Пресс-орталық

«Орталық Азия гастроэнтерологиялық апталығы-2015» IV Халықаралық конгрессі өтті

12.10.2015

2015 жылдың 30 қыркүйегінен 3 қазанға дейін Бауыр ауруын зерттеу жөніндегі Еуропалық ассоциацияның (EASL) қолдауымен «Орталық Азия гастроэнтерологиялық апталығы-2015» IV Халықаралық конгрессі өтті. Форумды ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігі, ҚР ДӘДМ Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, Бауыр ауруларын зерттеу жөніндегі Қазақ ассоциациясы.

Форумға 24 елден келген 450 делегат және 95 лектор қатысты. Алыс шетелдерден (Великобритания, Германия, Австрия, Италия, Испания, Греция, США, Канада, Біріккен Араб Әмірлігі, Израиль, Туркия және басқа) және ТМД елдерінен (Ресей, Украина, Өзбекстан) алдыңғы қатарлы ғалымдар, басты мамандар –  гастроэнтерологтар, инфекционстер, терапевтер, эндоскопистер, хирургтер, онкологтар, зертханалық және функционалдық диагностика мамандары шақырылды.