Назар аударыңыз!
Сайттың бұл бөлімінде жарнама жасау заңнамасында қарастырылмаған дәрі-дәрмектер туралы ақпарат сақталған. Бұл бөлімдегі ақпараттар танысу үшін берілген, тек ғылыми-ақпараттық сипатта ғана жазылған және көптеген адамдар үшін жарнамалық сипаттағы ақпарат ретінде қабылданбауы тиіс. Қүшіне енген Заңына сәйкес, бұл ақпараттарды алуға медицина және фармацевтика саласының қызметкерлеріне ғана рұқсат етіледі. Сіз медицина немесе фармацевтика саласының қызметкері екендігіңізді растауыңызды өтінеміз.

Тонзилотрен (Tonsilotren)

Сірә, бұл әлемде тамақ ауруымен ауырмаған адам жоқ болар. Тонзиллит – медицинада таңдай көмекей бездерінің (таңдай бездерінің) қабынуы деп аталады, ауыр (баспа) немесе созылмалы болуы мүмкін. Егер баспа жылына екі және одан да көп рет қайталанса, онда бұл созылмалы тонзиллит. Бұл ауру тапжылмайтын болып саналады, өйткені ол иммунитеттің түсуіне, жиі тұмау ауруларына бейімділікке, қауіпті асқынулардың даму мүмкіндігіне, жүрек, буын, бауыр ауруларына алып келуі мүмкін. Сонда біздің көмекей бездерімізге көмектесуге болады ма?

Тонзилотрен* – осымен 75 жылдан астам уақыт баспа мен созылмалы тонзиллит кезінде көмекей бездерді емдеп келе жатқан: қабынуды, ісікті және ауруды түсіретін, көмекей бездердің қорғаныс функциясын қалпына келтіретін, гипертрофирленген (үлкейген) көмекей бездерінің көлемін кішірейтетін, көмекей бездерінің шұңқыршаларын казеоздық детриттен (тығын) санациялауға (тазалауға) көмектесетін, ісік пен лимфалық түйін қабынуларын алатын, жалпы бүкіл ағзаның иммунитет көрсеткіштерін жақсартуға көмектесетін, зақымдалған тіндердің жазылуын тездететін және қайталама баспаны алдын алатын неміс табиғипрепараты.

Тонзилотреннің тиімділігі мен жақсы жағуы көптеген клиникалық зерттеулердің астына түсті, соның барысында төмендегі қорытындылар жасалды: 

  • 2 жылдық бақылау кезеңі бойына 4 ай аралығымен үш 60­күндік курстар өткізілгеннен кейін 66,7% балаларда созылмалы тонзиллит асқынуларының жиілігі мен ұзақтығы қысқарды, баспа жағдайлары тіркелмеді, А секрециялық иммунды глобулиннің көрсеткіштері жақсарды, бұл ауыз жұтқыншағының иммунитетінің жағымды өзгерістеріне алып келді1;
  • баспа жиілігі 2,5 есеге дейін азайды2;
  • Тонзилотренді қабылдаған кезде созылмалы тонзилиттің жергілікті белгілерінің жалпы баллы (3 еседен көп) анық азаяды3.

Препаратты баспаны емдеу үшін де, созылмалы тонзиллиттің асқынуын алдын үшін де қолдануға болады. Аденоидитпен ауыратын балаларды емдеуде қолданудың жағымды тәжірибесі бар4.

Аденоидит – жабысқақ өңездің көп шығуымен және жұтқыншақтың шырышты қабығының ісуімен болатын үлкейген жұтқыншақтың көмекей бездерінің қабынуы. Аденоидтар басқа көмекей бездермен бірге лимфажұтқын сақинасын, мақсаты ауру жұқтыратын микроағзаларды тауып, ағзамызды олардан қорғау болып табылатын иммунитеттің өзіндік форпостын құрайды. Аденоидит пайда болған жағдайда ең бірінші кезекте көмекей бездердің қабынуын және мұрынмен демалуды қалпына келтіру үшін жұтқыншақтың шырышты қабығының ісігін түсіру керек, қою өңезді неғұрлым сұйық жасап, оның мұрыннан шығуына көмектесу керек. Бұл жағдайда Тонзилотрен Циннабсинмен бірге пайдалы болады.

Тонзилотренді кабылдау сұлбасы

Ауыр тонзиллит (баспа)5

Жас

Аурудың алғашқы 1­2 күні

Толық жазылғанша

1 жастан 12 жасқа дейінгі балалар

Әр 2 сағат сайын 1 таблеткадан (күніне 8 реттен көп емес)

Күніне 3 рет 1 таблеткадан

12 жастан асқан балалар мен ересектер

Әр сағат сайын 1­2 таблеткадан (Күніне 12 реттен көп емес)

Күніне 3 рет 1­2 таблеткадан

Созылмалы тонзиллит1

Тонзилотрен 60 күнтізбелік күн бойы күніне 3рет 1  4 ай аралығымен 3 курс алу.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

***

***

 

 

 

 

***

***

 

 

 

 

***

***

 

1

 - Ай

 

***

 - Тонзилотрен курсы

 

 

 - Курс арасында үзіліс

 

Көмекей бездердің үлкеюі, Көмекей бездерін алып тастағаннан кейінгі жағдай5

Тонзилотрен күніне 3 рет 1таблеткадан.

Курс: 2 аптадан 2 айға дейін (дәрігердің ұсынысы бойынша).

Аденоидит6

Тонзилотрен + Циннабсин = «Дәрімен безді тілу»

Курс: Циннабсинді қабылдау ­ 4 аптадан кем емес, Тонзилотренді қабылдау – 8 аптаға дейін.

Қабылдау: соратын дәрілер, тамаққа дейін жарты сағат бұрын немесе тамақтан кейін жарты сағаттан кейін қабылдау керек. 3 жасқа дейінгі балаларға дәріні судың аз мөлшерінде ерітіп беру ұсынылады. 

Көмекей бездердің қабынуы жағдайында ең маңыздысы – қажетті емдеу курсын өткен жөн.

Тонзилотрен қабылдауға ыңғайлы шығарылу түрі – соратын дәрілерден тұрады және ересектермен де, 1 жастан асқан балалармен де қабылдануы мүмкін.

Тонзилотрен туралы толығырақ www.tonsilotren.de сайтынан білуге болады.

Тонзилотрен – баспа мен созылмалы тонзиллит кезінде

Тонзилотрен таблеткалар: өндіруші DHU Arzneimittel GmbH & Co. KG (Германия), 18.06.2014 жылғы р. у. РК.ЛС 5 № 020609

*Дәрі­дәрмек жарнамасы. Қолданар алдында нұсқаулықпен танысып, дәрігермен кеңескен жөн. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

1Н. В. Нагорна та соавт.// Інформаційний лист МОЗ України No 38­ 2009//«Спосіб застосування комплексного гомеопатичного препарату «Тонзилотрен» у школярів з хронічним тонзилітом і тонзилокардіальним синдромом»// Київ
2Т. А, Крючко, Т. В. Шпехт// Результаты клинических исследований по применению Тонзилотрена у детей с хроническим тонзиллитом// Дитячий лікар// 5 (7) 2010
3Т. О. Крючко, С. Б. Безшапочний// Методичні рекомендації «Оптимізація схеми лікувально­профілактичної допомоги дітям з хронічним тонзилітом»// Київ 2013
4С. Б. Безшапочный, В. В. Лобурец// Методы лечения аденоидитов у детей// Клиническая иммунология// 09.2009.
5Інструкція до медичного застосування препарату Тонзилотрен
6С. Б. Безшапочный, и соавт.// Методы лечения аденоидитов у детей// ЖУНГ// 06’2009, с. 74­81

Өзін­өзі емдеу Сіздің денсаулығыңыз үшін зиян болуы мүмкін.

Саудалық атауы
Тонзилотрен
Tonsilotren®

Халықаралық патенттелмеген атауы   
Жоқ

Дәрілік түрі Таблеткалар

Құрамы
Бір таблетканың құрамында (250 мг)
белсенді заттар:
Atropinum sulfuricum trit. D5  12,5 мг,                                         
Hepar sulfuris trit. D3  10,0 мг,
                                         
Kalium bichromicum trit. D4  50,0 мг,
                                         
Mercurius bijodatus trit. D8  25,0 мг,
                                           
Silicea trit. D2  5,0 мг, 

қосымша заттар: лактоза моногидраты, сахароза, магний стеараты.

Сипаттамасы
Ақ түсті, күңгірт, жекелеген қара дақтары бар, жүзі бар жалпақ цилиндр пішінді, иіссіз немесе күкірттің әлсіз иісі бар таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы
Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар.  
АТЖ коды  R02    

Фармакологиялық қасиеттері
Препараттың құрамындағы белсенді компоненттердің минимальді дозалары ішкі ресурстарды стимулдауға және ағзаның өзінің қорғайтын күштерін белсендірек етуге мүмкіндік береді.  
Тонзилотрен ең алдымен жоғарғы тыныс алу жолдарының жұқпалы ауруларын (мысалы, фарингитті, тонзиллитті), сондай-ақ тонзилэктомиядан кейінгі жағдайды емдеу үшін қолданылатын бес гомеопатиялық монопрепараттан тұратын гомеопатиялық дәрілік зат болып табылады.  

Қолданылуы

  • жіті және созылмалы тонзиллит
  • тонзилэктомиядан кейінгі жағдай    

Жағымсыз әсерлері

  • жекелеген жағдайларда: жоғары сезімталдық реакциялары (терідегі бөртпелер және т.б.). Мұндай жағдайларда Тонзилотренді қабылдауды тоқтатып, дәрігерден кеңес алған жөн.   
  • сілекейдің аса бөлінуі. Мұндай жағдайларда дозаны төмендеткен немесе препаратты қабылдауды тоқтатқан жөн.   

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • хромға немесе өзге де ингредиенттердің біріне белгілі жоғары сезімталдық 
  • қалқанша безінің гиперфункциясы  

Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Егер Сіз басқа дәрілік заттар қабылдап жатқан болсаңыз немесе жуықта қабылдаған болсаңыз, бұл туралы дәрігеріңізге немесе фармацевтіңізге хабарлаңыз.  Бұл сондай-ақ  рецептсіз сатып алуға болатын медикаменттерге де қатысты.        

Артық дозалануы
Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы
ПВХ-алюминий блистерлердегі 60 таблеткадан тұратын қаптамалар мемлекеттік және орыс тіліндегі қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге жиналмалы қорапқа салынған.

Сақтау шарттары
15–25 °С температурада сақтау керек.  Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі 5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолданбау керек.  

Дәріханадан босатылу шарттары Рецептсіз

Өндіруші
 Deutsche Homöopathie-Union, DHU-Arzneimittel GmbH & Co. KG
Дойче Хомеопати-Унион, ДХУ-Арцнаймиттель ГмбХ & Ко. КГ
Германия, 76227 Карлсруэ, Оттоштрассе 24.
Тел. +49 / 721 / 4093 236

Өзге нұсқаулар болмаған жағдайда Тонзилотрен мынадай тәсілмен қолданылады:

Жіті тонзиллит кезінде: 6 жастан 12 жасқа дейінгі балалар бірінші 1-2 күннің ішінде жағдай жақсарғанға дейін әрбір екі сағат сайын 1 таблеткадан қабылдайды (бірақ күніне 8 таблеткадан астам емес­­); бұдан кейін олар 1 таблеткадан күніне 3 рет қабылдайды.   

Ересектер мен жасы 12-ден асқан балалар бірінші 1-2 күннің ішінде жағдай жақсарғанға дейін әр сағат сайын 1 таблеткадан қабылдайды (бірақ күніне 12 таблеткадан астам емес­­); бұдан кейін олар 1-2 таблеткадан күніне 3 рет қабылдайды.    .

Емдеу курсы шамамен 10 күнді құрайды. 

Жіті жағдай сақталған немесе емдеудің алғашқы 3 күнінің ішінде жағдай нашарлаған кезде препаратты қабылдауды тоқтатып, дәрігерден кеңес алған жөн.  

Созылмалы  тонзиллит кезінде: 6 жастан 12 жасқа дейінгі балалар 1 таблеткадан күніне 3 рет, ал ересектер мен жасы 12-ден асқан балаларға  1-2 таблеткадан күніне 3 рет, ал жасы 12-ге дейінгі балалар 1-2 таблеткадан күніне 3 рет қабылдайды. Емді 6-8 апта бойы жалғастырған жөн. Созылмалы қайталанбалы тонзиллит кезінде жыл сайын әрқайсысының ұзақтығы 6-8 апта бірнеше емдеу циклын өткізіп отырған жөн (дәрігер кеңесінен кейін). 

Таблеткаларды ауызда еріте отырып, тамақтан жарты сағат бұрын немесе тамақтанғаннан соң жарты сағаттан кейін қабылдаған жөн.  

Препараттың құрамында сахароза бар, сондықтан қант диабетіне шалдыққан және қандай да бір қанттарды көтере алмайтын науқастарға Тонзилотренді қабылдай бастаудың алдында дәрігерден кеңес алу қажет.

Гомеопатиялық дәрілік заттарды қабылдау кезінде ауру симптомдарының өткінші күшеюі ықтимал (жағдайдың бастапқыда нашарлауы); мұндай жағдайда препаратты қабылдауды тоқтатып, дәрігерден кеңес алу керек. 

Педиатрияда қолданылауы
Тонзилотренді жасы 6-ға дейінгі балаларды емдеу үшін қолданбау керек.   

Жүктілік және лактация кезеңі
Барлық өзге фармацевтикалық препараттарға қатысты жағдайдағыдай, Тонзилотренді жүктілік және лактация кезеңінде қабылдау күтілетін пайдалы әсер мен ықтимал тәуекел арасындағы оң арақатыста ғана мүмкін.    

Көлік құралын немесе қауіптілігі әлеуетті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері  
Әсер етпейді.      

0

Сұрақ қою

To prevent automated spam submissions leave this field empty.