Назар аударыңыз!
Сайттың бұл бөлімінде жарнама жасау заңнамасында қарастырылмаған дәрі-дәрмектер туралы ақпарат сақталған. Бұл бөлімдегі ақпараттар танысу үшін берілген, тек ғылыми-ақпараттық сипатта ғана жазылған және көптеген адамдар үшін жарнамалық сипаттағы ақпарат ретінде қабылданбауы тиіс. Қүшіне енген Заңына сәйкес, бұл ақпараттарды алуға медицина және фармацевтика саласының қызметкерлеріне ғана рұқсат етіледі. Сіз медицина немесе фармацевтика саласының қызметкері екендігіңізді растауыңызды өтінеміз.

Киндинорм Н (Kindinorm N)

Қазіргі таңда балабақшалар мен мектептерде сабақтың санын, қиындығын мен тығыздығын ескере отырып, әрбір балаға дерлік «вундеркинд» атағын беруге болады. Алайда өз балаларының жетістіктерімен қуанатын ата­анадан сондай­ақ өкінішке орай балаларының зейінсіздігі мен алаңғасарлығына деген шағымдарын естуге болады. Және бұл мәселе шынымен де орын алады. Балаларда зейіннің бұзылу себептері қатты шаршау да, табиғатынан аса белсенділік те бола алады. Егер бала үнемі қозғалыста болса, бір орында ұзақ отыра алмаса, көп сөйлесе, басқа адамнің сөзін тыңдап болмай, оның сөзін бөлсе, әңгіме ортасына кіріссе, орындалып жатқан жұмысынан басқа қозғыштарға тез назарын аударса, оған қарай айтылып жатқан сөзге құлақ түртпесе, «ойы далада болса», үй жұмысын орындауда көп қателіктер жіберсе, нақты заттарға көңіл бөлмесе, артын ойламай көбіне импульсивті түрде әрекет етсе, жанұяда, балабақшада, мектепте өзінің мінез­құлығымен мәселелер туындатса, құрдастарымен шиелініскен жағдайлар жасаса, онда мәселе оның осындай табиғи ерекшелігінде болып отыр. Осындай жағдайда не істеген жөн?

Сіздің балаңыз неғұрлым жинақы және зерделі болғанын қаласаңыз, зейін қоюды жоғарылатқыңыз келсе, оқуға деген қабілетін жақсартып, шектен тыс белсенділігін төмендеткіңіз келсе, Киндинорм Н* табиғи кешенді неміс препараты көмектеседі.

Киндинорм Н, өзінің құрамының арқасында оқуға қабілеттілігін жақсартады, зейін қоюды көтереді, шектен тыс белсенділікті және ырықсыздықты төмендетеді, жаңа ортаға баланың бейімделуін жеңілдетеді1, 1 жастан асқан балаларға және жас өспірімдерге қолдануға рұқсат етілген. Киндинорм Н табиғи құрамнан тұрады, есуастандырғыш тәсіл (нейролептиктер, седативті)  табылмайды, яғни кері әсерлері болмайды.

Толығырақ білгіңіз келеді ме? Онда Сізге www. kindinorm.ua сайты көмектеседі.

Киндинорм Н – жетістікті де бақытты баланы өсірудің заманауи тәсілі!

Киндинорм Н шишада 10 г – нан түйіршіктер: өндіруші DHU Arzneimittel GmbH & Co. KG (Германия), 12.03.2013жылғы РК­ ЛС­5No019751

1Інф. лист МОЗ України: Корекція когнітивних порушень у дітей дошкільного віку з дефіцитом заліза.

*Дәрі­дәрмек жарнамасы. Қолданар алдында нұсқаулықпен танысып, дәрігермен кеңескен жөн. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Өзін­өзі емдеу Сіздің денсаулығыңыз үшін зиян болуы мүмкін.

Саудалық атауы Киндинорм Н

Халықаралық патенттелмеген атауы   
Жоқ

Дәрілік түрі Түйіршікте

Құрамы
10 г препараттың құрамында
белсенді заттар:         
Chamomilla dil. D12  25.00 мг                                                
Kalium phosphoricum dil. D6  25.00  мг                                     
Staphisagria dil. D12  25.00 мг                                    
Valeriana dil. D6  25.00  мг,

қосымша зат - сахароза.

Сипаттамасы
Біртекті шар тәріздес пішінді беттігі күңгірт ақшылдау түйіршіктер. Түйіршіктер бір-біріне жабыспауы тиіс.

Фармакотерапиялық тобы
Психоаналептиктер. Психостимуляторлар мен ноотроптар. Басқа психостимуляторлар  мен ноотроптар.
АТЖ коды N06ВX 

Фармакологиялық қасиеттері   
Фармакокинетика
Препарат құрамындағы белсенді ингредиенттердің өте аз дозасына байланысты фармакокинетикалық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік жоқ.    

Фармакодинамика
Киндинорм Н – үйлестірілген гомеопатиялық препарат, оның белсенді ингредиенттері қозғыштық, беймазалық, түршіккіштік секілді симптомдарды бәсеңдетеді. Киндинорм Н оқу қабілетін арттыруға, жадты жақсартуға және зейінді дамытуға себін тигізеді, сондай-ақ когнитивтік және мінез-құлық бұзылуларын жояды.    

 

Қолданылуы

  • зейін және жинақтылық тапшылығы, жүйке қозғыштығы, беймазалық, оқудағы қиындықтар, ұйқы бұзылуы немесе жалпы әлсіздік жай-күйі сынды мінез-құлық бұзылулары (ең алдымен балаларда)       

Жағымсыз әсерлері

  • аса сезімталдық реакциялары мүмкін. 

Жағымсыз әсер болған жағдайда тиісті іс-шаралар қолданылуы тиіс.  
Ескерту: Гомеопатиялық дәрілік заттарды қолданған кезде бастапқыда уақытша жағдай нашарлауы орын алу мүмкін. Мұндай жағдайда препаратты қабылдауды тоқтатып, дәрігерден кеңес алу қажет.   

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препараттың белсенді және қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

  • Дәрілік препараттармен өзара әрекеттесу анықталмаған. Осы гомеопатиялық препаратты қабылдау басқа дәрілік препараттармен емдеуді жоққа шығармайды.   
  • Рецептсіз берілетін препараттарды қоса, басқа препараттар қабылданатын жағдайда, дәрігерден кеңес алған жөн.    

Ескерту: Зиянды әдеттер: алкоголь мен темекі тарту, сондай-ақ ширататын заттар гомеопатиялық препараттардың әрекетіне жағымсыз әсер көрсетуі мүмкін.   

Артық дозалануы
Осы уақытқа дейін артық дозалану жағдайлары тіркелмеген. 

 

Шығарылу түрі және қаптамасы
Пластмасса қақпақшасы бар қоңыр шыны сауыттағы 10 гр түйіршіктер. 1 сауыт  медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары
25 °С-дан аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі 5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолданбау керек.  

Дәріханадан босатылу шарттары Рецептсіз

Өндіруші
Дойче Хомеопати-Унион, ДХУ-Арцнаймиттель ГмбХ & Ко. КГ
Оттоштрассе 24, 76227 Карлсруэ, Германия
Тел. +49 / 721 / 4093 236

Тіркеу куәлігінің иесі  
Дойче Хомеопати-Унион
ДХУ-Арцнаймиттель ГмбХ& Ко. КГ
Оттоштрассе 24,76227 Карлсруэ, Германия

Эсклюзивті өкілі
Альпен Фарма АГ
Берн, Швейцария

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы «Альпен Фарма» ЖШС
Алматы қ., Жетісу-2 ы.а., 80-үй, 54-п. 
Тел./факс  + 7 727 2265306
E-mail: info.kazakhstan@alpenpharma.com

1 жастан 5 жасқа дейінгі балалар:  2 түйіршіктен тәулігіне 1-3 рет
6 жастан 11 жасқа дейінгі балалар: 3 түйіршіктен тәулігіне 1-3 рет  
Ересектер мен жасы 12-ден асқан балалар: 5 түйіршіктен тәулігіне 1-3 рет 

Симптомдар жеңілдеген кезде қабылдау жиілігін азайту керек.  

Түйіршіктерді ауызда баяу еріте отырып, тамақтан жарты сағат бұрын немесе тамақтанғаннан соң жарты сағаттан кейін қабылдау керек. Қажеттілігіне қарай түйіршіктерді аздаған мөлшердегі суда ерітуге болады.   

  • Қауіпсіздігі мен тиімділігі жөнінде деректер болмауына байланысты Киндинорм Н препаратын 1 жасқа толмаған балар үшін қолданбау керек.
  • Препаратты 8 апта қабылдағаннан кейін жағдай жақсармаса немесе жай-күй нашарласа, емдеу тактикасын қайта қарастыру керек.  
  • Киндинорм Н құрамында сахароза бар. Сирек кездесетін мирастық аурулары бар науқастар (фруктозаны көтере алмаушылық, глюкоза және галактоза мальабсорбциясы синдромы немесе сахаразо-изомальтаздық жеткіліксіздік) препаратты қабылдамауы тиіс.   

Жүктілік және лактация кезеңі
Барлық дәрілік препараттарға қатысты жағдайдағыдай, Киндинорм Н препаратын жүктілік және емшек емізу кезінде қолдану ана үшін күтілетін пайда ұрыққа (балаға) төнетін әлеуетті тәуекелден асып түсетін жағдайда ғана мүмкін.   

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі әлеуетті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері  
Киндинорм Н көлік құралын басқаруға немесе механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.     

0

Сұрақ қою

To prevent automated spam submissions leave this field empty.