Пресс-орталық

VІ Халықаралық Конгресі

8.11.2014

2014 жылдың 7-8 қарашасында Алматы қаласында Қазақстан репродуктивті медицина ассоциациясының «Бедеулікті емдеудің қазіргі заманғы тәсілдері. Қосалқы репродуктивті технология: қазіргісі мен болашағы» атты VІ Халықаралық Конгресі өтті. Конференцияны ҚР Денсаулық сақтау министрілігінің қолдауымен Қазақстан репродуктивті медицина ассоциациясы ұйымдастырды. Сонымен қатар Қазақстандағы Альпен Фарма компаниясының өкілдігі де бұл іс-шараға демеуші ретінде қатысты. Екі күн ішінде конгресске 700-ден астам тыңдаушы қатысып, 60 ғылыми баяндама жасалды, оның ішінде 42 баяндаманы алыс және жақын шет мемлекеттерден (Россия, Украина, Белоруссия, Израиль, Германия, Ұлыбритания, Дания және т.б.) келген қонақтар ұсынды. Альпен Фарма компаниясынан бұл конференцияға Беларусь дипломнан кейінгі білім беру медициналық академиясының Акушерлік және гинекология кафедрасының доценті, Беларусь Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (Беларуссия, Минск қ.) штаттан тыс бас балалар гинекологі, медицина ғылымдарының кандидаты Кудина Оксана Леонидовна шакырылып, «Сауықтырудың гинекологиялық тәжірибедегі қазіргі заманғы тәсілдері» тақырыбында баяндама жасады.