Назар аударыңыз!
Сайттың бұл бөлімінде жарнама жасау заңнамасында қарастырылмаған дәрі-дәрмектер туралы ақпарат сақталған. Бұл бөлімдегі ақпараттар танысу үшін берілген, тек ғылыми-ақпараттық сипатта ғана жазылған және көптеген адамдар үшін жарнамалық сипаттағы ақпарат ретінде қабылданбауы тиіс. Қүшіне енген Заңына сәйкес, бұл ақпараттарды алуға медицина және фармацевтика саласының қызметкерлеріне ғана рұқсат етіледі. Сіз медицина немесе фармацевтика саласының қызметкері екендігіңізді растауыңызды өтінеміз.

Инфлюцид (Influcid)

Статистика бойынша, ЖРВИ және тұмау – адамзат ауыратын ең кең таралған инфекциялар. Осы ауруларды туғызатын вирустардың үлкен және өсіп келетін әртүрлілігін ескере отырып, олармен күресе алатын препарат қажет болып отыр.

Инфлюцид* – тұмау вирустарына ғана емес, сондай­ақ ЖРВИ­ды туғызатын көптеген вирустарға вирусқа қарсы әсер ететін немістің табиғи кешенді препараты**.

Аурудың басында Инфлюцид ЖРВИ мен тұмаудың әртүрлі белгілерін: бас ауруы, бұлшықет ауруларын, безгек, ринит, фарингит белгілерін тез жоюға көмектеседі. Инфлюцид – интерферонның күшті табиғи индукторы, ал интерферон – ағзаны қорғаудың алғашқы желісінің маңызды элементі. Инфлюцидтің тағы бір артықшылығы – аурудан кейін астенияны (әлсіздік пен қалжырғандық) айтарлықтай азайту мүмкіндігі, ал бұл аурудан кейін қалыпты өмір салтына тез келе алатыңызды білдіреді.

Инфлюцид – вирустармен белсенді күресетін, ЖРВИ және  белгілерін жоятын ғана емес, сондай­ақ иммунитетті нығайтып, вирустардан қорғайтын препарат. Соның арқасында Инфлюцидті ЖРВИ мен тұмауды емдеу және алдын алу үшін де қолдануға болады. Инфлюцидтің бір шығарылу түрі бар: таблеткалар (ересектерге және 1 жастан асқан балаларға) және дәріханаларда рецептсіз босатылады.

Инфлюцид – ЖРВИ мен тұмауды жедел емдеу мен алдын алу үшін!

Инфлюцид таблеткалар: өндіруші DHU Arzneimittel GmbH & Co. KG (Германия), 24.07.2009 жылғы РК­ЛС­5No014286

*Дәрі­дәрмек жарнамасы. Қолданар алдында нұсқаулықпен танысып, дәрігермен кеңескен жөн. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

** Еропкин М. Ю. и др. название статьи/ РМЖ Медицинское обозрение. – 2011. – No 18.

Өзін­өзі емдеу Сіздің денсаулығыңыз үшін зиян болуы мүмкін.

Саудалық атауы
Инфлюцид
Influcid®

Халықаралық патенттелмеген атауы   
Жоқ

Дәрілік түрі Таблеткалар

Құрамы
Бір таблетканың құрамында (250 мг)
белсенді заттар:
Aconitum trit. D3  25 мг                                   
Bryonia trit. D2   25 мг
                                       
Eupatorium perfoliatum trit. D1  25 мг
                                       
Gelsemium trit. D3  25 мг
                                     
Ipecacuanha trit. D3  25 мг
                                       
Phosphorus trit. D5  25 мг, 

қосымша заттар: лактоза моногидраты, магний стеараты, бидай крахмалы.

Сипаттамасы
Ақшылдау, жүзі бар жалпақ цилиндр пішінді таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы
Салқын тигеннен болатын аурулар кезінде қолданылатын басқа үйлестірілген препараттар. 
АТЖ коды  R05Х    

Фармакологиялық қасиеттері
Инфлюцид безгек синдромы ілесе жүретін жоғарғы тыныс алу жолдарын емдеуде өзін жақсы көрсеткен кешенді гомеопатиялық препарат болып табылады. Алты белсенді ингредиенті жоғары температура, бас ауыру немесе аяқ-қолдардағы ауыру, сондай-ақ катаралдық құбылыстар (ринит, фарингит) секілді жұқпаның әдеттегі симптомдарын тез жоюға әкеліп жеткізеді.  Инфлюцид ағзаның қорғайтын күштерін нығайтады және емделіп тез жазылып кету тенденциясына қолдау көрсетеді. Жұқпаның бірінші нышандары пайда болғанда немесе жұқпалы ауруларға шалдыққан науқастармен байланыстан кейін препаратты уақтылы қабылдау аурудың дамуына жол бермеуге көмектеседі.  

Қолданылуы

  • тұмау мен жоғарғы тыныс алу жолдарының жіті респираторлық вирустық инфекцияларының алдын алу және емдеу    

Жағымсыз әсерлері

  • сирек: терідегі бөртпелер немесе асқазан бұзылуы. Мұндай жағдайда Инфлюцидті қабылдауды тоқтатып, дәрігерге жүгінген жөн.   

Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Егер Сіз басқа медикаменттер қабылдап жатқан болсаңыз немесе жуықта қабылдаған болсаңыз, соның ішінде рецептсіз сатып алуға болатын медикаменттерді, бұл туралы дәрігеріңізге немесе фармацевтіңізге хабарлаңыз.        

Артық дозалануы
Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы
ПВХ-алюминий блистерлердегі 60 таблеткадан тұратын қаптамалар медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге.

Сақтау шарттары
15–25 °С температурада сақтау керек.  Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі 5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолданбау керек.  

Дәріханадан босатылу шарттары Рецептсіз

Өндіруші
Дойче Хомеопати-Унион, ДХУ-Арцнаймиттель ГмбХ & Ко. КГ
Германия, 76227 Карлсруэ, Оттоштрассе 24.
Тел. +49 / 721 / 4093 236

Өзге нұсқаулар болмаған жағдайда Инфлюцид мынадай тәсілмен қолданылады:

жіті жағдай кезінде: жасы 12-ге дейінгі балалар жағдай жақсарғанға дейін әрбір екі сағат сайын 1 таблеткадан қабылдайды (бірақ күніне 8 таблеткадан астам емес­­); бұдан кейін 1 таблеткадан күніне 3 рет.

Ересектер мен жасы 12-ден асқан балалар жағдай жақсарғанға дейін әр сағат сайын 1 таблеткадан қабылдайды; бұдан кейін 1-2 таблеткадан күніне 3 рет.

Жіті жағдайлар кезінде емді 10 күн бойы жалғастырған жөн.   
Дененің жоғары температурасы сақталған немесе 39 °С-дан жоғары көтерілген кезде, немесе ауыру жай-күйі сақталған немесе нашарлаған кезде басқа тиісті ем тағайындау қажет.  

Жұқпалардың алдын алу мақсатымен ересектер мен жасы 12-ден асқан балаларға  1-2 таблеткадан күніне 3 рет, ал жасы 12-ге дейінгі балаларға 1 таблеткадан күніне 3 рет тағайындалады; алдын ала ем ең жақын ортада жұқпаның бірінші жағдайлары орын алғанда басталады.   

Таблеткаларды ауызда еріте отырып, тамақтан жарты сағат бұрын немесе тамақтанғаннан соң жарты сағаттан кейін қабылдаған жөн; жасы 3-ке дейінгі  балаларды емдеген кезде таблеткаларды судың аздаған мөлшерінде ерітуге болады.

Тұрақты, анық емес немесе жаңадан дамыған симптомдар болған кезде дәрігерден кеңес алған жөн.  Әсіресе бұл жоғары температура кенеттен пайда болған, жұтқыншақтағы жағымсыз сезімдер  (фарингит), қатты бас ауыру, буын, бұлшық ет және сегізкөз ауырулары, невралгиялар, сондай-ақ ауыр дімкәстік жалпы сезімі жағдайына қатысты, өйткені бұл кезде тұмау қоздырғыштарынан туындаған жұқпаға күдік пайда болады. Мұндай жағдайда міндетті түрде дәрігерге жүгіну қажет.   

Препарат глютен ауруына шалдыққан науқастарды емдеуге жарамды, бірақ оны бидайға аллергиясы бар науқастарға қолдануға болмайды (глютен ауруынан ерекшеленетін аурулар).   

Егер дәрігеріңіз Сізге кейбір қанттарды көтере алмайтыныңыз туралы айтқан болса, осы дәрілік затты қабылдай бастаудың алдында одан кеңес алыңыз.  

Гомеопатиялық дәрілік заттарды қабылдау кезінде ауру симптомдарының өткінші күшеюі ықтимал (жағдайдың бастапқыда нашарлауы); мұндай жағдайда препаратты қабылдауды тоқтатып, дәрігерден кеңес алу керек.     

Педиатрияда қолданылауы
Инфлюцидті 1 жасқа дейінгі балаларды емдеу үшін қолдану дәрігердің алдын ала кеңесінен кейін ғана мүмкін.   

Жүктілік және лактация кезеңі
Инфлюцидті жүктілік кезінде және лактация кезеңінде қабылдау дәрігердің алдын ала кеңесінен кейін ғана және күтілетін пайдалы әсер мен ықтимал тәуекел арасындағы оң арақатыста ғана мүмкін.   

Көлік құралын немесе қауіптілігі әлеуетті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері  
Әсер етпейді.      

0

Сұрақ қою

To prevent automated spam submissions leave this field empty.