«Альпен Фарма» Қазақстанда
Қазақстанда “Альпен Фарма АГ” компаниясының тарихы 2007 ж. Алматы қаласында компания өкілдігінің ашылуымен басталды. «Альпен Фарма» кәсіпқой мамандар командасы емделушілерге барынша жақын болуға ұмтылып, қазіргі уақытта Қазақстанның барлық облыстарында жұмыс жасауда. Олар компания өнімдерінің барлық түрлеріне қол жеткізу мүмкіндігін арттыруда.
Компания қызметкерлерінің 70%-ы медицина қызметкерлерінен, медициналық білімі бар кәсіпқой ұжымнан тұрады. Олар Қазақстанның барлық облыстарында белсенді жұмыс істеп жатыр, олардың ішінде түрлі саланың дәрігерлері бар: педиатр, терапевт, аллерголог, дерматолог, гинеколог, ЛОР, гастроэнтеролог, реаниматолог, хирург, уролог, отбасы дәрігерлері, т.б. Сонымен қатар дәріхана мекемелерінің дәрі-дәрмекші мен фармацевтері де бар.
Қазіргі таңда «Альпен Фарма АГ» өкілдігі Қазақстанда өздерінің алдарында тұрған мәселелерді оңтайлы шешіп, әрі қарай дамуда, жаңа жетістіктерге жол ашуда. Компания дәрі-дәрмектерінің қорабы жылдан-жылға толығып, дәрі-дәрмектер саны артуда, олар емделушілер мен түрлі сала дәрігерлерінің сұранысын кең ауқымда қанағаттандыруда. Қазақстанда «Альпен Фарма» өкілдігі медициналық және емдеу-профилактикалық мекемелерімен, дәрі-дәрмекшілермен және фармацевтикалық өнімді тұтынушылармен бірлесе жұмыс істеуге көп көңіл бөледі. Тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін клиникалық зерттеулер жүргізуге, ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен семинарлар өткізуге белсенді қолдау көрсетіп келеді. Сондай-ақ дәрігерлердің біліктілігін көтеру бойынша бағдарламалар өткізіп тұрады.
Қазақстандағы «Альпен Фарма» өкілдігі ұзақ жылдан бері Алматы мемлекеттік дәрігерлер біліктілігін жетілдіру институтымен (АМДБЖИ), С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетімен (ҚазҰМУ), Б.Ұ.Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығымен және басқа да көптеген клиникалық және білім беретін мекемелермен бірлесе жұмыс істеп келеді.
Емделушілердің сұранысы әрқашан да бар және біздің қызметкерлер үшін маңызды болып қала береді. Сондықтан «Альпен Фарма АГ» өкілдігі өз дәрі-дәрмектерінің сапасы мен қауіпсіздігін қадағалап отырады. Осы мақсатта өкілдікте мүмкін болатын жанама әсерлердің туындауын қадағалау үшін фармакобақылау жүйесі құрылған.