Трахисан (Trachisan)

Трахисан – ауыз қуыстары мен тамақтың қабынатын және инфекциялық ауруларын тиімді емдеуге арналған біріктірілген 3 топтамалық препарат, антибактериалдық белсенділіктің ауқымды кең спектріне және жылдам анальгетикалық (ауыртпайтын) тиімділікке* ие, үлкен адамдар сияқты, балаларға да қолдануға рұқсат етілген**. 

Трахисанның құрамына топикалық антибиотик (Тиротрицин), антисептик (Хлоргексидин) және анальгетик (Лидокаин) кіреді. 

Тиротрицин – антибактериялық белсенділіктің кең ауқымды спектріне ие топикалық (жергілікті) антибиотик. 

Тиротрицин қанға сіңбейді және бүкіл ағзаға негативті жүйелік әсер етпейді. Антибиотиктерге қарағанда, ерекше әрекет ету механизмі есебінен микроағзалардың тиротрицинге үйренуі (резистенттілігі) дамымайды.   Хлоргексидин – грамоңдыға қатысты сияқты,  грамкері бактерияларға қатысты антимикробты әрекетінің ауқымды кең спектрі бар антисептик. Лидокаин – кеңінен қолданылатын жергілікті анестетиктердің бірі. Басқа (мысалы, новокаинге) қарағанда бірнеше артықшылықтары бар. 

Белсенді топтамалардың бірігуі есебінен Трахисан 3 бағытты әрекет етеді: ауыз қуысы мен тамақтың қабыну және инфекциялық ауруларын қоздыратын негізгі қоздырғыштарға, антибактериялық және антисептикалық әрекеттері  есебінен әсер етеді және лидокаиннің арқасында жылдам ауыртпайтын тиімділік көрсетеді. Трахисан препаратының тиімділігі мен қауіпсіздігі клиникалық зерттеулер барысында дәлелденген.

Трахисан – инфекция мен тамақ ауруы кезінде жасалатын жылдам көмек!

* пайдаланғаннан кейін 2 сағаттан кейін ауру белгілерінің төмендегенін 70% пациенттер айтқан1.
** Трахисан таблеткаларын  4 жасқа дейінгі балалардың пайдалануына болмайды.

1. Нагорная Н.В. и др. Эффективность и переносимость препаратов местного действия Трахисан и Декатилен при острых воспалительных заболеваниях ЛОР-органов у детей с хроническими тонзиллитом. Клиническая педиатрия, 2012;6(41).