Ашық бос орынға үміткерлер үшін дербес деректерді қорғау туралы өтініш

Сіздің қызығушылық танытып, біздің Компаниядағы бос орынға өтінім бергеніңізге қуаныштымыз. Төменде сіз ұсынған құжаттарға байланысты сіздің дербес деректеріңіздің өңделуі туралы ақпарат ұсынылған. 

 

Деректерді бақылаушы

 

Заңнамалық тұрғыдан деректердің қорғалуы үшін Компания жауапты болып табылады: Alpen Pharma LLC, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы,  Алматы облысы, Қарасай ауданы, Елтай ауылдық округі, Көкөзек кенті, 1044-құрылыс. Біздің компания туралы анағұрлым толық ақпаратты, уәкілетті тұлғалар туралы ақпаратты, сондай-ақ басқа байланысу деректерін сіз біздің www.alpenpharma.kz  сайтындағы «Contacts» бөлімінен таба аласыз.

 

Өңделетін деректер. Дербес деректерді өңдеу мақсаты

 

Біз сіздің бос орынға берген өтініміңізге байланысты, осы лауазымға сіздің кәсіби жарамдылығыңызды тексеру үшін (немесе, қажет болған жағдайда, біздің компанияда басқа ашық орындар үшін) және бос орынға өтініш беру кезінде әдеттегі рәсімді жүргізу үшін сіз ұсынған деректерді өңдейміз.  

 

Заңнамалық база

 

Құқықтық тұрғыдан бос орынға өтінім беру барысында сіздің дербес деректеріңізді өңдеу үшін, біз Деректерді қорғау жөніндегі жалпы регламенттің  (DSGVO/GDPR) 6-бабы 1-абзацын негізге аламыз. Егер шарт жасасу үшін деректерді өңдеу қажет болса, осы ережемен рұқсат беріледі. Егер деректерге мұқтаждық өтінімді өңдеу үдерісі аяқталғаннан кейін пайда болса, мысалы сот тергеуі үшін, онда деректерді өңдеу  Деректерді қорғау жөніндегі жалпы регламенттің  (DSGVO/GDPR) 6-бабының ережелеріне негізделеді, атап айтқанда, Деректерді қорғау жөніндегі жалпы регламенттің  (DSGVO/GDPR) 6-бабы, 1-абзацы, f) тармақшасына сәйкес заңды мүдделерді сақтау үшін.  Мақсат ретінде бұл жағдайда наразылық білдіру немесе наразылық білдіру кезінде қорғану іс-қимылдары туралы сөз болып тұр.   

 

Деректерді сақтау мерзімі

 

Бас тартқан жағдайда, өтініш берген үміткерлердің деректері 6 айдан соң жойылатын болады. Егер өтінім беру үдерісінің шеңберінде сізбен шарт жасалса, сіздің деректеріңіз бос орындар бойынша деректер жүйесінен персонал бойынша біздің ақпараттық жүйеге ауыстырылатын болады.

 

Деректерді табыстау

 

Бос орынға сіздің өтініміңізді алғаннан кейін, деректерді кадрлар бөлімі қарайтын болады. Лайықты өтініштер кейіннен компания ішінде тиісті ашық орын үшін жауапты тұлғаға жіберіледі. Содан кейін бұдан арғы іс-қимылдар белгіленеді. Сіздің деректеріңізге қолжетімділікке бос орынға өтінімді өңдеу үдерісін тиісті тәртіпте жүргізу үшін қажет болатын компания тұлғалары ғана ие.

 

Деректерді өңдеу орны

 

Деректер Швейцариядағы есептеу орталығында өңделеді. Біздің компанияда осыған ұқсас деректерді өңдеуге рұқсат беретін есептеу орталығының әкімшісімен деректерді өңдеуге арналған шарт жасалған. ЕО комиссиясының шешімі бойынша, Швейцарияның талаптарға жауап беретін деректерді қорғау деңгейі бар.

 

Сіздің деректер субъектісі ретіндегі құқықтарыңыз

 

Біз өңдейтін Сіздің дербес деректеріңіз туралы ақпарат алу құқығыңыз бар. Жазбаша емес нысанда мұндай ақпарат бойынша сұрату алған кезде, Сізден өзіңізді нақты осы тұлға ретінде көрстеуіңіздің дәлелдемесі талап етілетін болады, бұған түсіністікпен қарайды деп ойлаймыз. Сонымен қатар, Сіздің бұған заңды құқығыңыз бар дәрежеде деректердің өңделуін түзету, тоқтату немесе шектеу құқығыңыз бар. Бұдан бөлек, заңнама талаптарының шеңберінде, өңдеуге қарсы наразылық келтіруге де құқығыңыз бар болады. Дәл осылайша, мұның деректерді жіберу құқығына да қатысы бар.

 

 

Шағымдану құқығы

 

Сіздің деректерді қорғау жөніндегі қадағалау органына дербес деректерді өңдеу бойынша біздің компанияға шағым беру құқығыңыз бар.

 

Маңызды ескерту: career.kz@alpenpharma.com. мекенжайына түйіндемені жібере отырып, Сіз барлық аталған дербес деректердің өзектілігін растайсыз және оларды өңдеуге өз келісіміңізді бересіз.

 

Жеке деректерді қорғау туралы сұрақтарыңыз болса, төмендегі байланыс ақпараты арқылы бізге хабарласыңыз:

Электрондық пошта: data.protection@alpenpharma.com