Пресс-орталық

Tun Run 2017. Winter Edition

20.02.2017

«Альпен Фарма компаниясы Қазақстан Республикасының үлкендер мен балалар арасында жүгіру мәдениеті мен салауатты өмір салтын дамытуға ұмтылысын қолдайды. 2017 жылғы ақпанның 18-інен 19-ына қараған түні жыл сайын Алматы қ. тауларында түнгі жүгіруден өткізілетін «Tun Run 2017. Winter Edition» жарысының кезекті кезеңі болып өтті. Трасса бұл жолы Құмбель – мейманхана – Көкжайлау таулы маршруты бойынша және кері қарай, 600 м биіктікке көтеріле отырып жалпы ұзындығы 600 м-ге созылды. Қазақстандағы Альпен Фарма компаниясы марафонның белсенді қатысушысы бола отырып, оны ұйымдастырушылардың ұсынысына қолдау көрсетті және көпшілікпен бөлісті. Альпен Фарма қызметкерлерінен құрылған топ ауқымды жүгіру жарысына қатысты және өздері үлгі көрсете отырып, спортпен айналысу қызықты және пайдалы екендігін спортшыларға көрсетті, – деп атап өтті марафонның 22 нөмірлі қатысушысы Денис Верховед, Қазақстандағы Альпен Фарма компаниясының урология, гинекология бағытындағы продукт менеджер.