Компанияның миссиясы – әр адамның денсаулығына қамқорлық жасау. Сондықтан компанияның дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарының қауіпсіздігіне, тиімділігіне және сапасына қатысты ақпаратты жинау – біздің жұмысымыздың маңызды бөлігі болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін жағымсыз құбылыстарды/тиімділіктің болмауын және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасына шағымдарды уақтылы анықтауға мүмкіндік беретін сапаны қамтамасыз ету және фармакологиялық қадағалау жүйесі құрылды.
Егер Сіз біздің дәрі-дәрмекті немесе медициналық бұйымдарды пайдаланумен байланысты жағымсыз құбылыстар/тиімділіктің болмауы немесе сапа мәселелері туралы хабарлағыңыз келсе, Сіз өзіңізге ыңғайлы хабарлау әдісін таңдай аласыз:
Ұялы телефон: +7 701 035 40 69 немесе электрондық поштаға: pv.kz@alpenpharma.com немесе pharmacovigilance@alpenpharma.com электрондық хабарлама жіберуге болады.
Сіз не туралы хабарлай аласыз:
- Жағымсыз реакция – дәрілік затты қабылдаумен байланысты немесе қатысы жоқтығына қарамастан, дәрілік затты қабылдау уақытына сәйкес келетін кез келген жағымсыз және күтпеген көрініс, симптом немесе ауру.
- Дұрыс қолданбау – медициналық қолдану жөніндегі бекітілген нұсқаулыққа сәйкес келмейтін дәрілік затты әдейі және жөнсіз қолдану.
- Тіркелмеген көрсеткіштер үшін қолдану – дәрілік зат медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес емес әдейі қолданылған жағдайлар.
- Теріс пайдалану – зиянды физикалық немесе психологиялық әсерлермен бірге жүретін дәрілік заттарды тұрақты немесе ретсіз, қасақана шамадан тыс қолдану.
- Тиімділіктің болмауы – бекітілген көрсетілімдер шегінде күтілетін фармакологиялық әсерді алу мүмкін еместігі. Екпелер үшін мысал: Аурудан сақтандыру үшін екпе егілген науқаста аурудың пайда болуы.
- Кәсіби қызмет кезінде әсер ету – дәрілік заттың адамға кәсіби және кәсіби қызметімен байланысты емес іс-шараларды орындау барысындағы ықпалы.
- Артық дозалану – медициналық қолдану жөніндегі бекітілген нұсқаулыққа сәйкес дәрілік затты бір уақытта немесе тәулік ішінде ұсынылатын ең жоғары тәуліктік дозадан асатын мөлшерде қолдану. Артық дозалануға байланысты кумулятивтік әсер де ескеріледі.
- Күтпеген пайдалы әсер – дәрілік затты қолданғаннан кейін пайда болатын және күтпеген немесе зерттеулерде анықталмаған аурудың немесе симптомдардың қалпына келуіне немесе жақсаруына әкелетін кез келген күтпеген пайдалы әсер.
- Медициналық қателік – дәрігердің, емделушінің және тұтынушының дәрілік заттарды тағайындау, дайындау немесе енгізу кезіндегі кез келген байқаусыз қатесіне сілтеу.
- Инфекцияның күдікті жұғуы – жанама әсерге байланысты немесе байланысты емес дәрілік зат арқылы инфекцияның берілуі.
- Жүктілік немесе емізу кезіндегі әсері – жүктілік немесе емізу кезінде қабылданған кез келген дәрілік зат. Дәрілік заттың әсері жүктілікке дейін де басталуы мүмкін, мысалы, ананың немесе әкенің контрацепция кезінде, немесе әкенің ұрықтану кезінде дәрілік затты қабылдауы.
Өнімнің сапасына қатысты ақпарат немесе сұранысыңыз болса, мына электрондық поштаға жіберіңіз: quality@alpenpharma.com
Сіз берген барлық ақпарат құпия болып табылады және заңмен талап етілетін жағдайларды қоспағанда, жариялауға жатпайды.