Назар аударыңыз!
Сайттың бұл бөлімінде жарнама жасау заңнамасында қарастырылмаған дәрі-дәрмектер туралы ақпарат сақталған. Бұл бөлімдегі ақпараттар танысу үшін берілген, тек ғылыми-ақпараттық сипатта ғана жазылған және көптеген адамдар үшін жарнамалық сипаттағы ақпарат ретінде қабылданбауы тиіс. Қүшіне енген Заңына сәйкес, бұл ақпараттарды алуға медицина және фармацевтика саласының қызметкерлеріне ғана рұқсат етіледі. Сіз медицина немесе фармацевтика саласының қызметкері екендігіңізді растауыңызды өтінеміз.

Умкалор (Umkalor)

Тұмау, тамақтың жыбырлауы, жөтел, қалжырағандық және басқалары сияқты суық тиюдің алғашқы белгілері кезінде бірінші кезекте осы белгілерді шақыртқан қоздырушылармен күресу қажет. 90% жағдайларында суық тиюдің себептері – вирустар, ал 10% ­ бактериялар болғандықтан, аурудың алғашқы сатысында вирустарға қарсы, сондай­ақ бактерияларға қарсы әсері бар препарат қажет. Бұдан басқа, тұмау кезінде ағзаның қорғаныс функциясы айтарлықтай әлсірейді, сондықтан иммундық жүйені ойлаған жөн.

Умкалор* – өзінің басты компоненті ­ Pelargonium sidoides өсімдігінің арқасында бірден аталған үш әсер: вирусқа қарсы, бактерияға қарсы және иммунтүрлендіруші әсерлері бар неміс өсімдік препараты.

Умкалорды тұмау енді басталғанда қолданған тиімді, өйткені өзінің қасиеттерінің арқасында ол аурудың алғашқы күнінен вирустар мен бактериялармен күреседі, олардың жасушаға енуіне жол бермейді, таралу мүмкіндігін бермейді, ағзаның қорғаныс күштерін көтереді, тезірек жазылуға көмектеседі және асқынудың дамуын алдын алады.

Умкалорды ересектер мен 1 жастан асқан балаларда дем алатын жолдар мен ЛОР­мүшелері нің ауыр және созылмалы ауруларын: бронхит, синусит, ринофарингит, тонзиллитті емдеу үшін қолданады. Умкалормен емдеу курсы тұмау кезінде 7­-10 күн. Тұмаудың алғашқы күнінен Умкалорды қолданып, Сіз жазылу үдерісін тездетіп, болуы мүмкін асқынуларды алдын ала аласыз.

Умкалор препараты туралы толығырақ www.umckaloabo.de сайтынан білуге болады.

Умкалор – бүкіл жанұяға арналған тұмау кезіндегі алғашқы көмек!

Умкалор ерітінді 20: өндіруші DHU Arzneimittel GmbH & Co. KG (Германия), 15.01.2010 жылғы РК­ЛС­5 No 015530
Умкалор ерітінді 50 : өндіруші DHU Arzneimittel GmbH & Co. KG (Германия), 15.01.2010 жылғы РК­ЛС­5 No 015504

*Дәрі­дәрмек жарнамасы. Қолданар алдында нұсқаулықпен танысып, дәрігермен кеңескен жөн. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Өзін­өзі емдеу Сіздің денсаулығыңыз үшін зиян болуы мүмкін.

Саудалық атауы
Умкалор
Umckalor®

Халықаралық патенттелмеген атауы   
Жоқ

Дәрілік түрі
20 мл, 50 мл ішке қабылдауға ерітінді

Құрамы
10 г ерітіндінің құрамында
белсенді зат – Pelargonium sidoides тамырынан алынған сығынды (1:8 – 10) 8,0 г;     
экстрагент: этил спирті 11 %
қосымша зат - глицерин 85 %  2,0 г;
құрамындағы алкоголь 12 көл. %.

Сипаттамасы
Ақшыл-қоңыр түстен қызылдау-қоңырлау түске дейінгі сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы
Жөтел мен суық тию аурулары кезінде қолданылатын препараттар 
АТЖ коды R05    

Қолданылуы
Жіті және созылмалы жұқпалар, әсіресе тыныс алу жолдарының және құлақ, тамақ пен мұрын маңы жұқпалары,  мысалы, бронхит, синусит, тонзиллярлық ангина, ринофарингит.  

Жағымсыз әсерлері
Жиі емес:

  • асқазан-ішек бұзылулары (асқазан ауыру, қыжыл, жүрек айну немесе диарея),

Сирек:

  • қызыл иектен немесе мұрыннан болмашы қан ағу  ,
  • жоғары сезімталдық реакциялары (теріге бөртпе шығуы, есекжем, тері мен сілемейлі қабаттардың қышуы).

Өте сирек:

  • беттің ісіп кетуі, демікпе және артериалды қысымның төмендеуі тәрізді жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары.

Умкалор® препаратын қабылдағаннан кейін бауыр функциясының бұзылуы пайда болатыны туралы жекелеген хабар бар; осы әсерлер мен препаратты қолданудың арасындағы себеп-салдар байланысы анықталмаған. 

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препараттың белсенді затына немесе басқа да компоненттеріне жоғары сезімталдық 
  • қан ағуға жоғары бейімділік   
  • антикоагулянттарды қабылдау
  • бауыр мен бүйректің ауыр аурулары 
  • 1 жасқа дейінгі бала жасы
  • жүктілік, лактация кезеңі.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Осы уақытқа дейін Умкалор препаратының басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі туралы хабар болған жоқ. Препараттың қанның ұйысып қалу параметрлеріне ықтимал әсеріне бола бір мезгілде қолданылғанда оның фенпрокоумон және варфарин секілді антикоагулянттардың әсерін күшейте түсу ықтималдылығын  алып тастау мүмкін емес.       

Артық дозалануы
Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

Күңгірт шыныдан жасалған 20 және 50 мл сауыттар, полиэтилен тамызғышпен жабдықталған, бұралатын қақпақшасы бар, бірінші рет ашу бақылауымен.  

1 сауыт қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.  

Сақтау шарттары
30 °С-дан аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі 2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолданбау керек.  

Дәріханадан босатылу шарттары Рецептсіз

Өндіруші
ИЗО-Арцнаймиттель ГмбХ & Ко. КГ
Бунзенштрассе 6 -10, 76275 Эттлинген, Германия

Тіркеу куәлігінің иесі  
Дойче Хомеопати-Унион ДХУ-Арцнаймиттель ГмбХ & Ко. КГ
Германия, 76227 Карлсруэ, Оттоштрассе 24.
Тел. +49 / 721 / 4093 236

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы   
Алматы қ., Жетісу-2 ы.а., 80-үй, 54-п. 
тел. 8 (727) 2979833
E-mail: info.kazakhstan@alpenpharma.com

 

Фармакокинетика

Умкалор жалпы белсенді зат ретінде қарастырылатын көптеген компоненттердің кешенді қоспасы болып табылады. Жекелеген заттардың фармакокинетикалық қасиеттері туралы деректер жоқ.   

Фармакодинамика

Умкалор препаратының құрамында оңтүстік африкалық Pelargonium sidoides өсімдігінің тамырынан алынған сығынды бар. 
in vitro зерттеулерінің барысында Умкалор препаратының мынадай әрекеттері расталды:   

ерекше емес қорғау механизмдерін стимуляциялау: 

  • кірпікті эпителий талшықтарының ауытқу жиілігін стимуляциялау,
  • интерферон және қабынуға қарсы цитокиндер синтезін модуляциялау,
  • NK-жасушалары белсенділігін стимуляциялау,
  • фагоцитозды, адгезивтік молекулалар экспрессиясын, хемотаксисті стимуляциялау;
  • микробтарға қарсы белсенділік:
  • орташа тікелей бактерияларға қарсы және вирустарға қарсы белсенділік,  
  • өлі/тірі эпителий жасушаларына қатысты А тобы стрептококктары адгезиясын күшейту/тежету,
  • ß-лактамаза белсенділігін тежету;

Цитопротективтік қасиеттері:

  • адам лейкоцитарлық эластазасын тежеу,
  • антиоксиданттық қасиеттер. 

Дәрігеріңіздің тарабынан өзге нұсқаулар болмаған жағдайда мынадай дозалау режимі ұсынылады:

ересектер және жасы 12-ден асқан балалар: 20-30 тамшыдан күніне үш рет;
жасы 6-дан 12-ге дейінгі балалар: 10-20 тамшыдан күніне үш рет;
жасы 1-ден 5-ке дейінгі балалар:  5-10 тамшыдан күніне үш рет.

Тамшыларды сұйықтықтың аздаған мөлшерімен таңертең, күндіз және кеште қабылдау керек.    
10 тамшы ерітіндінің 0,16 мл-іне сәйкес келеді.

Емдеу курсы 7 – 10 күн. Симптомдар бәсеңдегеннен кейін ауру рецидивінің алдын алу үшін препаратты қабылдауды тағы бірнеше күн бойы  жалғастырған жөн. Ем ұзақтығы 3 аптадан аспауы тиіс.  

Егер жай-күйіңіз бір аптаның ішінде жақсармаса, егер жоғары температура бірнеше күн бойы сақталатын болса, сондай-ақ ентіге бастасаңыз немесе қан аралас қақырық пайда болса, дереу дәрігерге жүгініңіз.     

Умкалордың құрамында 12 көл.% алкоголь бар. Препаратты қабылдау кезінде нұсқаулыққа сәйкес әрбір дозамен бірге (10-20-30 тамшы) 0,02-0,04-0,06 г спирт қабылданады, бұл бауыр ауруларына және церебралды ауруларға, алкоголизмге, эпилепсияге шалдыққан науқастардың, жүкті, емшек емізетін әйелдердің және балалардың денсаулығына қауіп төнгізуі мүмкін.                        

Сұйық өсімдік сығындылар ұзақ сақтаудан кейін лайлануға бейімді, бұл, алайда, дәрілік заттың тиімділігіне еш әсер етпейді.   
Умкалор ерітіндісі табиғи өнім болғандықтан, лайлану және препарат түсі мен дәмінің сәл ауытқуы орын алуы мүмкін.   

Жүктілік және  лактация кезеңі
Умкалор препаратын жүкті және емшек емізетін әйелдердің қолдануының жеткілікті тәжірибесінің болмауына орай, оны жүктілік және  лактация кезеңінде қолданбаған жөн.

Көлік құралын немесе қауіптілігі әлеуетті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері  
Әсер етпейді.   

0

Сұрақ қою

To prevent automated spam submissions leave this field empty.