Өзіміз туралы

«Альпен Фарма» әлемде

“Альпен Фарма” (Alpen Pharma Groupкомпаниялар тобы 1997 жылдан бастап жұмыс істей бастады және негізгі бағыты промоциялық-дистрибьюторлық қызмет болып табылатын компанияларды біріктіреді, сонымен қатар дәрі-дәрмек өнімдерін өндіреді және таратады.

 

Alpen Pharma in the world

 

 

Оның қызметінің ықпал ету аясы Азия, Батыс және Шығыс Еуропа елдері аумағына таралады. Бас кеңсесі Швейцария астанасы Берн қаласында орналасқан. Топқа кіретін әрбір компания өз елдерінің фармацевтикалық нарығында жетекші орынға ие болып табылады және өздерінің іскерлік әріптестеріне фармацевтикалық дәрі-дәрмектердің таралуы мен дистрибуциясына, тіркелуіне байланысты барлық қызмет түрлерін ұсынады.

 

Сонымен қатар топ қызметінің маңызды бағыттарының бірі GCP халықаралық стандарты бойынша дәрі-дәрмектердің клиникалық зерттелуін ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылады. Бұл олардың ұсынатын қызметтерінің тізімін едәуір арттырады.