Назар аударыңыз!
Сайттың бұл бөлімінде жарнама жасау заңнамасында қарастырылмаған дәрі-дәрмектер туралы ақпарат сақталған. Бұл бөлімдегі ақпараттар танысу үшін берілген, тек ғылыми-ақпараттық сипатта ғана жазылған және көптеген адамдар үшін жарнамалық сипаттағы ақпарат ретінде қабылданбауы тиіс. Қүшіне енген Заңына сәйкес, бұл ақпараттарды алуға медицина және фармацевтика саласының қызметкерлеріне ғана рұқсат етіледі. Сіз медицина немесе фармацевтика саласының қызметкері екендігіңізді растауыңызды өтінеміз.

Гастрокинд (Gastrokind)

Балаларда асқазан­ішек бұзылыстары респираторлық аурулар сияқты жиі кездеседі. Бұған асқорыту жүйесі әлі де қалыптасу және құрылу сатысында болатын кішкентай балалар шалдығады, бұл ферменттердің жетіспеушілігімен, ішектер қабырғасының жиырылғыш қабілеттілігінің төмендігімен, ішек микрофлорасының толық емес қоныстануымен түсіндіріледі. Сондықтан тамақтанудағы олқылықтар, артық жеп қою, ана сүтінен қолдан қоректендіруге көшкен кезде, нәрестелерге қосымша тамақ беруді бастаған кезде жүрек айну, құсу, асқазанның ауруы, сұйық дәрет немесе керісінше, іш қату мүмкін. Сонда кішкентай нәрестелерге осындай симптомдармен күресуде қалай көмектесуге болады? Мамандар табиғи негізде кешенді препараттарды ұсынады, мысалы, Гастрокинд.

Гастрокинд* – 1 жастан асқан балаларған әртүрлі асқазан­ішек ауруларын жоюға көмектесетін табиғи кешенді неміс препараты. Өзінің құрамының арқасында Гастрокинд АІЖ тонусы мен толқи жиырылуын реттейді, түйілуді басатын, қабынуға қарсы және ауыруды басатын әсерлер береді, жүрек айнуын, құсуды, асқазан ауруын, іш өтуді немесе іш қатуды тоқтатуға көмектеседі. Препарат жақсы жағып, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға қолдануға рұқсат етілген. Нәрестелерге арналған Гастрокинд таблеткаларын қолданар алдында бір қасық суда ерітеді. Препаратпен емдеу курсы 3­6 күн.

Толығырақ білгіңіз келеді ме? Онда Сізге «Менің балам – денсаулық туралы қамқорлықпен» www.rebenok.co.ua сайты көмектеседі.

Гастрокинд – 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалардағы асқазан­ішек бұзылыстарының алғашқы терапиясының препараты!

Гастрокинд таблеткалар No150: өндіруші DHU Arzneimittel GmbH & Co. KG (Германия), 24.07.2009 жылғы РК­ЛС­5No 014282

*Кәсіби қызметте қолдану үшін медицина және фармация мамандарына арналған ақпарат. Қолданар алдында нұсқаулықпен танысыңыз. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Саудалық атауы
Гастрокинд
Gastrokind

Халықаралық патенттелмеген атауы   
Жоқ

Дәрілік түрі
Гомеопатиялық таблеткалар

Құрамы
Бір таблетканың құрамында (100 мг)
белсенді заттар:  
Arsenicum album D6             20,00 мг
Croton tiglium D6                  20,00 мг
Okoubaka D4                         20,00 мг
Veratrum album D12             20,00 мг,

қосымша заттар: микрокристалдық целлюлоза, тальк, магний стеараты.

Сипаттамасы
Ақ түсті, жүзі бар жалпақ цилиндр пішінді таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы
АІЖ ауруларын және зат алмасу бұзылуларын емдеуге арналған әр түрлі өзге препараттар. 
АТЖ коды  A16AX

Фармакологиялық қасиеттері   
Гастрокинд емшек еметін балаларды басқа тамаққа ауыстыру себепші болатын бұзылуларды емдеуде өзін жақсы көрсеткен үйлестірілген гомеопатиялық препарат болып табылады. Препарат сондай-ақ жасы кіші балалардың әр түрлі асқазан-ішек бұзылулары кезінде де тиімді. Препараттың белсенді ингредиенттері метеоризм, іш қату, іш ауыру, жүрек айну, құсу және диарея секілді әдеттегі симптомдарға қатысты тиімді.           

Қолданылуы

  • емшек еметін балаларды басқа тамаққа ауыстыру себепші болатын бұзылулар (метеоризм және іш қату)
  • жасы кіші балалардың жүрек айну, құсу және диарея ілесіп жүретін асқазан-ішек бұзылулары 

Жағымсыз әсерлері

  • препарат компоненттерінің біреуіне аллергиялық реакция

Егер Гастрокинд препаратын қабылдағаннан кейін сәбиіңізде жағымсыз әсер нышандарының пайда болғанын байқасаңыз, бұл туралы дәрігеріңізге немесе фармацевтіңізге хабарлаңыз.   

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттерінің біріне жоғары сезімталдық
  • галактоза көтерілімділігінің сирек кездесетін мирастық бұзылулары 
  • лапландықтардың (саамдардың) лактаза жеткіліксіздігі немесе  глюкозо-галактоздық мальабсорбция

Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Егер сәбиңіз басқа дәрілік заттарды қабылдап жатқан болса немесе жуықта қабылдаған болса, бұл туралы дәрігеріңізге немесе фармацевтіңізге хабарлаңыз. Бұл сондай-ақ рецептсіз сатып алуға болатын медикаменттерге де қатысты болып табылады.      

Артық дозалануы
Анықталмаған
Артық дозалану жағдайында симптоматикалық ем қолданылады.  

Шығарылу түрі және қаптамасы
Шыны сауыттағы 150 дана таблетка медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.  

Сақтау шарттары
25 °С-дан аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі 5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолданбау керек.  

Дәріханадан босатылу шарттары Рецептсіз

Өндіруші
Дойче Хомеопати-Унион, ДХУ-Арцнаймиттель ГмбХ & Ко. КГ
Оттоштрассе 24, 76227 Карлсруэ, Германия
Тел. +49 / 721 / 4093 236

 

Өзге нұсқаулар болмаған жағдайда Гастрокинд мынадай тәсілмен қолданылады:

0-ден 1 жасқа дейінгі балалар:

жіті симптомдар кезінде әр сағат сайын 1 таблеткадан, бірақ күніне 6 таблеткадан астам емес; симптоматика бәсеңдегеннен кейін 1 таблеткадан күніне 4 рет.

жіті симптомдар кезінде әр сағат сайын 1 таблеткадан, бірақ күніне 6 таблеткадан астам емес; симптоматика бәсеңдеген кезде 1 таблеткадан күніне 4 рет.

1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар:   

жіті симптомдар кезінде әр сағат сайын 2 таблеткадан, бірақ күніне 12 таблеткадан астам емес; симптоматика бәсеңдегеннен кейін 2 таблеткадан күніне 4 рет.

Таблеткаларды ауызда еріте отырып, тамақтан жарты сағат бұрын немесе тамақтанғаннан соң жарты сағаттан кейін қабылдаған жөн. Емшек еметін балаларды емдеген кезде таблеткаларды шамамен 20 мл (2 ас қасық) қайнатылып салқындатылған суда ерітуге болады.      

Жағдай 3 күннің ішінде жақсармаса, дәрігерден кеңес алу керек.  

Препараттың құрамында лактоза бар, сондықтан оны жағымсыз әсерлер бөлімінде аталған науқастарға тағайындамау керек.  

3 күннен астам уақытта жағдай жақсармаған, жай-күй анықсыз немесе жаңа симптомдар пайда болған кезде дәрігерге жүгініңіз, өйткені дәрігердің көмегін талап ететін ауру орын алуы мүмкін

0

Сұрақ қою

To prevent automated spam submissions leave this field empty.