Пресс-орталық

«Тұқымсыз некені емдеудің заманауи жолдары. ҚРТ – қазіргісі мен болашағы» атты VII Халықаралық конгресс өтті

01.11.2015

2015 жылы 30-31 қазанда Алматыда Қазақстанның Репродуктивтік медицина жөніндегі Ассациациясының ұйымдастыруымен «Тұқымсыз некені емдеудің заманауи жолдары. ҚРТ – қазіргісі мен болашағы» атты VII Халықаралық конгресс өтті. 

Конгрессте Ресей, Украина, Израиль, Франция, Германия, Дания, Бельгия, Ұлыбритания, Жапония, АҚШ, Үндістан, Қырғызстана, Өзбекстана, Тәжікстан, Қазақстан елдерінің репродуктивтік технология саласының жетекші мамандары, бедеулікті емдеумен айналысатын акушер-гинеколог дәрігерлер, ЭКО орталық өкілдері, андрологтар, эндокринологтар  баяндама жасады.

«Альпен Фарма» компаниясы да шетте қалған жоқ. Біздің компания осымен үшінші жыл бұл конгрессті ұйымдастырушылар мен қатысушылардың бірі болып табылады. Биылғы жылы Д.Галицкий атындағы Львов Ұлттық медицина университеті ҚКБФ акушерлік, гинекология және перинатология кафедрасының меңгерушісі, профессор, м.ғ.д. Пирогова Вера Ивановна «Созылмалы эндометритпен ауыратын әйелдердің репродуктивтік функциясын қалпына келтіру» тақырыбында баяндама жасады.