Назар аударыңыз!
Сайттың бұл бөлімінде жарнама жасау заңнамасында қарастырылмаған дәрі-дәрмектер туралы ақпарат сақталған. Бұл бөлімдегі ақпараттар танысу үшін берілген, тек ғылыми-ақпараттық сипатта ғана жазылған және көптеген адамдар үшін жарнамалық сипаттағы ақпарат ретінде қабылданбауы тиіс. Қүшіне енген Заңына сәйкес, бұл ақпараттарды алуға медицина және фармацевтика саласының қызметкерлеріне ғана рұқсат етіледі. Сіз медицина немесе фармацевтика саласының қызметкері екендігіңізді растауыңызды өтінеміз.

Простамед (Prostamed)

Қазіргі заманғы өмір сүру қарқыны, күйзеліс, жұмыс жағдайы, зиян әдеттер және дұрыс емес өмір салты – осының бәрі ер адамдардың денсаулығына әсер етіп, ер адамдардың олардың күштілігі туралы ойды бұзуы мүмкін. Сондықтан, жыл сайын қуық асты безінің қабынуы және қуықасты безі аденомасы секілді аурулардан зардап шегіп жүрген ер адамдар саны тапжылмай өседі. Қуантатыны, осындай диагноздар кесім болып табылмайды, өйткені өмір сапасы мен өзінің табиғи күшін қалпына келтіруге болады. I–II сатыдағы қуық асты безінің қабынуы және қуықасты безі аденомасы кезінде осы мәселені шешуде көмекші Простамед* препараты бола алады.

Простамед – табиғи неміс өсімдік препараты, оның құрамында бірнеше танымал компоненттер бар: шипалы асқабақтың ерекше түрі Cucurbita pepo var styriaka (кәдімгі асқабаққа қарағанда оның құрамында пайдалы емдік заттардың максималды саны бар) және дәндерінен алынған еркектік без ұлпаларының әрі қарай өсуіне жол бермейтін асқабақ глобулины (!); қабынуға қарсы, түйілуді басатын және несеп айдағыш әсерлер беретін алтыншыбық; айтарлықтай залалсыздандырушы, ауыртпайтын және қабынуға қарсы әсерлері бар көктерек жапырағының экстраты. Простомедтегі фитокомпоненттердің тамаша үйлесімі несеп – жыныстық жүйесінің барлығына дерлік кешенді әсер етеді және қуық асты безінің қабынуы және I–II сатыдағы еркектік бездің қуықасты безі аденомасы секілді аурулардың пайда болуын алдын алады, өмір сапасын жақсартады және тонус пен өзіне деген сенімді жоғарылатады!

Еркектерге арналған Простамед – аурулардан азат ет!

Простамед таблеткалар №60, 120, 200:өндіруші Dr. G. Klein GmbH & Co. KG (Германия), 08/05/2013 жылғы №РК­ЛС­5 №019863 тіркеу куәлігі

*Кәсіби қызметте қолдану үшін медицина және фармация мамандарына арналған ақпарат. Қолданар алдында нұсқаулықпен танысыңыз. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Dr. Gustav Klein     G04CX

Аденома? Простатит? – Простамед Сізді емдейді!

Шығарылу түрі 
құтыдағы таблетка. № 60, № 120, № 200, қағаз қорапқа 1 құтыдан салынады

Құрамы
1 таблетка құрамында:

белсенді заттар:    
Асқабақ тұқымының ұнтағы, майсыздандырылған 200.00 
Майсыздандырылған асқабақ тұқымы ұнтағының сығындысы (5-10:1) 100.00 
экстрагент: натрий гидрокарбонаты/натрий хлориді/алтыншыбықтың құрғақ сығындысының суы (5-8:1)
экстрагент: 60% этанол 2.60
Көктерек жапырақтарының құрғақ сығындысы (5-8:1)
экстрагент: 60% этанол  6.30

Қосымша заттар: майсыздандырылған какао ұнтағы; лактоза моногидраты;  сахароза; кальций гидрофосфат дигидраты;  жоғарыдисперсті кремний диоксиді; тальк;  желатин;  глицерин 85%; натрий хлориді;  повидон К-25 (целлюлоза) 

Фармакотерапиялық тобы
Урологиялық ауруларды емдеуге арналған препараттар. Простата қатерсіз гипертрофиясын емдеуге арналған препараттар. Простата қатерсіз гипертрофиясын емдеуге арналған басқа препараттар.
Коды АТХ   G04CX.

Қолданылуы

Еркектің ұрық безінің І-ІІ дәрежелі қатерсіз гиперплазиясы (аденома) кезіндегі зәр шығарудың бұзылуы:

  • зәр шығарудың қиындауы, зәр шығарудың жиілеуі, оның ішінде түнгі уақытта, қуық қабының толық босамағанын сезіну (кіші дәреттің аздаған бөлігінің қалуы)
  • дәретке барғысы келсе де зәр шығара алмау
  • жедел және созылмалы простатитті кешенді емдеу құрамында.

Қарсы көрсетылымдері

  • препараттың құрамдас бөліктеріне асқан сезімталдық
  • салицилаттарға асқан сезімталдық
  • бүйрек, бауыр, жүрек қызметінің жеткіліксіздігі
  • балалар мен 18 жасқа толмаған жасөспірімдер
  • жүктілік пен лактация кезеңі
  • тұқым қуалайтын фруктозаға сезімталдық, лапп-лактоза ферментінің және глюкоза-галактозаның тапшылығы, мальабсорбция

Жанама әсерлері
Өте сирек жағдайда айқын сезімталдық байқалуы мүмкін.

Басқа дәрілермен әрекеттесуі
Қазіргі уақытқа дейін анықталмаған

Артық дозалануы 
Артық дозаланғаны және төзімсіздігі туралы қазіргі уақытқа дейін мәлімделмеген.анықталмаған

Сақтау шарттары 15ºС-тан 25ºС-қа дейінгі температурада, балалардан қорғалған жерде сақтау қажет..

Сақтау мерзімі 3 жыл

Дәріханадан босатылуы дәрігердің тағайындауынсыз.

Фармакокинетикасы
Құрамында алтыншыбық бар тағамдарды қолдану арқылы жүргізілген зерттеулерде, алтыншыбықтың белсенді заттары Р-450 цитохромдарының CYP1A2 және MDR1 энзимдерінің экспрессиясына әсер етпейді, алайда 1,9±0,2-мөлшеріндегі CYP3A4 генінің экспрессиясын туындатады.

Фармакодинамикасы
ПРОСТАМЕД препаратында кәдімгі асқабақтың тұқымынан алынған глобулин бар. Глобулиннен бөлінетін 15 аминқышқылдың ішіндегі қазіргі уақытта идентификацияланған глутамин қышқылына айрықша мән беріледі. Глутамин қышқылы еркектің ұрық безінің гипертрофирленген жасушалардағы бос аминқышқылдарының жоғары көрсеткішін төмендетеді. Нәтижесінде ақуыздардың биосинтезі үшін қолданылуы мүмкін болатын аминқышқылдарының саны азаяды және еркектің ұрық безі жасушаларының пролиферациясы тежеледі. Асқабақ тұқымында бос және байланысқан күйдегі кукурбитин, фитостерин, минералды заттар, токоферол, сонымен қатар селен бар. Алтыншыбық бүйректің сүзгіштік қасиетін арттырады және еркектің ұрық безінің ІІ дәрежелі аденомасында кіші дәрет қалдығының бастапқы пайда болуына әсер етеді. Қуық қалташасының бұлшықеті тонусының артуы кіші дәретті шығару қызметіндегі бұзылуларды (әсіресе дизурия) реттеп, оның қызметін жақсартады және кіші дәрет қалдығының көлемін азайтады. Алтыншыбық қабынуға қарсы, спазмолитикалық және зәр шығаратын қасиетке ие. Көктеректе көптеген фенолды гликозидтер, оның ішінде салицин, популин және салипопулин бар. Салицин адам организмінде қышқылданады да, салицил қышқылына айналады. Салицил қышқылы уретроцистит кезінде антисептикалық әсер береді. Фенолды гликозидтердің қабынуға қарсы әсер ететін қасиеттері бар, олар еркектің ұрық безіндегі ауырсынуды және қуық қалташасындағы гиперестезияны азайтады.

2–4 таблеткадан күніне 3 рет. Таблетканы бүтіндей жұту немесе алдынан ала тісіңізбен ұсақтап алып, аздаған мөлшердегі сумен ішу керек.

Простамед препаратын қабылдау ұзақтығын аурудың сипаттамасы мен түріне байланысты дәрігер анықтайды. Емдеу ұзақтығын 3 айдан асырмауға кеңес беріледі.

Аурудың белгілері ұзақ сақталған жағдайда дәрігермен кеңесу қажет. Әсіресе кіші дәретке қан араласқан жағдайда, зәр шығару жолдары инфекцияларында, зәр шығару жұмысы бұзылуының асқынуы немесе зәр шығарудың ауырсыну туғыза кешеуілдеуі жағдайында міндетті түрде дәрігердің кеңесі қажет.

0

Сұрақ қою

To prevent automated spam submissions leave this field empty.