Пресс-орталық

ISIAN & IRS 2024 конгресіндегі Alpen Pharma симпозиумы

10.05.2024

42-ші ISIAN және 24-ші IRS (ISIAN & IRS 2024), 4–6 сәуір 2024 ж., Токио, Жапония.

2024 жылғы 4 сәуірден 6 сәуірге дейін Токиода, Жапония, ISIAN & IRS 2024 конгресі өтті.

Alpen Pharma Group осы екі дәстүрлі беделді конгреске қатысу және ғылыми серіктестік пен ЛОР-қауымдастығы арасында негізгі пікір көшбасшыларымен ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндігін алды.

ISIAN & IRS 2024 әртүрлі елдерден осы саланың 900-ден астам жетекші және беделді өкілдерін жинады.

Токиодағы конгресте біз маңызды оқиға – Alpen Pharma симпозиумын ұйымдастырдық, ол 5 сәуірде болды, мұнда біз Циннабсиннің риносинуситтің емделуін табиғи қолдау құралы ретінде ерекшеліктерін, мүмкіндіктерін және тиімділігі мен қауіпсіздігінің ғылыми дәлелдемелерін ұсындық.

Симпозиум тақырыбы мынадай болды: Синоназалды инфекциялар мен қабынулардан табиғи емдейтін табиғи құралдар симптомдардың тез жеңілдеуін және ұзақ уақыт емделудің оңтайландырылуын тиімді қамтамасыз ету.

Біз бүкіл дүние жүзіне әйгілі және танымал мынадай лекторлармен және модераторлармен кездесу құрметіне ие болдық:

Доктор Мартин Дерозье, медицина ғылымдарының докторы, FRCSC, қуыс жөніндегі хирург, Монреаль университетінің ауруханасы, клиникалық профессор, Монреаль Университеті, клиникалық зерттеуші, CRCHUM: «Тірі қуыс зертханасы».

Проф. Вичева –ERS президенті 2023-2025 жж., кафедра оториноларингология кафедрасы, Пловдив Медициналық университеті, Болгария; ЛОР-клиника, «Каспела» Университет ауруханасы, Пловдив, Болгария

Доктор Каваучи – Хидеюки Каваучи, медицина ғылымдарының докторы. Симанэ Университетінің медициналық факультеті микробиология кафедрасы, Жапония

Модераторлар:

Профессор Валери Лунд – Дама Валери Джоан Лунд, DBE, MS FRCS, британ хирургы және Лондон Университеттік колледжінің ринология құрметті профессоры, 2024 жылғы жаңажылдық марапаттау салтанатында CBE-ден DBE-ге дейін көтермелеу алған.

Доктор Роберт Керн – отоларингология бөлімшесінің меңгерушісі – бас пен мойын хирургиясы.

Джордж А. Сиссон, медицина ғылымдарының докторы, отоларингология профессоры – бас пен мойын хирургиясы және медицина (аллергия және иммунология).

Cимпозиум модераторлары мен қатысушылары өздері естіген барлық ғылыми деректерге қанағаттанушылық білдірді және мұндай семинар Циннабсинге байланысты әрі қарай зерттеулер мен жарияланымдар үшін пікірталастармен, біліммен, жетістіктермен және идеялармен бөлісуге арналған, сондай-ақ риносинуситтерді кешенді емдеу кезінде оны толыққанды пайдалану үшін тиісті ортаны қалыптастырады деген қорытындыға келді.

ISIAN & IRS 2024 конгрессі кезінде Alpen Pharma Group компаниясы көрме кеңістігіне де қатысты, өйткені оның көрмелік стенді өте әдемі және тартымды сыртқы түрімен, кәсіби ғылыми материалдармен, бйнетаныстырумен және тамаша сыйлықтармен ерекшеленді.

Бұл конгресс біз үшін құнды және өнеге аларлық тәжірибе болды және біз компанияның болашақ дамуы мен оның өнімдері үшін көптеген мүмкіндіктер ашатынына сенімдіміз.