Баласын жақсы көретін ата-аналар үшін нәрестеде бірінші тістің пайда болуы – әрқашан мереке. Бірінші тістердің пайда болу мерзімі мүлдем әртүрлі болуы мүмкін. Кейбір нәрестелерде тіс ерте шығады, тіпті 3 айдан бастап, басқаларындан керісінше, кешірек 1 жасқа қарай. Орташа алғанда, тістің шығуы 4–7 айда басталады. Алғашқы тістермен ең жақын кездесудің ең басты белгілері сілікейдің көп бөлінуі, нәрестенің қызыл иектерінің ісінуі және қышуы болуы табылады. Дәл осы кезеңде нәрестелер ерекше қыңыр болады және өздеріне көп назар аударуды талап етеді. Тістің шығу үдерісі нашар ұйықтау, тамақтан бас тарту, дене температурасының көтерілуі, диарея қиындатуы мүмкін. Нәрестеге алғашқы тістерін қуанышпен қарсы алу үшін қалай көмектесуге болады?
Дентокинд – неміс табиғи кешенді препараты, ол 0-ден 6 жасқа дейінгі балаларда тіс шығу үдерісін жеңілдету үшін арнайы жасалған. Бұл препараттың артықшылығы оның жүйелі түрде әсер етуінде және қызыл иектің ауыруы, сілекейдің көп ағуы, қышу, ісіну, қабыну және құлаққа берілетін ауру, диарея, дененің жоғары температурасы, «ішек шаншулары» сияқты барлық тіс шығу симптомдарын дерлік жоюға қабілетті. Кешенді әсері жергілікті жерге (қызыл иекке) ғана әсер ететін және жұту кезінде сілекеймен тез шайылып кететін гельдерден және жақпалардан Дентокиндті тиімді ерекшелендіреді.
Дентокинд таблеткасын нәрестелерге берер алдында бір шай қасық суға еріту ұсынылады.