Назар аударыңыз!
Сайттың бұл бөлімінде жарнама жасау заңнамасында қарастырылмаған дәрі-дәрмектер туралы ақпарат сақталған. Бұл бөлімдегі ақпараттар танысу үшін берілген, тек ғылыми-ақпараттық сипатта ғана жазылған және көптеген адамдар үшін жарнамалық сипаттағы ақпарат ретінде қабылданбауы тиіс. Қүшіне енген Заңына сәйкес, бұл ақпараттарды алуға медицина және фармацевтика саласының қызметкерлеріне ғана рұқсат етіледі. Сіз медицина немесе фармацевтика саласының қызметкері екендігіңізді растауыңызды өтінеміз.

Трахисан (Trachisan)

Егер індет тамаққа өтсе, онда көмек пен қорғаныс қажет. Ал ең жақсы қорғаныс – басып алу. Оны басып алу үшін уақытпен сыналған неміс препараты Трахисан* бола алады. 

Трахисан, өзінің құрамына кіретін үш компоненттің – тиротрицин, хлоргексидин және лидокаин арқасында індет пен тамақ ауруы кезінде бірден үш әсер береді: бактерияға қарсы, антисептикалық және ауруды басатын.

Тиротрицин – жергілікті антибиотик, тек (!) жергілікті әсер береді, қанағымға сіңбейді, яғни уландырғыш әсер бермейді, шырышты қабықты қоздырмайды, ішек микрофлорасына әсер етпейді, лайда бактериялар мен саңырауқұлақшалардың көп түріне әсер етеді; хлоргексидин – ең танымал қолданылатын антибиотик, ол әсер етудің ауқымды спектріне ие, тиротрициннің әсерін күшейтеді және қабынуды жоюға көмектеседі; лидокаин – жергілікті, көп қолданылатын ауруды басатын компонент, ауруды тез жоюға көмектеседі.

Ауырғыш микроағзаларға тиімді және ұзақ мерзімді әсер ету үшін Трахисан таблеткалар міндетті түрде сору керек (!). Тамақтың шырышымен дәріні шайып жібермеу үшін дәріні сорғаннан кейін 30 минут ішінде ештене ішпей, тамақ жемеген жөн. Трахисан жағымды жалбызды дәмі бар, құрамында қант жоқ және ересектер мен 4 жастан асқан балаларға қолдануға рұқсат етілген препарат.

Трахисан – індет пен тамақ ауруы кезінде тез көмек!

Трахисан таблеткалар: өндіруші Engelhard Arzneimittel GmbH & Co. KG (Германия), 10.01.2012 жылғы РК­ЛС­5 №00973101.

*Дәрі­дәрмек жарнамасы. Қолданар алдында нұсқаулықпен танысып, дәрігермен кеңескен жөн. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Өзін­өзі емдеу Сіздің денсаулығыңыз үшін зиян болуы мүмкін.

Engelhard Arzneimittel     R02A B52

Тамақ ауырғанда жедел көмек береді.

Шығарылу түрі 
соруға арналған таблетка. №20, 1 қаптамада 10 таблеткадан, қағаз қорапқа 2 қаптамадан салынады.

Құрамы
Тиротрицин 0,5 мг
Лидокаин гидрохлориді 1 мг
Хлоргексидин диглюконаты 1 мг

Қосымша заттар: сорбит, магний стеараты, кермек жалбыз майы.
1 таблетка құрамында 0,609 г сорбитол (қантты алмастырушы) бар, ол 0,057 астық бірлігіне сәйкес келеді.

Фармакотерапиялық тобы
Тамақ ауруларында қолданылатын препараттар. АТЖ коды R02A B52.   

Қолданылуы

  • Ауыз қуысы мен жұтқыншақтың қабынбалы және инфекциялы ауруларында (стоматит, гингивит, пародонтит, глоссит, тонзиллит, фарингит және басқа да жұтыну кезінде ауырсыну белгілері байқалатын жағдайлар)
  • Ауыз қуысы мен жұтқыншаққа ота жасағанға дейін және ота жасағаннан кейін инфекциялардың алдын алу мақсатында (тістерді экстрациялау, қызыл иекті хирургиялық жолмен емдеу, тонзиллэктомия)

Қарсы көрсетылымдері

  • препараттың кез-келген құрамдас бөлігіне аса сезімталдық
  • ауыз қуысының шырышты қабығының зақымдануы (эрозия)
  • ауыз және көмей қуысының ашық жарасында
  • 6 жасқа дейінгі балалар

Жанама әсерлері

  • қысқа уақытқа созылатын ауыздағы дәмнің өзгеруі, аздаған уақыт ішінде қайтатын тілдің жансыздануы,
  • тістің, тіс пломбалары мен протездің, тілдің сары немесе ашық қоңыр түске әлсіз боялуы, оны ауыз қуысы гигиенасының көмегімен тазалауға болады.

Препаратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін боялу да өздігінен тоқтайды.

Басқа дәрілермен әрекеттесуі
анықталмаған

Артық дозалануы анықталмаған

Сақтау шарттары 25°С-тан аспайтын, құрғақ әрі балалардан қорғалған жерде сақтау қажет.

Сақтау мерзімі 3 жыл

Дәріханадан босатылу шарттары дәрігердің тағайындауынсыз.

Препарат құрамында микробтарға қарсы әсер ететін қасиеттерге ие және жергілікті ауырсынуды басатын заттардың шоғыры бар.

Тиротрицин – кезеңдік және желілік полипептидтердің қосындысы, ол спора түзетін Bacille brevis эндотоксинімен тиротрициннің ұқсастығы есебінен бактерияға қарсы әсер етеді. Қоспа 70-80% тироцидиннен – негізгі кезеңдік декапептидтен және 20-30% грамицидиннен – бейтарап желілік пентадекапептидтен тұрады. Тироцидин бактерицидті әсерге ие.

Тироцидин катионды детергентке ұқсас, құрамында азот пен фосфор бар негіздердің бактериялы жасушалардан тазаруын туындатады, бактериалы жасушалар мембранасының тосқауылын бұзады.

Грамицидин бактерияның жасушалы мембранасында катион өткізгіш арналар құрады, соның салдарынан катиондардың жасушаішілік шоғырының өзгеруі мен цитолизге әкеліп соқтырады. Грамицидинді құраушы жасушалардың тыныс алу мен фосфорлана қышқылдану үдерістерінің одан әрі жалпылануын туындатады.

Тиротрициннің әсер ету аясы грамоң кокктарды, бактериялар мен алуан түрлі бөртпе саңырауқұлақтарды, оның ішінде Candida albicans-ты да қамтиды.

Антибиотиктерден айырмашылығы, тиротрицинді қабылдау кезінде микроорганизмдердің қарама-қайшылығы байқалмайды. Бұл ерекшелік тиротрициннің әсер ету механизмінде қарастырылған.

Хлоргексидин мен оның тұздарының бактерияға қарсы және фунгицидті әсері бар.

Хлоргексидиннің әсер ету механизмі оның микроорганизмдердің жасушалы қабыршағымен ұқсастығына негізделеді. Оның қасиеттері белсенді затпен әрекеттескеннен кейін өзгереді. Хлоргексидин жасушалардағы осмотикалық тепе-теңдікті жояды, өз кезегінде бұл қоздырғыш жасушаның цитоплазмалық мембранасын бұзады.

Кейбір грамтеріс бактерияларға (Pseudomonas, Proteus), ашытқыш микробтарға, дерматофиттер мен микобактерияларға әсері әлсіз. Хлоргексидиннің саңырауқұлақтардың, шіріткіш саңырауқұлақтардың, вирустардың спораларына (тұқымдарына) қарсы әсері әлсіз.

Лидокаин гидрохлориді амидтер тектес жергілікті анестетик болып табылады.

Жүйке талшықтарының натрийлі арналарының оқшаулануын тудырады. Соның нәтижесінде белсенді әлеуеті арқылы жүйке тендері мембранасының деполяризациялану үдерісі бұзылады. Сонымен қатар сезімтал жүйке талшықтарына қоздырғышты жеткізуге тосқауыл қойылады.

Ұзақ уақыт қабылдағанда препараттың тиімділігі төмендейді, ол тістің сыртқы бөлігі мен ауыз қуысы микрофлорасының бактериалы шоғырындағы өзгерістерге негізделуі мүмкін.

Трахисан -  соруға арналған таблеткалар – әрбір 2 сағат сайын 1 таблеткадан қабылдау қажет. Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға тәулігіне 8 таблеткаға, 6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға тәулігіне 6 таблеткаға дейін қабылдауға болады.

Ауру белгілері бірнеше күннен кейін жойылады, алайда толықтай терапевтік нәтижеге қол жеткізу үшін емді тағы да 2-3 күн жалғастыру қажет. Егер Трахисанды қабылдағаннан бастап 5 күн ішінде денсаулығыңыздың жақсарғаны байқалмаса, онда емделу тәсілін ауыстырғаныңыз дұрыс.

Қан диабетімен ауыратындарға препаратты қабылдауға болады.

Жүктілік пен лактация кезінде препаратты қабылдау: егер анасы үшін күтілетін нәтиже іштегі нәрестеге үшін мүмкін болатын қатерден жоғары болса.

Дәрілік препараттың көлік немесе басқа қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері: әсер етпейді

0

Сұрақ қою

To prevent automated spam submissions leave this field empty.