Назар аударыңыз!
Сайттың бұл бөлімінде жарнама жасау заңнамасында қарастырылмаған дәрі-дәрмектер туралы ақпарат сақталған. Бұл бөлімдегі ақпараттар танысу үшін берілген, тек ғылыми-ақпараттық сипатта ғана жазылған және көптеген адамдар үшін жарнамалық сипаттағы ақпарат ретінде қабылданбауы тиіс. Қүшіне енген Заңына сәйкес, бұл ақпараттарды алуға медицина және фармацевтика саласының қызметкерлеріне ғана рұқсат етіледі. Сіз медицина немесе фармацевтика саласының қызметкері екендігіңізді растауыңызды өтінеміз.

Ринитал (Rhinital)

Мұрынның бітелуінің және шырыштың бөлінуінің себептері вирустар ғана емес, аллергендер де болуы мүмкін. Бұл жағдайда Ринитал препараты көмектесуі мүмкін. 

Ринитал* – аллергиялық ринит пен конъюктивитті емдеуге және алдын алуға (!) арналған неміс табиғи гормоналды емес препараты. Ринитал аллергияға қарсы, ісікке қарсы, қышынуға қарсы, қабынуға қарсы әсерлер береді және мұрын қуысының жоғары секрециясын төмендетеді. Ринитал жас ағуды, көздің шырықты қабығының қызаруын, түшкіруді, мұрынның қышуы, мұрынның бітелуін жоюға және мұрын бөліністерін азайтуға көмектеседі. Ринитал гистаминге қарсы заттарға қарағанда ұйқышылдықты шақырмайды және тез реакция мен зейін қоюды әлсіретпейді.

Препаратты ішуді аллергиялық тұмаудың алғашқы белгілері басталған кезден бастап, симпоматиканы толық түсіргенше немесе аллергия маусымы аяқталғанша ішуді жалғастыру керек.

Аллергиялық риниттің асқынып кетуін алдын алу үшін Ринитал өсімдіктердің гүлденуі басталғанға дейін бір ай бұрын және мүмкін Сіздің аллергияңызды шақыртатын өсімдіктердің гүлденудің бүкіл кезеңі бойы қолданылады. Риниталды 2 жастан асқан балаларға және ересектерге қолдануға рұқсат етілген.

Ринитал – түшкірудің орнына еркін дем алу!

Ринитал таблеткалар: өндіруші DHU Arzneimittel GmbH & Co. KG (Германия), 20.10.2009 жылғы р.у. РК. ЛС 5 No 014698

*Дәрі­дәрмек жарнамасы. Қолданар алдында нұсқаулықпен танысып, дәрігермен кеңескен жөн. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Өзін­өзі емдеу Сіздің денсаулығыңыз үшін зиян болуы мүмкін.

Саудалық атауы
Ринитал
Rhinital

Халықаралық патенттелмеген атауы   
Жоқ

Дәрілік түрі Таблеткалар

Құрамы
Бір таблетканың құрамында (250 мг)
белсенді заттар:
Cardiospermum halicacabum trit. D3   25,00 мг                                        
Galphimia glauca trit. D3  25,00 мг                                         
Luffa operculata trit. D4  25,00 мг

қосымша заттар: лактоза моногидраты, магний стеараты, бидай крахмалы.

Сипаттамасы
Ақ немесе ақ дерлік, жүзі бар жалпақ цилиндр пішінді таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы
Тыныс алу органдарын емдеуге арналған басқа препараттар.  
АТЖ коды  R07AX    

Фармакологиялық қасиеттері
Ринитал пішен безгегі және жыл бойғы аллергиялық ринитті қоса, жоғарғы тыныс алу жолдарының аллергиялық ауруларын емдеуде өзін жақсы көрсеткен кешенді гомеопатиялық препарат болып табылады. Белсенді заттары мұрынның бітелуі, мұрын мен жұтқыншақтың қышуы, түшкіру, жас ағу, көздің дызылдайтынын сезіну секілді және т.б. әдеттегі симптомдарға қатысты тиімді

Қолданылуы

  • пішен безгегінің алдын алу   
  • жоғарғы тыныс алу жолдарының аллергиялық ауруларын, оның ішінде пішен безгегін (поллиноз), маусымдық емес аллергиялық тұмауды (жыл бойығы аллергиялық ринитті) емдеуің негізгі терапиясына қосымша симптоматикалық ем ретінде       

Жағымсыз әсерлері

  • өте сирек теріге бөртпе шығу немесе диспепсиялық бұзылулар (мысалы, диарея, жүрек айну) түрінде жоғары сезімталдық реакциялары болуы мүмкін.

Гомеопатиялық дәрілік заттарды қабылдау кезінде ауру симптомдарының өткінші күшеюі ықтимал (жағдайдың бастапқыда нашарлауы); мұндай жағдайда препаратты қабылдауды тоқтатып, дәрігерден кеңес алу керек.
Егер Сіз өзіңізден осы қосымша парақта ескерілмеген жағымсыз құбылыстарды байқайтын болсаңыз, бұл туралы дәрігеріңізге немесе фармацевтіңізге хабарлаңыз.   

Қолдануға болмайтын жағдайлар
Препарат ингредиенттерінің біріне белгілі жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Егер Сіз басқа медикаменттер қабылдап жатқан болсаңыз немесе жуықта қабылдаған болсаңыз, соның ішінде рецептсіз сатып алуға болатын медикаменттерді, бұл туралы дәрігеріңізге немесе фармацевтіңізге хабарлаңыз.       

Артық дозалануы
Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы
Поливинилхлорид үлбірінен және алюминий баспа лакталған фольгасынан жасалған контурлы ұяшық қаптамадағы 20 таблетка. 5 контурлы қаптама мемлекеттік және орыс тіліндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары
15–25 °С ға дейінгі температурада сақтау керек.  Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі 5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолданбау керек.  

Дәріханадан босатылу шарттары Рецептсіз

Өндіруші
Дойче Хомеопати-Унион, ДХУ-Арцнаймиттель ГмбХ & Ко. КГ
Германия, 76227 Карлсруэ, Оттоштрассе 24.
Тел. +49 / 721 / 4093 236

Ринитал мынадай тәсілмен қолданылады:

ересектер мен жасы 12-ден асқан балалар
жіті жағдайлар кезінде жағдай жақсарғанға дейін әр сағат сайын 1 таблеткадан (бірақ күніне 12 таблеткадан астам емес); бұдан кейін 1-2 таблеткадан күніне 3 рет қабылдау керек;

4 жастан 12 жасқа дейінгі балалар    
жіті жағдайлар кезінде жағдай жақсарғанға дейін әр сағат сайын 1 таблеткадан (бірақ күніне 8 таблеткадан астам емес); бұдан кейін 1 таблеткадан күніне 3 рет қабылдау керек;

пішен безегінің алдын алу үшін: препаратты қабылдауды аллергенді тозаңның пайда болуынан 6 апта бұрын бастай отырып, 1 таблеткадан күніне 3 рет.  

Таблеткаларды ауызда баяу еріте отырып, тамақтан жарты сағат бұрын немесе тамақтанғаннан соң жарты сағаттан кейін қабылдаған жөн. Жасы 5-ке дейінгі балаларды емдеген кезде таблеткаларды шамамен 20 мл (2 ас қасық) қайнатылып салқындатылған суда ерітуге болады.     

Лактозаны көтере алмайтын немесе глютен ауруына шалдыққан науқастарға арналған ескерту:   

Риниталдың құрамында лактоза мен бидай крахмалы бар.
Симптоматика сақталған немесе анықсыз болған немесе жаңа симптомдар пайда болған кезде дәрігерден кеңес алу керек, өйткені медициналық көмекті талап ететін ауру орын алуы мүмкін.   

Жүктілік және лактация кезеңі
Риниталды жүктілік кезінде және лактация кезеңінде қабылдау дәрігердің алдын ала кеңесінен кейін ғана мүмкін.   

Көлік құралын немесе қауіптілігі әлеуетті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету 
Әсер етпейді

0

Сұрақ қою

To prevent automated spam submissions leave this field empty.