Назар аударыңыз!
Сайттың бұл бөлімінде жарнама жасау заңнамасында қарастырылмаған дәрі-дәрмектер туралы ақпарат сақталған. Бұл бөлімдегі ақпараттар танысу үшін берілген, тек ғылыми-ақпараттық сипатта ғана жазылған және көптеген адамдар үшін жарнамалық сипаттағы ақпарат ретінде қабылданбауы тиіс. Қүшіне енген Заңына сәйкес, бұл ақпараттарды алуға медицина және фармацевтика саласының қызметкерлеріне ғана рұқсат етіледі. Сіз медицина немесе фармацевтика саласының қызметкері екендігіңізді растауыңызды өтінеміз.

Дисменорм (Dysmenorm)

Дисменорм* бұзылған етеккір циклін және емшек дертін емдеу үшін арнайы жасалған. Ол етеккірлік қан ағудың ырғағын, қарқындылығын және ұзақтығын реттейді, сүт бездерінің, емшек дертінің ауруын жояды, сонымен бірге етеккір алды синдромын азайтады.

Дисменорм 4 компоненттен тұрады:

  • Agnus castus (авраам ағашы) – етеккір циклінің екінші сатысының гормоналды жеткіліксіздігімен болған сирек, мардымсыз етеккір кезінде, бедеулік кезінде етеккір алды синдромының белгілері кезінде пайдалы болатын Дисменормның басты компоненты;
  • Pulsatilla (прострел луговой) ЕАС симптомдарын төмендетеді: бас ауруы, қозғыштық, жылауықтық, сүт бездерінің және іштен төмен ауруды, беттің, жіліншіктің, қол саусақтарының ісігі, бет терісінде бөртпелер;
  • Rosmarinus of icinalis (дәрілік гүлшетен) бас айналуын, бас ауруын, іштің төменгі бөлігіндегі сырқатты жояды, етеккірдің басталуына септігін тигізеді, оның түйілуді басатын және өт айдайтын әсерлері болғандықтан, заттектер алмасуын және бауыр жұмысын жақсартады;
  • Apis mellifica (бал арасы) тұрақсыз етеккірді қалпына келтіреді, ұзақ қан ағу кезінде көмектеседі және қабыну кезінде циклдің дұрысталуына септігін тигізеді.

Дисменорм ересектер мен 12 жастан асқан қыз балаларға ұсынылады. Ол ұзақ мерзімді қабылдау кезінде жақсы жағады, етеккір циклінің бұылуы (ЕЦБ) кезінде де, етеккір алды синдромы (ЕАС) кезінде де гормоналды фонды қалпына келтіреді. Еуропаның әйелдері Дисменорм препаратын 50 астам уақыт қолданып келеді.

Дисменорм ¬ әйел гармониясының гормоналды емес сақтаушысы!

0

Сұрақ қою

To prevent automated spam submissions leave this field empty.