Трахисан (Trachisan)

Трахисан – ауыз қуысы мен жұтқыншақтың қабыну және инфекциялық ауруларын тиімді емдеуге арналған аралас, 3 құрамдас бөлікті препарат, бактерияларға қарсы белсенділіктің кең спектріне және тез анальгетикалық (ауырсынуды басу) әсерге ие, үлкендерге де, 6 жасқа толған балаларға да қолдануға рұқсат берілген.

БАКТЕРИЯЛАРҒА ҚАРСЫ ҚАСИЕТІ

Трахисан құрамындағы тиротрициннің арқасында, ауыз қуысы мен жұтқыншақтың инфекциялық-қабыну ауруларын тудыратын бактерияларды бейтараптандырады. Тиротрицин – топикалық (жергілікті) антибиотик, бактерияларға қарсы белсенділіктің кең спектріне ие. Ол қанға сіңбейді және бүкіл ағзаға теріс жүйелі әсер етпейді, ерекше әсер ету механизмінің есебінен микроорганизмдердің тиротрицинге дағдылануы (төзімділік) дамымайды.

АНТИСЕПТИКАЛЫҚ ҚАСИЕТІ

Трахисан  хлоргексидин антисептигінің арқасында, тамақтағы қабынуды алады. Хлоргексидин – грамон, грамтеріс бактериялар мен саңырауқұлақтарға қатысты микробтарға қарсы кең әсер ету спектрі бар антисептик. Тиротрицин мен хлоргексидиннің үйлесімі препараттың ауру тудырушы микроорганизмдерге әсер ету спектрін едәуір кеңейтеді.

АУЫРСЫНУДЫ БАСАТЫН ҚАСИЕТІ

Трахисан лидокаинның есебінен тамақтағы ауруды басады. Лидокаин – анағұрлым кеңінен пайдаланылатын және қауіпсіз жергілікті анестетиктердің бірі, ол қабынған жерге ғана әсер етеді және ауру мен тамақтағы жағымсыз сезінулерді тез жоюға көмектеседі.

Белсенді құрамдас бөліктер үйлесімдігінің есебінен, Трахисан  3 бағытта әсер етеді: антибактериалдық және антисептикалық әсер ету есебінен, ауыз қуысы мен өңештің қабынуына және инфекциялық ауруларының негізгі қоздырғыштарына әсер етеді және лидокаинның арқасында тез ауырсынуды басу әсерін көрсетеді.