Назар аударыңыз!
Сайттың бұл бөлімінде жарнама жасау заңнамасында қарастырылмаған дәрі-дәрмектер туралы ақпарат сақталған. Бұл бөлімдегі ақпараттар танысу үшін берілген, тек ғылыми-ақпараттық сипатта ғана жазылған және көптеген адамдар үшін жарнамалық сипаттағы ақпарат ретінде қабылданбауы тиіс. Қүшіне енген Заңына сәйкес, бұл ақпараттарды алуға медицина және фармацевтика саласының қызметкерлеріне ғана рұқсат етіледі. Сіз медицина немесе фармацевтика саласының қызметкері екендігіңізді растауыңызды өтінеміз.

Проспан® (Prospan)

Тұмау барлық кезде дерлік жөтелмен бірге жүреді. Бірақ жөтел ауру емес екенін, бірақ тыныс алу жолдарын қорғауға және тазалауға бағытталған ағзаның реакциясы екенін ескерсек, онда оны баспай, оның табиғи функциясын жүзеге асыруға көмектесу керек.

Тыныс алу жолдарын тазалауға әдетте қақырық тұтқырлығы мен бронхтың тарылуы қатты кедергі болады. Жөтелге осындай кедергілермен күресуге өсімдік препараты Проспан® көмектеседі, ол қақырықтың тұтқырлығын төмендете ғана қоймай, сондай­ақ оның тез шығуына және оның шығу жолында бөгеттерді – бронхтық ағаштың тарылуын жоюға барлық күшін салады. 

Проспан® – түпнұсқалық стандартталған айұрық сығындысының негізіндегі неміс өсімдік препараты (Проспана® препаратын жасау үшін ғана қолданылады). Проспан® жөтелдің кез келген түрін, тіпті темекі шегушінің жөтелін емдеуге арналған, өйткені ол айқын және дәлелденген бронхолитикалық тиімділікті қақырық түсіретін өсімдік препараты. Проспан® шәрбатының құрамында спирт, қант және бояғыштар жоқ. Жоғарыда айтылғандай Проспан® өңездің сұйылтуына, оны тыныс алу жолдарынан белсенді шығаруына және өте маңыздысы бронх бұлшық еттерінің түйілуін төмендетуге көмектеседі. Проспан® шәрбатының артықшылықтарына жаңа туылған балалардан бастап барлық жастағы адамдар үшін қолдануға болатынын, сонымен қатар жағымды дәм мен шығарылу түрінің әртүрлілігі: шәрбат, көпіршікті форте таблеткалары мен стиктегі ерітінді түрлерінің болуын жатқызуға болады.

Жөтел? – Проспан®!

Проспан шәрбат: өндіруші Engelhard Arzneimittel GmbH & Co. KG (Германия), 16.07.2008 жылғы РК­ЛС­5 №012102; Проспан форте көпіршікті таблеткалар: өндіруші Engelhard Arzneimittel GmbH & Co. KG (Германия), 24.07.2009 жылғы РК­ЛС­5 №014283;
Проспан 5 мл ерітінді: өндіруші Engelhard Arzneimittel GmbH & Co. KG (Германия), 25.07.2013 жылғы РК­ЛС­5 №020021.
Проспан тамшылар: өндіруші Engelhard Arzneimittel GmbH & Co. KG (Германия), 25.07.2013 жылғы РК­ЛС­5 №020020;

*Дәрі­дәрмек жарнамасы. Қолданар алдында нұсқаулықпен танысып, дәрігермен кеңескен жөн. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Өзін­өзі емдеу Сіздің денсаулығыңыз үшін зиян болуы мүмкін.

HEDERA HELIX     
Engelhard Arzneimittel     R02A A16

Жөтел ма? Проспан!

Шығарылу түрі 
Жөтелге қарсы Проспан® шәрбаты
100 мл құтыдағы шәрбат, өлшейтін қалпақшасы бар, №1 қағаз қорапқа салынған

Құрамы
Айұрық жапырағының құрғақ сығындысы (5-7,5:1) 7 мг/мл

Қосымша заттар: калий сорбаты, құрғақ лимон қышқылы, кристалданған 70%-дық сорбитол ерітіндісі, ксантан қара майы, шие хош иістендіргіші, таза су (2,5 мл ерітінді құрамында 0,963 г сорбитол бар = 0,08 астық бірлігі).
экстрагент: этанол 30% (м/м).

Шығарылу түрі 
Жөтелге қарсы Проспан® форте көпіршитін таблеткалары
65 мг-дық көпіршитін таблеткалар, құтыда 10 таблетка, қағаз қорапқа 1 құтыдан салынады.

Құрамы
Айұрық жапырақтарының құрғақ сығындысы (5-7,5:1) 65 мг

Қосымша заттар: құрғақ лимон қышқылы, натрий гидрокарбонаты, құрғақ натрий карбонаты, маннитол, симетикон, натрий сахарині, натрий цикламаты, натрий цитраты, сорбитол, триглициридтер, макроголглицеролгидроксистеарат, апельсин хош иістендіргіші.
1 көпіршитін таблетка құрамында 0,382 мг көмірсу бар = 0,03 астық бірлігіне пара-пар

Шығарылу түрі 
Жөтелге қарсы Проспан® ерітіндісі
ішуге арналған ерітінді 35 мг/5 мл стик, № 21, қағаз қорапқа салынған.

Құрамы
Айұрық жапырақтарының құрғақ сығындысы (5-7,5:1) 35 мг/5мл

Қосымша заттар: калий сорбаты, құрғақ лимон қышқылы, кристалданған 70%-дық сорбитол ерітіндісі, ксантан қара майы, Frescofort Flavour Permaseal хош иістендіргіші, табиғи апельсин хош иістендіргіші, ментол, таза су
5 мл ерітінді құрамында 1,9 г сорбит бар, ол  0,16 астық бірлігімен пара-пар.

Фармакотерапиялық тобы
Жөтел мен қабынбалы аурулар кезінде қабылдайтын препараттар. Қақырық түсіретін препарат. АТЖ коды  R05C A16

Қолданылуы
Жоғарғы тыныс алу жолдары мен өкпенің қабынбалы ауруларының кешенді терапиясында симптоматиялық дәрі ретінде қолданылады.

Қарсы көрсетылымдері

  • фруктозаға төзімсіздік, препараттың қандай да бір құрамдас бөлігіне асқан сезімталдық

Жанама әсерлері

 

  • іш өту (<1/10.000)
  • аллергиялық реакциялар (<1/10.000)

Басқа дәрілермен әрекеттесуі
Проспан таблеткасы мен басқа да дәрілік заттарды бір мезетте қабылдағанда жағымсыз әсерлердің болғандығы әлі байқалмаған. Сондықтан препаратты басқа да дәрілік заттармен, мысалы, антибиотиктермен бірге пайдалануға болады.

Артық дозалануы 
Препаратты үлкен көлемде қабылдаған жағдайда (тәуліктік доза – 3 таблеткадан артық пайдаланғанда)  жүрек айнуы, құсу немесе іш өту байқалуы мүмкін. Симптоматикалық ем қолданылады. 

Сақтау шарттары 25°С-тан аспайтын температурада, балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау қажет.

Сақтау мерзімі 3 жыл

Дәріханадан босатылу шарттары дәрігердің тағайындауынсыз.

Проспан препаратының құрамында стандартталған айұрық жапырақтарының құрғақ сығындысы бар. Бұл препараттың терапевтік тиімділігі фармакологиялық түрде дәлелденген және тыныс алу жолдарының қабынбалы ауруларында тиімділігі терапевтік түрде нақтыланған. Сонымен қатар құрамындағы гликозидтердің (сапониндердің) секреторлық, муколитикалық, мукокинетикалық, спазмолитикалық және жөтелге қарсы қасиеттеріне негізделеді. Секреторлық әсер айұрық жапырақтарында болатын сапонин гликозидтерінің ықпал етуімен сипатталады; препарат құрамына кіретін белгілі бір гликозидтердің парасимпатологиялық әсері оның спазмолитикалық қасиеттерінің негізі болып табылады. Қолқа бұлшық еттерінің және өкпе эпителийінің жасушаларында β2-рецепторлары белсенділігінің артуы адренергиялық әсердің пайда болуына себепші болады. Бұл қолқа бұлшықеттерінің ішкі жасушаларында Са2+-нің азаюына және қолқаның босаңсуына әкеледі. β2-белсенділігіне жағдай жасау нәтижесінде бұл үдеріспен бір мезетте өкпенің ІІ типті эпителиальды альвеолярлы жасушалары көп мөлшердегі сурфактант бөледі.

Проспан препаратын қабылдау кезінде тыныс алуды орталық реттеу жұмысы төмендемейді. 

Шәрбат
1 жасқа толмаған балаларға Проспан шәрбатын тек дәрігердің кеңесі бойынша және дәрігердің бақылауымен беру қажет.
1 жасқа толмаған балаларға 2,5 мл-ден күніне 2 рет, 1 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға 2,5 мл-ден күніне 3 рет, 6 жастан 9 жасқа дейінгі балаларға 5 мл-ден күніне 3 рет, 10 жастан асқан балалар мен ересектерге 5-7,5 мл-ден күніне 3 рет қабылдауға болады. Дәрімен бірге берілген өлшегіш қалпақшаның көмегімен ішкен жөн.

Көпіршитін таблеткалар
12 жастан асқан балалар мен ересектерге – 1 көпіршитін таблеткадан күніне 2 рет (тәуліктік дозасында 130 мг айұрық жапырағының құрғақ сығындысы бар), 4 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға – ½ таблеткадан күніне 3 рет (тәуліктік дозасында 97,5 мг айұрық жапырағының құрғақ сығындысы бар) қабылдауға болады. Көпіршитін таблеткаларды бөлуге болады. Таблетканы бір стакан суға (шамамен 100–200 мл) езіп, таңертең (түсте) және кешке қабылдау керек. Таблетканы езу үшін суық немесе ыстық су пайдалануға болады.

Ерітінді
12 жастан асқан балалар мен ересектерге 1 стиктен (5 мл) күніне 3 рет (105 мг айұрық жапырақтары құрғақ сығындысына тең), 6 жастан 11 жасқа дейінгі балаларға 1 стиктен (5 мл) күніне 2 рет (70 мг айұрық жапырақтары құрғақ сығындысына тең) .

Ерітіндіні су қоспай таңертең, түсте және кешке қабылдау керек.
Емделу ұзақтығы ауру белгілерінің сипаттамасы мен түріне қарай белгіленеді және әдеттегідей тыныс алу жолдары қабынуының жеңіл түрі болса да, 7 күнге созылады.

Тыңғылықты терапиялық әсерге қол жеткізу үшін емделушінің денсаулығы жақсарса да, тағы да 2-3 күн жалғастырып ішу қажет.

Тәуліктік ең жоғары мөлшерлеме: 12 жастан асқан балалар мен ересектерге күніне 3 таблеткадан, 6-11 жастағы балаларға күніне 2 таблеткадан артық қабылдауға болмайды.

Жүктілік пен бала емізу кезінде: Препараттың жүктілік пен бала емізу кезінде қауіпсіз екендігі туралы мәліметтің жеткіліксіздігінен, күтілетін тиімді әсер мен мүмкін болатын қауіптің ара қатынасын дәрігермен бірге анықтағаннан кейін ғана қабылдау қажет.

Проспан шәрбатының құрамында спирт, қант және бояғыш заттар жоқ.

Айұрық сығындысының терапиялық тиімділігін арттыру үшін адсорбент ретінде 30%-дық этил спирті пайданылады да, кейіннен кептіру үдерісі кезінде сығындыдан толығымен шығып кетеді. Препараттың әрбір мөлшерлемесінде 2,9 г сорбитол бар.

Сақтау кезінде, құрамында айұрықтың сығындысы болғандықтан сәл күңгірттенуі және дәмінің аздап өзгеруі мүмкін. Бұл дәрілік препараттың терапиялық әсеріне зиянын тигізбейді.

0

Сұрақ қою

To prevent automated spam submissions leave this field empty.