Киндинорм Н (Kindinorm N)

Балаларда зейін қоюдың бұзылу себептері қатты шаршау да, сонымен қатар табиғатынан болатын шамадан тыс белсенділік те болуы мүмкін. Егер нәресте үздіксіз қозғалатын болса, бір орнында ұзақ отыра алмаса, көп сөйлесе, басқаларды аяғына дейін тыңдамай, сөзді бөлетін болса, әңгімеге араласатын болса, орындап жатқан тапсырмадан бөгде тітіркендіргіштерге оңай көңіл аударатын болса, оған айтылған сөзді тыңдамаса, «аспанда қалықтап жүрсе», сыныпта/үйде тапсырмаларды орындаған кезде көп кездейсоқ қателіктер жасаса, ұсақ-түйектер туралы алаңсыз ойлана алмаса, салдары туралы еш ойланбастан, көбінесе ырықсыз түрде әрекет етсе, өзінің мінез-құлқымен отбасында, балабақшада, мектепте проблемалар жасаса, құрдастарымен жиі-жиі жанжалды жағдайлар тудырса, онда әңгіме нақты осы табиғи ерекшелік туралы болуы әбден мүмкін. Не істеу керек?

Сіздің балаңыздың анағұрлым жинақы және зейінді болуына, зейін қоюды арттыруына, оқуға деген қабілетін жақсартуға, шамадан тыс белсенділігін азайтуға табиғи кешенді неміс препараты Киндинорм Н көмектесе алады.

Киндинорм Н өз құрамының арқасында оқуға деген қабілетті жақсартады, зейін қоюды арттырады, жоғары белсенділік пен ырықсыздықты азайтады, нәрестенің жаңа ортаға бейімделуін жеңілдетеді, балалардың 1 жастан бастап қолдануына рұқсат етілген. Киндинорм Н препаратында табиғи құрамның болуы, психотропты құралдар (нейролептиктер, тыныштандыратын құралдар) болып табылмауы, демек оларға тән жанама әсерлер тигізбеуі өте маңызды.

Препараттың белсенді ингредиенттері зейін қоюдың бұзылуы, жоғары қозғыштық, бір орнында отыра алмау, оқудағы қиыншылықтар, ұйқының бұзылуы, жалпы әлсіздік жағдайы сияқты тұрпаты симптомдарды тиімді түрде азайтады.

Сонымен қатар, препарат нәрестенің психикалық жай-күйіне тыныштандыру және тұрақтандыру әсерін тигізеді, жоғары белсенділік синдромын түзетуге ықпал етеді.