Альпен Фарма – әлемнің көптеген елдерінде өкілдіктері жұмыс атқарып жатқан халықаралық компания. Осы қолайлы құрылымның арқасында біздің әрқашан әріптестікке есігіміз ашық. Бұл ұзақ мерзімді және нәтижелі іскерлік қарым-қатынас үшін қолайлы жағдай жасайды. Іскерлік қарым-қатынасқа дербес тіл табысу арқылы келу әрбір әріптеспен өзара тиімді байланысты дамытуға мүмкіндік береді.
Біздің стратегиялық артықшылығымыз
Біз табысты ұсыныстардың көпшілігі сырттан келетінін білеміз, сондықтан басқа компаниялармен, ұйымдармен және зерттеу орталықтарымен іскерлік байланыс біздің бизнес-стратегиямыздың іргетас бөлігі болып табылады. Әріптестік пен инновациялық тәсілдердің дамуы біздің стратегиялық артықшылығымыз.
Бізбен әріптестік байланыстың басымдылықтары:
Альпен Фармамен әріптестік сізге төмендегідей тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді:
- Ғаламдық іскерлік қарым-қатынас;
- жаңа нарықты, бизнес-бағытты ашу және дамыту;
- ғылыми-клиникалық зерттеулер;
- инновациялық шешімдер.
Бізбен іскерлік қарым-қатынас жасай отырып, Сіз біздің аймақтық командамыздың сарапшылық қолдауын пайдалана аласыз. Біздің қызметкерлеріміздің көмегі арқылы Сіздің өнімдеріңіз әлемнің түрлі елдерінің жаңа жетекші нарығына шыға алуы мүмкін. Біз сіздің ұсыныстарыңыз бен өнімдеріңізді барлық бизнес-этаптан өткізу бойынша толық қызмет түрін ұсынамыз.
Біздің мақсатымыз
Біз фармацевтика мен парафармацевтиканың түрлі салаларындағы іскерлік қарым-қатынастың потенциалды мүмкіншіліктеріне қызығушылық туғызамыз. Біздің мақсатымыз емделушілердің сұранысын тиімді қанағаттандыру үшін бір-біріміздің мүмкіндігімізді, тәжірибеміз бен ресурстарымызды пайдалану болып табылады.
Бизнесті дамытудағы біздің мүмкіндіктеріміз жайлы көбірек біле жүріңіз.