрамындағы ащы зат асқазанның тонусын көтеріп, гастрокардиальды белгілерін жақсартады. Асқазан мен он екі елі ішектің жарасы психосоматикалық ауру болып табылады. Шілтер жапырақты шайқурай жара пайда болуының анағұрлым маңызды факторы – психовегетативті бұзылуларға әсерін тигізеді. Шілтер жапырақты шайқурай парасимпатолитикалық зат ретінде әсер береді және асқазан сөлінің секрециясын азайтады. Ол атропинге қарағанда тиімділігі аздау, алайда жанама әсерлері жоқ. Гастритол Др. Кляйн асқазан ішек жолдарындағы жоғары мөлшердегі қышқылдықты төмендетеді, ішек моторикасын жақсартады, ферментативті белсенділікті қалпына келтіреді. Сонымен қатар қабынуға қарсы, спазмолитикалық және өт айдайтын қасиетке ие. 

Гастритол Др. Кляйн препаратын ересектер мен 12 жастан асқан балалар 20-30 тамшыдан күніне 3 рет қабылдауға болады, аздаған сұйықтық араластыру арқылы тамақпен бірге қабылдау керек. Аурудың ауыр жағдайы мен жедел ауырсыну түрінде 15-25 тамшыдан әрбір 30 минут-бір сағат сайын қабылдау қажет. 20 тамшы ерітіндінің 0,8 мл-не сәйкес келеді. Емдеу ұзақтығы 3-4 апта. Қажет болған жағдайда емдеу курсын 2 айдан кейін қайталауға болады

Препарат құрамында 40% спирт бар. Гастритол Др. Кляйн препаратын нұсқаулыққа сәйкес қабылдаған кезде әрбір дозамен (20-30 тамшы) бірге 0,4 г спирт қабылдайсыз. Бұл бауыры және алкоголизммен, эпилепсиямен, сондай-ақ церебральды аурулармен ауыратын емделушілердің, жүкті және бала емізетін әйелдер мен балалардың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.

Гастритол Др. Кляйн препаратын жүктілік пен лактация кезеңінде қабылдау қауіпсіз екенін дәлелдейтін сенімді клиникалық мәлімет болмағандықтан, препаратты бұл кезеңдерде қабылдауға кеңес берілмейді.

Педиатрияда қолданылуы
Балаларға қолданылғаны туралы жеткілікті тәжірибе болмағандықтан Гастритол Др. Кляйн препаратын 12 жасқа толмаған балаларға қолдануға болмайды.

Дәрілік препараттың көлік немесе басқа қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері:
Препарат көлік немесе басқа қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді

0

Сұрақ қою

To prevent automated spam submissions leave this field empty.