Пресс-орталық

Балалардың жоғарғы тыныс алу жолдары ауруларының өзекті проблемалары

28.02.2019

2019 жылғы 14 және 15 ақпанда Алматы және Астана қалаларында, Альпен Фарма АГ компаниясының қолдауымен,  «Тыныс алу органдары ауруларының өзекті проблемалары» конференциялар сериясы болып өтті, оларға түрлі мамандықтардың 200-ден астам докторлары қатысты: педиатрлар, жалпы практика дәрігерлері, отоларингологтар.

 

М.ғ.д, профессор, РФ Президентінің ІБ Бас медициналық басқармасының бас педиатры, РФ Президенті ІБ Бас медициналық басқармасының бас педиатры, РФ Президенті ІБ Балалар медициналық орталығының ғылыми басшысы, поликлиникалық және жедел педиатрия кафедрасының меңгерушісі Борис Моисеевич Блохиннің сөз сөйлеуі қатысушылар үшін үлкен оқиға болды.

 

«Балалардың жоғарғы тыныс алу жолдары ауруларының өзекті проблемалары» атты баяндамасында профессор Блохин балаларда болатын риносинуситтерді емдеу үшін Циннабсин препаратын ойдағыдай қолдану тәжірибесімен бөлісті. «ЖРВИ және алуан түрлі жөтел» баяндамасында ол Проспан препаратын пайдаланудың артықшылықтары туралы әңгімелеп берді. Тұсаукесер рәсімі дәрігерлерге сауалнама жүргізу, аудио және бейне материалдарды көрсету арқылы, интерактивті форматта өткізілді.

Конференция барысында Қатысушылар көптеген жаңа, қызықты білімге ие болды, олардың кәсіби қызмет барысында ойдағыдай қолданылуы сөзсіз.

 

Альпен Фарма АГ. Барлығы денсаулық үшін!