Әрекет ететін зат (белсенді субстанция) ретінде Салофальк жаралы колит және Крон ауруы сияқты ішектің қабыну аурулары терапиясының алтын стандарты болып табылатын месалазиннен тұрады. Месалазин ФНО-α (TNF-α) және интерлейкин 1 сияқты факторлардың делдалдылығы кезінде іске асырылатын қабынуға қарсы әрекетке ие, және сульфасалазинге тән кері әрекеттерінің жоқ болуына байланысты адам оны жақсы көтереді. Месалазиннің әлемдегі ең алғашқы препараты (1984 ж.) Салофальк болды, оны бүгінде 60-тан аса елдерде белсенді түрде пайдаланады1.
Салофальктың барлық түрлері топикалық әрекет етеді, асқазан-ішек жолдарының зақымдалмаған бөлімдеріндегі әрекет етуші заттың минималды жоғалуымен қабыну орнында месалазиннің жоғары концентрациясын тікелей қамтамасыз етеді. Месалазиннің зақымдалған жердегі жоғары, терапевтикалық тиімді жергілікті концентрациясы мен месалазиннің қан плазмасындағы төменгі деңгейінің арасындағы жақсы қатынасы төменгі жүйелік тиімділікке кепілдік береді және Салофалькті ішектің қабыну ауруларын емдеу үшін адам едәуір жақсы көтере алатын препарат етеді. Осының арқасында Салофалькті балалардың қолдануы да мақұлданған1. ЕССО ұсыныстарына сәйкес, 1 г суппозитарийлері түріндегі месалазин жеңіл және орташа ауырлық деңгейдегі дұрыс терапия болып табылады.
Салофальк суппозитарийлерін пайдалану белсенді жаралы проктатиті бар 91% пациенттерде ремиссияға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Жаралы колитті емдегенде 79% пациенттерде клиникалық ремиссияға қол жеткізуге ықпал етеді, ал қол жеткізілген ремиссия 75% пациенттерде 1 жыл бойы сақталады4,5.
Салофальктың шығарылымы мен мөлшерлемесі әр түрлі түрлерде берілген, ол әр клиникалық жағдайға жекелеп қарауға мүмкіндік береді.
Салофальк – месалазин жаралы колитті тиімді емдеуге, оның рецидивтерінің профилакткасына арналған және әрбір клиникалық жағдай үшін мөлшерлеме мен шығару түрін таңдау мүмкіндігіне ие.
1. Салофальк в клинической практике – Freiburg: Dr. Falk Pharma GmbH, 2009.
2. Harbord М. et al. Third european evidence-based consensus on diagnosis and management of ulcerative colitis. Part 2: current management. Journal of Crohn’s and Colitis, 2017, 769–784.
3. Аndus T. et al. Clinical trial: a novel high-dose 1g mesalamine suppository (Salofalk) once daily is as efficacious as a 500-mg suppository thrice daily in active ulcerative proctitis. Inflamm Bowel Dis. 2010 Nov;16(11):1947-56.
4. Lichtenstein G.R. et al. Clinical trial: once-daily mesalamine granules for maintenance of remission of ulcerative colitis – a 6-month placebo-controlled trial. Aliment Pharmacol Ther 2010; 32: 990–999.
5. Kruis W. et al. Randomised clinical trial: a comparative dose-finding study of three arms of dual release mesalazine for maintaining remission in ulcerative colitis. Aliment Pharmacol Ther 2011; 33: 313–322.