Назар аударыңыз!
Сайттың бұл бөлімінде жарнама жасау заңнамасында қарастырылмаған дәрі-дәрмектер туралы ақпарат сақталған. Бұл бөлімдегі ақпараттар танысу үшін берілген, тек ғылыми-ақпараттық сипатта ғана жазылған және көптеген адамдар үшін жарнамалық сипаттағы ақпарат ретінде қабылданбауы тиіс. Қүшіне енген Заңына сәйкес, бұл ақпараттарды алуға медицина және фармацевтика саласының қызметкерлеріне ғана рұқсат етіледі. Сіз медицина немесе фармацевтика саласының қызметкері екендігіңізді растауыңызды өтінеміз.

Энтерокинд (Enterokind)

Энтерокинд* – «ішек түйілуін» жою, іштің кебуі мен метеоризмді, омыраудағы және кіші жастағы балаларда іш ауруымен ілесетін функционалды ішек бұзылыстарын емдеу үшін қолдануға ұсынылған неміс табиғи кешенді препараты.

Нәрестелердің өмірлерінің алғашқы үш айында көп жылау себебі «ішек түйілуі» болып табылады. Түйілу – бұл баланың мазасыздығына алып келетін іштегі ұстамалы ауру сезімдері. Бұл кезде бала жылайды, аяқтарын бұлғаңдатып жатады, ал бұл ата¬ананың уайымын тудырады. Нәрестелерде «ішек түйілудің» негізгі себебі – ішектің қимыл белсенділігінің дискоординациясымен, ферменттік жетіспеушілігімен, және соның салдарынан ішектің ісуіне алып келетін желдің пайда болуымен ашу үдерісінің белсенділігімен көрсетілетін ішек¬қарын жолының жетілмегендігі. Қазіргі таңда «ішек түйілуімен» күресу үшін аскөк суын, көбікбасушылар (симетикон), газ өткізетін түтіктер (!), массаж және т.б. қолданылады. Алайда аталған әдістердің біреуі де «ішек түйілудің» себептері мен пайда болудың алғашқы механизмдеріне әсер етпейді. Мысалы, аскөк суы ішек бұлшықеттерінің түйілуін алу есебінен желқуар әсер (ішектен желді алады) береді. Симетикон негізіндегі препараттар ішек желінің көпіршіктерінің беткей кернеуін өзгертеді, олардың пайда болуын қиындатады және ішектің созылуын азайта отырып, пайда болғандарын жояды. Осылардың бәріне тамаша балама Энтерокинд препараты бола алады.

Энтерокиндтің артықшылығы ¬ әсер етудің көп жақтылығы. Энтерокинд түйілудің барлық түрлеріне дерлік (қатты жиырылу, жоғары газ түзілуі) кезінде ауырған жағдайда жеңілдете алады, өйткені ол асқорыту ферменттерінің шығуын (жасқа байланысты) ретке келтіре отырып, белгілерге де, сондай¬ақ олардың пайда болу себептеріне де (жақсартады және ең бастысы толқи жиырылуды үйлестіреді) әсер етеді. Препараттың бірегейлігі осында. Сондықтан клиникалық зерттеулердің мәліметі бойынша Энтерокинд симетиконнан 2 есе тиімдірек екені таңғаларлық жайт емес1. Энтерокинд жақсы жағып, туылған кезден бастап балаларға қолдануға рұқсат етіледі. Препаратпен емдеу курсы – 3¬-6 күн. 

 

0

Сұрақ қою

To prevent automated spam submissions leave this field empty.