Кейбір кілт сөздерді енгізіңіз.
Моноконференция Альпен Фарма
2014 жыллдың 4-7 ақпанында Қазақстанның үш қаласында, атап айтқанда Алматы, Шымкент және Астана қалаларында «Дәлелді медицина тұрғысынан тыныс алу жолдары аурулары терапиясының қазіргі заманғы тәсілдері» тақырыбында халықаралық деңгейде 3 моноконференция өтті. Конференция терапевт, педиатр, ЛОР және жалпы тәжірибе дәрігерлеріне арнап ұйымдастырылған. Конференцияға жалпы алғанда 600-ден астам дәрігер қатысты. Бұл іс-шараны ұйымдастырушы «Альпен Фарма АГ» компаниясы болып табылады. Конференция бағдарламасындағы баяндама тақырыптары төмендегідей болды:
- «Денсаулыққа арналған инновациялық технологиялар». Маркус Ковик, экспорт жетекшісі, Engelhard Arzneimittel GmbH;
- «Аллергиялық және аллергиялық емесе жөтел: емдеу жүргізу механизмдері». Розенсон Рафаил Иосифович. м.ғ.д., профессор
- «ЛОР органдары қабынбалы ауруларының оңтайлы фармакотерапиясы», Безшапочный Сергей Борисович, Халықаралық отоларингология академиясының академигі, м.ғ.д., профессор, отоларингология кафедрасы, Украина медициналық-стоматологиялық академиясы, Украина
- «Балалардағы жедел бронхиттің оңтайлы терапиясының қағидаттары» М.ғ.д., профессор, Черновцы қаласы (Украина) ММУ балалар жұқпалы аурулары педиатрия кафедрасының меңгерушісі Колоскова Елена Константиновна





