Өзіміз туралы

Біздің міндет: «In the name of health!»

«Альпен Фарма АГ» компаниясы – қоғамға емделу мен аурудың алдын алудың инновациялық тәсілдерін көрсететін тұрақты, әлеуметтік-жауапкершілікті және этикалық компания. Біздің компанияның қызметі денсаулық пен сұлулықты сақтауға және қолдау көрсетуге, сонымен қатар жер бетіндегі миллиондаған адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

 

 

«Альпен Фарма АГ» компаниясы жер беті тұрғындарының денсаулығын жақсарту және сақтауға бағытталған «Дені су бала – ұлт денсаулығы», «Тыртықсыз өмір», «Мен ерекшемін», т.б. көптеген медициналық-әлеуметтік бағдарламалардың бастамашысы және таратушысы.

 

 «In the name of health!» («Денсаулық үшін!») – «Альпен Фарма» компаниясының барлық қызметін айқындап беретін ізгі тапсырма.

 

Біздің құндылықтарымыз

 

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ететін салада жұмыс істейтін әрбір адам үшін ең соңында маңыздысы емделуші болып табылады. Сондықтан біздің кәсіпқойлығымыз, дәрі-дәрмектердің тиімділігі мен қауіпсіздігіне жауапкершілігіміз барлығымыз бен әрқайсымызды сапалы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге көрмектеседі, адамдарды дені сау,  ал әлемді жарқын етеді.

 

Біз әрбір «Альпен Фарма» тапсырыс берушісінің – емделушінің, дәрігердің, фармацевтің сенімінен шығуға және қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтыламыз – бұл біздің басты жауапкершілігіміз. 

 

Тиімділігі мен қауіпсіздігі ұзақ жылдар бойы әлемнің ондаған елдерінің миллиондаған емделушілері тұтынған жемісті тәжірибесімен дәлелденген дәрі-дәрмектерді ұсына отырып, біз өзіміздің басты құндылығымызды – қоғам алдындағы жауапкершілігімізді айқындаймыз.