Иммунокинд – респираторлық инфекцияларды емдеуді жеделдету және профилактикасы үшін арналған табиғи кешенді неміс препараты, оның әсері оның құрамына кіретін, мұқият іріктеліп алынған табиғи құрамдас бөліктеріне байланысты.
Балалық шақта иммундық жүйені дұрыс қалыптастыру – салауытты болашақ кепілі.
Нәрестенің иммунитеті үшін бірнеше даму кезеңдері тән (даму кризистері деп аталатын), осы кезеңдерде балалар жиі ауырады. Бұл ретте, алғашқы 2 кризис 3 жасқа дейін, нәресте отбасында болған кезеңге келеді. Бала-бақшаға барудың басталуы әдетте вирустармен және бактериялармен байланыстар санының күрт ұлғаюы есебінен иммунитет дамуының жаңа кезеңімен тұспа-тұс келуі мүмкін.
Статистика бойынша емханаға жүгінушілердің 90% жуығы – бұл асқынған респираторлық ауруларды емдеу себебі бойынша өтініштер. Ал балалар арасында анағұрлым жиі пациенттер – бұл 6 айдан бастап 6 жасқа дейінгі балалар. Балалардың 50%-да ауру жиілігі көбейіп кететіні соншалықты, оларды дәрігерлер жиі ауыратын балалар тобына жатқызады.
Әрбір 1-2 айда қайталанатын суық тиюлер иммунитеттің дисбалансына әкеп соғады және 5-6 жасқа қарай ЛОР-органдарының созылмалы ауруларының даму факторларына айналуы мүмкін.
Иммунокинд – балалардың иммунды жүйесіне уақтылы қажетті даму кезеңдерінен өтуге көмектеседі, жиі суық тию ауруларынан туындайтын инфекциямен күресу кезінде ағзаның қорғаныш күштерін күшейтеді, суық тию аурулары кезінде сауығуға және олардан кейін қалпына келуге ықпал етеді. Иммунокинд иммуномодуляторларға немесе иммуностимуляторларға жатпайды, 0-ден 6 жасқа дейінгі балалардың қолдануына рұқсат етілген. Препаратты қабылдаудың орташа курсы 6 – 8 апта құрайды.