Назар аударыңыз!
Сайттың бұл бөлімінде жарнама жасау заңнамасында қарастырылмаған дәрі-дәрмектер туралы ақпарат сақталған. Бұл бөлімдегі ақпараттар танысу үшін берілген, тек ғылыми-ақпараттық сипатта ғана жазылған және көптеген адамдар үшін жарнамалық сипаттағы ақпарат ретінде қабылданбауы тиіс. Қүшіне енген Заңына сәйкес, бұл ақпараттарды алуға медицина және фармацевтика саласының қызметкерлеріне ғана рұқсат етіледі. Сіз медицина немесе фармацевтика саласының қызметкері екендігіңізді растауыңызды өтінеміз.

Иммунокинд (Immunokind)

Балалық шақта иммундық жүйенің дұрыс қалыптасуы – сау болашақтың кепілі. Иммундық жүйені нығату қажет және оның дұрыс дамуына көмектесу керек. Әсіресе бұл жетілу сатысында болатын бала иммунитетіне қатысты. Ал иммунитет әлсіздігінің белгілері: бала тұмаумен, тонзиллитпен, құлақтың қабынуымен, бронхитпен, гайморитпен жиі ауырса және жазылуы баяу болса тез арада шаралар қолданған жөн. Қолмен қоректендіруге ерте кезден ауысқан немесе экологиясы нашар территорияда тұратын балалардың да иммунитеті әлсіз болады. Бұл жағдайда не істеген жөн?

Иммунокинд* – өзінің мұқият жинақталған құрамының арқасында омыраудағы және кіші жастағы балалардың иммундық жүйесіне жетілудің қажетті сатыларын уақытыл өтуге көмектесетін, тұмау ауруларын жиі шақыртатын инфекциялармен күресуде ағзаның қорғаныс күштерін нығайтатын, тұмау аурулары кезінде тез жазылып кетуге және олардан кейін тез өз өзіне келуге көмектесетін табиғи кешенді неміс препараты. Иммунокинд туылғаннан бастап балаларға қолдануға рұқсат етілген. Препаратты қабылдау курсы 1,5­2 айды құрайды.

Толығырақ білгіңіз келеді ме? Онда Сізге «Менің балам – денсаулық туралы қамқорлықпен» www.rebenok.co.ua сайты көмектеседі.

Иммунокинд – омыраудағы және кіші жастағы балаларда иммунитетті қалыптастыру және нығайту негізі!

Иммунокинд таблеткалар No150: өндіруші DHU Arzneimittel GmbH & Co. KG (Германия), 30.12.2016 ​жылғы р. с. РК-ЛС-5№022628

*Кәсіби қызметте қолдану үшін медицина және фармация мамандарына арналған ақпарат. Қолданар алдында нұсқаулықпен танысыңыз. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Саудалық атауы
Иммунокинд
Immunokind®

Халықаралық патенттелмеген атауы   
Жоқ

Дәрілік түрі
Гомеопатиялық таблеткалар

Құрамы
Бір таблетканың құрамында (100 мг)
белсенді заттар:         
Calcium carbonicum Hahnemanni D6  20,00 мг                                               
Calcium fluoratum D6   20,00 мг
                                     
Calcium phosphoricum D6   20,00 мг
                                     
Sulfur jodatum D12   20,00 мг,

қосымша заттар: микрокристалдық целлюлоза, тальк, магний стеараты.

Сипаттамасы
Ақ түсті, жүзі бар жалпақ цилиндр пішінді таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы
Өзге иммуностимуляторлар. АТЖ коды  L03AX

Фармакологиялық қасиеттері   
Иммунокинд ағзаның қорғайтын күштерін ынталандыратын құрал ретінде өзін жақсы көрсеткен кешенді гомеопатиялық препарат болып табылады. Препараттың белсенді ингредиенттері салқын тигеннен болатын аурулар секілді қайталанып отыратын жұқпалы аурулар, тонзиллит, отит және бронхит кезінде, сондай-ақ аурудан баяу жазылған кезде тиімді.       

Қолданылуы

  • тыныс алу жолдарының жіті инфекцияларына жиі және қайта-қайта шалдығатын емшек еметін және жасы кіші балалардың иммун жүйесін қолдау     

Жағымсыз әсерлері

  • препарат компоненттерінің біреуіне аллергиялық реакция

Егер Иммунокинд препаратын қабылдағаннан кейін сәбиіңізде жағымсыз әсер нышандарының пайда болғанын байқасаңыз, бұл туралы дәрігеріңізге немесе фармацевтіңізге хабарлаңыз.   

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттерінің біріне жоғары сезімталдық
  • галактоза көтерілімділігінің сирек кездесетін мирастық бұзылулары 
  • лапландықтардың (саамдардың) лактаза жеткіліксіздігі немесе  глюкозо-галактоздық мальабсорбция

Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Егер сәбиңіз басқа дәрілік заттарды қабылдап жатқан болса немесе жуықта қабылдаған болса, бұл туралы дәрігеріңізге немесе фармацевтіңізге хабарлаңыз. Бұл сондай-ақ рецептсіз сатып алуға болатын медикаменттерге де қатысты болып табылады.      

Артық дозалануы
Анықталмаған
Артық дозалану жағдайында симптоматикалық ем қолданылады.  

Шығарылу түрі және қаптамасы
Шыны сауыттағы 150 дана таблетка медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.  

Сақтау шарттары
25 °С-дан аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі 5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолданбау керек.  

Дәріханадан босатылу шарттары Рецептсіз

Өндіруші
Дойче Хомеопати-Унион, ДХУ-Арцнаймиттель ГмбХ & Ко. КГ
Оттоштрассе 24, 76227 Карлсруэ, Германия
Тел. +49 / 721 / 4093 236

 

Өзге нұсқаулар болмаған жағдайда Иммунокинд мынадай тәсілмен қолданылады:  

0-ден 6 жасқа дейінгі балалар: 1 таблеткадан күніне 3 рет.   

Таблеткаларды ауызда еріте отырып, тамақтан жарты сағат бұрын немесе тамақтанғаннан соң жарты сағаттан кейін қабылдаған жөн. Емшек еметін балаларды емдеген кезде таблеткаларды шамамен 20 мл (2 ас қасық) қайнатылып салқындатылған суда ерітуге болады.     

Егер сәбиіңіздің Иммунокиндке әлсіз әсер білдіретінін немесе онымен болып жатқан жағымсыз құбылыстарды байқаған болсаңыз, дәрігеріңізден кеңес алыңыз.     

Препараттың құрамында лактоза бар, сондықтан оны жағымсыз әсерлер бөлімінде аталған науқастарға тағайындамау керек.   

Жағдай жақсармаған, жай-күй анықсыз немесе жаңа симптомдар пайда болған кезде дәрігерге жүгініңіз, өйткені дәрігердің көмегін талап ететін ауру орын алуы мүмкін.  

Иммунокиндті дәрігердің алдын ала кеңесінсіз ұзақ уақыт бойы қабылдамау керек.

0

Сұрақ қою

To prevent automated spam submissions leave this field empty.