Назар аударыңыз!
Сайттың бұл бөлімінде жарнама жасау заңнамасында қарастырылмаған дәрі-дәрмектер туралы ақпарат сақталған. Бұл бөлімдегі ақпараттар танысу үшін берілген, тек ғылыми-ақпараттық сипатта ғана жазылған және көптеген адамдар үшін жарнамалық сипаттағы ақпарат ретінде қабылданбауы тиіс. Қүшіне енген Заңына сәйкес, бұл ақпараттарды алуға медицина және фармацевтика саласының қызметкерлеріне ғана рұқсат етіледі. Сіз медицина немесе фармацевтика саласының қызметкері екендігіңізді растауыңызды өтінеміз.

Климактоплан (Klimaktoplan)

Климакс – барлық әйелдерде болатын жасына байланысты табиғи гормоналды өзгерістердің салдары. Алайда оның белгілері қатты айқындалған болса, олар өмір сапасын түсіре ғана қоймай, сондай­ақ ағзаның жүрек­тамыр, эндокринді, жүйке, сүйек және басқа да жүйелерінің асқынуының себебі болуы да мүмкін. Климаксты болдырмау біздің қолымыздан келмейді, бірақ гормоналды фонды ретке келтіруге, шағымдарды жоюға және осы арқылы денсаулыққа жағымсыз салдарлардың дамуына жол бермеуге болады. Ол үшін Климактоплан арнайы дәрілік құралды қолдану керек.

Климактоплан* – табиғи гормоналды емес неміс препараты, оның құрамына 4 компонент кіреді, олар бір бірінің әсерін толықтырып, күшейтеді: цимицифуга фитоэкстрогенқамтитын компонент (әйелдердегі экстрогені секілді), гормоналды балансты дұрыстайды және климакс кезінде негізгі симптомдарды жояды: қызу, тершеңдік, эмоционалды құбылмалылық; сангвинария – артериалық қысымды жүйеге келтіреді, ырғақсыздықты, жүрек соғысының ұстамасын алдын алады; сепия – бас ауруы мен қозғыштықты жояды; игнация – көңіл­күй ауытқуларынан арылтады, ұйқы мен есті дұрыстайды.

Аса маңызды факті, Климактоплан гормондардан тұрмайды және ұзақ мерзімді қабылдау барысында жақсы жағады. Еуропа әйелдері Климактоплан препаратын 70 жылдан астам уақыт қолданып келеді. 

Климактоплан – климакстық бұзылыстардың гормоналды емес терапияның классикасы!

Климактоплан таблеткалар: өндіруші DHU Arzneimittel GmbH & Co. KG (Германия), 15.05.2012 жылғы №РК­ЛС­5No 018903 тіркеу куәлігі

*Дәрі­дәрмек жарнамасы. Қолданар алдында нұсқаулықпен танысып, дәрігермен кеңескен жөн. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Өзін­өзі емдеу Сіздің денсаулығыңыз үшін зиян болуы мүмкін.

DHU      G02CX

Климакс кезіндегі ауытқулардың гармонсыз терапиясының классикасы

Дәрілік түрі табл., № 100

Құрамы
Cimicifuga D2  25 мг
Sepia D2  25 мг
Ignatia D3  мг                                         
Sanguinaria D6 25 мг                                 
қосымша заттар: лактоза моногидраты, магний стеараты, бидай крахмалы.

Фармакотерапиялық тобы
Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған препарат. Коды АТС G02CX.    

Қолданылуы

  • дене қызуының бірден көтерілуі
  • тершеңдіктің артуы
  • жүрек соғысының жиілеуі
  • бас айналу
  • қышыну
  • жүйкеге күш түсу
  • ұйқының бұзылуы.

Қарсы көрсетылымдері
Анықталмаған.

Жанама әсерлері
Анықталмаған.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Әлі күнге анықталмаған

Артық дозалануы
Байқалмаған.

Сақтау шарттары
15–25 °С температурада сақтау керек.  Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі 5 жыл
Сақтау мерзімі аяқталғаннан кейін пайдалануға болмайды 

Дәріханадан босатылу шарттары дәрігердің тағайындауынсыз.

Тіркелуі
Германияда 1943 жылдан Климактоплан
Қазақстанда 2012 жылдан Климактоплан Н

Климактоплан Н құрамында төрт гомеопатикалық монопрепарат бар, олардың әрқайсысы, әсіресе климакс кезеңінде әйел организміне белгілі бір әсер береді.

Cimicifuga гипоталамусқа әсер етеді, дене қызуының бірден көтерілуіне, жүйкенің қозуы мен депрессияға қарсы ерекше ықпал етеді. Sepia бүйрек үсті безі, жыныс органдары және гипофиз гармондарының бірлескен функциясын реттейді. Sepia да, Ignatia сияқты ең алдымен психикаға әсер етеді, алайда ол сонымен қатар тершеңдіктің қозуына, дене қызуының бірден көтерілуіне, әлсіреу мен бас ауруына қарсы ықпалын тигізеді. Sanguinaria беттің қызарып және жүрек соғысының жиілеуімен бірге жүретін дене қызуының бірден көтерілуі, сонымен қатар мигрен тәрізді бастың ауруы кезінде тиімді әсер береді. Климактоплан, құрамындағы айрықша құрамдас бөліктердің үйлесімі арқасында климакс кезеңіне тән шағымдардың көп компонентті кешенін емдеуге арналған дәрілік зат болып табылады. Климактоплан аса төзімділікті қажет етпейтіндіктен, оны ұзақ уақыт қабылдауға болады.

Дәріні 1-2 таблеткадан тамақтанардан 30 минут бұрын немесе тамақтанғаннан кейін 30 минут өткенде, ауыз қуысында асықпай еріту арқылы қабылдау қажет. 

Гомеопатиялық дәрілерді қабылдаған кезде алғашында адамның уақытша денсаулығы нашарлауы байқалуы мүмкін. Мұндай жағдайда дәріні қабылдауды тоқтату керек.

0

Сұрақ қою

To prevent automated spam submissions leave this field empty.