Назар аударыңыз!
Сайттың бұл бөлімінде жарнама жасау заңнамасында қарастырылмаған дәрі-дәрмектер туралы ақпарат сақталған. Бұл бөлімдегі ақпараттар танысу үшін берілген, тек ғылыми-ақпараттық сипатта ғана жазылған және көптеген адамдар үшін жарнамалық сипаттағы ақпарат ретінде қабылданбауы тиіс. Қүшіне енген Заңына сәйкес, бұл ақпараттарды алуға медицина және фармацевтика саласының қызметкерлеріне ғана рұқсат етіледі. Сіз медицина немесе фармацевтика саласының қызметкері екендігіңізді растауыңызды өтінеміз.

Урсофалк (Ursofalk)

Қазіргі таңда асқорыту мүшелерінің ауруларының өсу тенденциясы анық байқалады, солардың ішінде бауыр және өт шығару жолдарының ауруы кең таралған және ауыр аурулардың бірі болып табылады. Дәл соның себебінен оларды емдеу тиімділігін арттыру мәселесі өзекті болып отыр. Оны шешуге тек жақсы ұсынылған және уақытпен тексерілген препараттар ғана көмектесе алады, олардың бірі – неміс препараты Урсофальк®.

Урсофальк®– холестазбен ілесетін (синтез және өттің ағып шығу үдерісінің бұзылуы) бауыр аурулары кезінде дәлелденген клиникалық тиімділігімен өзіндік гепатопротектор.

Урсофальк® өзінің басты компоненті – урсодезоксихолий қышқылының ерекшелігі арқасында (жалғыз уытты емес өт қышқылы) көбіне антиоксиданттар ретінде әсер ететін көптеген  епатопротекторлармен салыстырғанда осы әсерден бөлек басқа фармакологиялық қасиеттердің кең спектрі бар. Урсофальк 4 әртүрлі тікелей гепатопротекторлық әсер ету механизмдерін иемденеді, холеретикалық, литолитикалық, иммуномодульдеу, цитопротективтік, антифибротикалық, ісіке қарсы (онкопрофилактикалық), пребиотикалық, гиперхолестериндік, гиполипидемиялық әсерлерді береді, метаболизм синдромында бауыр бұзылысы кезінде дәлелденген әсермен жалғыз гепатопротектор болып табылады; қабыну белсенділігіне тікелей әсер етеді және апоптоз үдерісін басады (жасушалардың өлімі).

Урсофальк® Германияда Losan Pharma GmbH жеке фармацевтикалық кәсіпорнында 1979 жылдан бері ең заманауи технологияларды қолданып, жоғары сапалы субстанциялардан жасалады. Бұл УДХҚ (урсодезоксихоль қышқылы) басқа препараттарымен салыстырғанда әрекеттегі заттектің неғұрлым жоғары тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл жарамдылық мерзімі 2­4 жыл болаты УДХҚ генерикалық препараттармен салыстырғанда Урсофальктің® 5 жыл жарамдылық мерзімімен айқын. Сәйкесінше, әрекеттегі заттектің неғұрлым жоғары тұрақтылығы Урсофальктің® жоғары клиникалық тиімділігін, сенімді жән ұзақ мерзімді клиникалық әсерді қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда Урсофальк® препаратымен 4мыңнан астам ғылыми жұмыстар басылған, бұл оның жоғары сапасын дәлелдейді. Жоғарыда айтылғандардан Урсофальк® УДХҚ­ның еуропалық стандарты болып табылады.

Урсофальк® препаратының маңызды артықшылығы оның дәрілік түрлерінің әртүрлілігі: капсулалар, таблеткалар, суспензия. Бұл ретте суспенцияны ерексетерге де, балаларға туылғаннан бастап қолдануға болады.

Урсофалькті® тағайындауға көрсетімдер: өт қабының холестеринді өт тастарының еруі (өт тас ауруы), билиарлық рефлюкс­гастрит, декомпенсация белгілері болмағанда алғашқы билиарлық бауыр циррозы, әртүрлі генездің созылмалы гепатиты, алғашқы склероздық холангит, муковисцидоз (кистздық фиброз), алькогольсыз стеатогепатит, бауырдың алкогольды ауруы, өт шығару жолдарының дискинезиясы болып табылады.

Бірегей қасиеттерімен Гепатопротектор. Тиімділік – дәлелденген! Қауіпсіздік – тексерілген!

Урсофальк блистерде 250 мг­нан капсулалар №25, №50 : өндіруші «Dr. Falk Pharma GmbH» (Германия), 06.11.2012 жылғы №РК­ЛС­5№006140 тіркеу куәлігі

*Кәсіби қызметте қолдану үшін медицина және фармация мамандарына арналған ақпарат. Қолданар алдында нұсқаулықпен танысыңыз. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек