Назар аударыңыз!
Сайттың бұл бөлімінде жарнама жасау заңнамасында қарастырылмаған дәрі-дәрмектер туралы ақпарат сақталған. Бұл бөлімдегі ақпараттар танысу үшін берілген, тек ғылыми-ақпараттық сипатта ғана жазылған және көптеген адамдар үшін жарнамалық сипаттағы ақпарат ретінде қабылданбауы тиіс. Қүшіне енген Заңына сәйкес, бұл ақпараттарды алуға медицина және фармацевтика саласының қызметкерлеріне ғана рұқсат етіледі. Сіз медицина немесе фармацевтика саласының қызметкері екендігіңізді растауыңызды өтінеміз.

Исла Минт және Исла Моос

Тамақтың қырылдауы, қарлығуы, одан қалса дауысты жоғалту ­әрқайсымыз шалдығуымыз мүмкін жағдай. Дауыс бәріне де қажет! Алайда бұл жағдайда оны қалай қалпына келтіруге болады?

Исла Минт және Исла Моос – исландялық мүгінің негізінде пастилкалар. Олар қорғаныстық (шырышты қабықты бүркейді және ылғалдандырады), микробқа қарсы, қабынуға қарсы және иммунтүрлендіруші әсерлер береді.

Аталған қасиеттердің арқасында Исла Минт және Исла Моос пастилкаларын сорған кезде тыныс алу жолдарының шырышты қабығын бүркеп, ылғалдандырады, қабынуды түсіреді, құрғақтықты, тамақтың қышуын және ашып ауруын жояды, қырылдауық, қарлықан және жоғалған дауысты қалпына келтіруге көмектеседі.

Басқа соратын дәрілерге қарағанда пастилкалардың құрамында қант болмайды және қызыл иек пен таңдайдың шырышты қабығына зақым келтірмейді. Исла Минт және Исла Моос ересектерге және 4 жастан асқан балаларға ларингит, тамақтың қырылдауы, қарлығуы кезінде және кәсібі жоғары дауыс қысымымен немесе жағымсыз климаттық жағдайдағы (суық, ыстық, шаң және т.б. жерлерде) жұмыспен байланысты адамдарға қолдануға рұқсат етілген. Сонымен қатар Исла Минт және Исла Моос құрғақ тітіркендіретін жөтел кезінде, соның ішінде аллергиялық түрі кезіндегі жағдайды жеңілдетуге көмектеседі.

Исла Минт және Исла Моос – дауыстың қырылдауы, қарлығуы және құрғақ тітіркендіретін жөтел кезінде!

Исла Минт пастилкалары: өндіруші Engelhard Arzneimittel GmbH & Co. KG (Германия), 15.01.2010 жылғы РК­ЛС­5 № 015502 /01; Исла Моос пастилкалары: өндіруші Engelhard Arzneimittel GmbH& Co. KG (Германия), 15.02.2010 жылғы РК-ЛС­5 №015501.

*Дәрі­дәрмек жарнамасы. Қолданар алдында нұсқаулықпен танысып, дәрігермен кеңескен жөн. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Өзін­өзі емдеу Сіздің денсаулығыңыз үшін зиян болуы мүмкін.

CETRARIA ISLANDICA
Engelhard Arzneimittel     R02A A20

Даус қарлыққанда, қырылдағанда және тітіркендіретін құрғақ жөтелде.

Исла-минттің шығарылу түрі 
100 мг-дық пастилкалар, №30, 1 блистерде 10 пастилкадан, қағаз қорапқа 3 блистерден салынады.

Құрамы
Исландия мүгінің сулы сығындысы (2-4:1) 100 мг

Қосымша заттар: гуммиарабик, 70%-дық сорбитол ерітіндісі  (кристалданбаған), сығындығының 70%-дық сорбитол ерітіндісі, аспартам, кермек жалбыз майы, хлорофиллин жезді кешені Е 141, сұйық парафин, таза су.
1 пастилка құрамында 0,03 астық бірлігіне пара-пар 0,385 г көмірсу бар.

Исла-моостың шығарылу түрі 
80 мг-дық пастилкалар, №30, 1 блистерде 10 пастилкадан, қағаз қорапқа 3 блистерден салынады

Құрамы
Исландия мүгінің сулы сығындысы  (0,4-0,8:1) 80 мг

Қосымша заттар: гуммиарабик, сахароза сығындысы, сахароза,  Е 150с (карамелденген қант) карамелі, сұйық парафин, таза су
1 пастилка құрамында 0,035 астық бірлігіне тең 424 мг сахароза бар.

Фармакотерапиялық тобы
Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. АТЖ коды  R02A   

Қолданылуы

  • рефлекторлық жөтел, тамақ қырылдау: ларингит, фарингит, бронхит, бронхтық астма (кешенді емдеу құрамында) түрінде болатын жоғарғы тыныс алу жолдарының қабынбалы ауруларында
  • әншілер, ұстаздар мен лекторлардың дауыс желбезегіне көбірек салмақ түскенде
  • жылыту маусымы кезеңінде тұрғын үй және жұмыс ғимараттарында, мұрынмен тыныс алу азайғанда немесе спорттық жаттығулар кезінде жоғарғы тыныс жолдары шырышты қабығының құрғауы

Қарсы көрсетылымдері

 

  • Препараттың кез-келген құрамдас бөлігіне ерекше сезімталдық
  • фруктозаға төзімсіздік

Жанама әсерлері
анықталмаған

Басқа дәрілермен әрекеттесуі
Қазіргі уақытқа дейін анықталмаған

Артық дозалануы артық мөлшерде қабылданғандығы туралы хабарлама түскен жоқ

Сақтау шарттары 
25°С-тан аспайтын, құрғақ әрі балалардан қорғалған жерде сақтау қажет.

Сақтау мерзімі 4 жыл

Дәріханадан босатылуы дәрігердің тағайындауынсыз.

Исла-Минт және Исла-Моос препараттарында Cetraria islandica (исландия мүгі) дәрілік өсімдігінің сығындысы бар. Бұл өсімдік ерте замандарда-ақ тыныс жолдарының қабынуларын емдеуде тиімді әсерімен кеңінен танымал болған.

Исла-Минт және Исла-Моос препараттарының емдік әсері тыныс жолдарының қабынбалы ауруларында, ең алдымен, өсімдік сығындысының микробтарға қарсы және иммунитетті қалпына келтіретін қасиеттеріне сүйенеді. Сығындының мұндай қасиеттері бар екендігі ғылыми зерттеулердің нәтижесінде дәлелденген. Сонымен қатар Исла-Минт және Исла-Моос препараттарының қорғаныс тудыратын қасиеттері де бар, сондықтан аурудың алдын алу мақсатында да қабылдауға болады. Мысалы, тыныс жолдарының ерекше сезімталдығы немесе тыныс жолдарына тым көп салмақ түсетін кезде (сондай-ақ спортпен айналысқанда) пайдалануға болады.
Препарат құрамындағы полисахаридтер ауа өткізетін жолдардың шырышты қабатын бүркеп, оларды зиянды сыртқы факторлардың әсерінен және түрлі қоздырғыштардан тиімді қорғайды.
Шырышты қабықты қорғай алатын мүмкіндігі бар Исла-Минт және Исла-Моос препараттарын суық тию қаупі төнген кезде алдын алу мақсатында қабылдау тыныс алу жолдарына түрлі инфекциялардың түсуін азайта алады. Препарат асқазанды тітіркендірмейді.  

Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға: әрбір сағат сайын 1 пастилкадан (тәулігіне 12 пастилкаға дейін) қабылдау керек. Ауыз қуысында баяу еріту қажет.

4 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға: әрбір 2 сағат сайын 1 пастилкадан (тәулігіне 6 пастилкаға дейін) қабылдау керек. Ауыз қуысында баяу еріту қажет.

Емдеу ұзақтығы – 10 күн. Егер препаратты қабылдағаннан бастап 10 күн ішінде денсаулығыңыз жақсармаса, дәрігермен кеңесу қажет.

Исла-Минт және Исла-Моос препараттары аса төзімділікті қажет етпейтіндіктен, оларды ұзақ уақыт қабылдауға болады. Сонымен қатар, ауру белгілері жойылғаннан кейін де, жақсы терапевтік әсерге толық қол жеткізу мақсатында Исла-Минт және Исла-Моос препаратын жалғастырып тағы да 2-3 күн ішу қажет.

Алдын алу мақсатында: респираторлық аурулардың маусымдық алдын алу мақсатында препаратты жоғарыда көрсетілген мөлшерлеме бойынша қабылдауға кеңес беріледі.

Тыныс алу жолдарына тым көп салмақ түскен жағдайда (тамақтағы қышу сезімі немесе тым көп салмақ түсіру, мысалы ұзақ сөйлеу, спорт) оларды қорғау, аурудың алдын-алу мақсатында Исла-Минт және Исла-Моос препаратын 1 пастилкадан күніне бірнеше рет қабылдау керек. Алайда тәуліктік мөлшерлемеден асырмай, ауыз қуысында баяу еріту қажет.

1 пастилка 0,035 астық бірлігіне = 0,424 г көмірсуға пара-пар.

Жүктілік және лактация кезінде қабылдау: Жалпылама қабылданған принципке сәйкес анасы үшін күтілетін тиімді әсер мен нәрестеге төнуі мүмкін қауіптің ара қатынасы шынайы бағаланғаннан кейін ғана қабылдауға болады.

Дәрілік препараттың көлік немесе басқа қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері: әсер етпейді

Балаларға: пастилканы ауыз қуысында ұстап тұрып, асықпай еріту қажет болғандықтан, препаратты 4 жастан асқан балаларға  ғана беруге болады.

0

Сұрақ қою

To prevent automated spam submissions leave this field empty.