Дормикинд – 0-ден 6-жасқа дейінгі балаларда ұйқының бұзылуын түзету үшін арнайы жасалған.
Ұйқы – денсаулықтың маңызды құрамдас бөлігі және ол балалар үшін ерекше маңызды. Ұйқы кезінде нәрестелер өседі, демалады және әлеммен танысу үшін энергия жинайды. Ұйқының ұзақтығы мен сапасы нәрестенің жасына, қал-жағдайына және эмоционалдық жай-күйіне байланысты болады. Статистика бойынша, нәрестелерде ұйқының бұзылуы – көптеген ата-аналар үшін проблема. Егер нәресте ұзақ уақыт ұйықтамаса, күндіз мазасыз ұйықтаса, түнде жиі оянатын болса, онда мұндай жағдайды Дормикинд*препараты жеңе алады.
Дормикинд – табиғи кешенді неміс препараты, ол өзінің мұқият іріктеліп алынған құрамының арқасында нәрестелердің қалыпты ұйқы режиміне оралуына жақсы көмектеседі, шамадан артық ашушаңдықты және мазасыздықты жоюға көмектеседі, ұйқы құрылымын қалпына келтіреді. Дормикиндтің табиғи құрамдас бөліктерден тұратыны маңызды, ұйықтататын немесе седативті құрал болып табылмайды, демек, сылбырлықты және ұйқышылдықты тудырмайды. Дормикинд туған сәттен бастап қолдануға рұқсат етілген. Дормикинд таблеткаларын нәрестелерге берер алдында бір шай қасық суға еріту ұсынылады.