Пресс-орталық

Саяхат Sales champion’s 2016

30.12.2016

Alpen Pharma Group sales-чемпиондарының Франция мен Германияның әсем қалаларына жарқын, таңғажайып әрі маңызды әсерлерге толы саяхаты 2016 жылдың 5 желтосқанынан 8-желтоқсаны аралығында өтті. Баден-Баденнің танымал әрі үздік термдері, Германияның Баден-Вюртемберг федералды жеріндегі Руст қаласының ірі «Europa Park» ойын-сауық саябағы аттракциондарының тартымды рухы, «Löwenbräu» мейрамханасындағы шошқа сирағы және шұжықпен берілген есте қаларлық сыра, Рейн өзені бойымен Страсбургке аялдай отырып кемемен жасаған саяхат, Лаутербург қаласындағы «Alte Mühle» француз мейрамханасындағы таңдаулы кешкі ас және басқа да көптеген оқиғалар қуаныш калейдоскопының құбылмалылығында саяхаттаушыларды үйіріп әкетті. Сонымен қатар мұның барлығы, мықты энергия және қанаттандыратын шабытпен толықтыратын қылқанның, даршын мен цитрустардың хош иістендіруші рождестволық хош иісімен қабаттасып отырды. Осы таңғажайып үш күн Alpen Pharma Group sales-чемпиондарына жаңа күш берді, олар тағы да алдарына өршіл мақсат қоюға және бұдан да биік шыңдарды бағындыруға дайын!»