Пресс-орталық

2014 жылдың 18 сәуірінде Альпен Фарма конференция өткізді

18.04.2014

2014 жылдың 18 сәуірінде  Алматы қаласында Альпен Фарма компаниясының өкілдігі ерлер денсаулығы мәселелеріне арналған конференция өткізді. Бұл іс-шара «HolidayInn» қонақ-үйінің конференц-залында өтті. Конференцияға Алматы, Астана және Қарағанды қалаларынан келген 60-тан астам уролог және андролог дәрігерлер қатысты. Конференцияда «Dr.GustavKlein» (Германия) зауытының директоры Ансгар Мюлле мырза баяндама жасап, қатысушыларды зауыт тарихымен, оның өнімдерімен және өндірістің кейбір ерекшеліктерімен таныстырды. П.Л.Шупик атындағы Дипломнан кейінгі білім беру Ұлттық медициналық академиясының (Украина, Киев қ.) урология кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы Гурженко Юрий Николаевич «І-ІІ сатылы еркек безінің қатерсіз гиперплазиясының қазіргі заманғы фитотерапиясы» және «Еркектің жыныс мүшелеріндегі созылмалы қабыну ауруларын емдеуде поликомпонентті фитопрепараттарды қолдану тәжірибесі» тақырыптарында екі баяндама жасады. Сонымен қатар осы конференцияда Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру университетінің (АМДБЖУ) (Қазақстан, Алматы) урология, андрология және сексопатология кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы Хусаинов Тамерлан Еркінұлының «Еркек безіне ота жасағаннан кейін емделушілерді емдеу тәсілін оңтайландыру» тақырыбындағы баяндамасы да тыңдалды.